§22. ХХ ғасырдағы Қазақстандағы
атеизм саясаты
Коммунизм идеологиясы және сол кездегі
діни ахуал туралы не білесіңдер?
XX ға сыр да ғы Қа зақ стан да ғы атеизм.
КСРО құрылған кезден бастап
атеистік саясатты идеологиялық бағдар ретінде қолданып, кез келген діни
сенімге қарсы іс-шараларын жүзеге асырды. КСРО-ның бүкіл аумағында
«Құдайсыздар қоғамы», «Қосшы», «Қызыл отау» ұйымдары белсенді әре-
кетке көшті. «Ғылыми атеизм» жоғары оқу орындарында міндетті пән-
ге айналып, жер-жерде партияның тапсырмасымен осы бағытта үздіксіз
дәрістер оқытылды.
Дін та ну әліп пе сі нен
Атеизм
– Құдайдың болмысын және жанның мәңгі өлмейтіні туралы
діни көзқарасты жоққа шығарушы көзқарастар жүйесі.
Атеист
– дінге, құдайға сенбейтін адам.
Кеңес өкіметінің дінге қарсы жүргізген репрессиялық шаралары,
негізінен, үш бағытта жүзеге асты. Оның біріншісі, барлық діни
тұлғаларды, қайраткерлерді, дінбасыларын (молда, священник
тер,
раввиндер т.б.) т.б. қуғын-сүргінге ұшырату. Екіншісі, діни оқу орын-
дары мен ғұрыптық кешендерді (мешіт, медресе, кесене, мазар, қорым,
шіркеу, синагога т.б. ғибадатханаларды) қирату, шаруашылық мақсат-
тарға пайдалану. Үшіншісі, діни-рухани мәтіндерді, кітаптар мен қол-
жазбаларды тәркілеу, өртеу. Бұл үш бағытта жүргізілген жұмыс тың
негізгі мақсаты – халықты рухани-мәдени тамырынан айыру, дәстүрлі
салт-сана мен дүниетанымды толықтай терістеп, «құдайсыздандыру»
идеясын қоғам өмірінің әр саласына ендіру. Бұл мақсатта 1929 жылдан
1947 жылға дейін «Жауыққан атеизм қоғамы» белсенді қызмет етті.
1947 жылдан бастап 1950 жылдың аяғына дейін «Ғылыми атеизм
қоғамы» бұқаралық ерікті ғылыми-ағарту әрекетін жүргізіп, атеизмді
ғылыми форматта насихаттауға басымдық берді. Дінге қарсы саясаттың
ең ауыр да зардабы мол кезеңі «Жауыққан атеистер қоғамы» қызмет
еткен жылдармен сәйкес келеді. Осы кезеңде әртүрлі заңнамалар,
қаулылар, бұйрықтар арқылы арнайы «ишандар ісі», «сопылар опера-
циясы» деген науқандар ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |