12
енді Қазақстан ӛнеркәсіптерінің 90% жуығының
жекешелендірілуіне орай
мұндай байланыс жойылып кетті.
Әлемде орын алған қаржы дағдарысының басты себебі — әлемдік
валюта АҚШ долларының шектен тыс кӛп мӛлшерде шығарылуы деп
баспасӛз беттерінде жиі жарияланатын болды [2]. Алайда, бұл дағдарыстың
себептері Елбасынының «Дағдарыстан шығу кілті» аты мақаласында нақты
әрі
тереңінен қарастырылып, оған келесідей анықтама беріледі: «Бүгінде
елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл
адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі
жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі
ӛзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны
талдауға, ой-елегінен ӛткізуге және еңсеруге
барлық ескі догмалар мен
стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша кӛзқарас қажет» [3].
Әрине, жаңаша кӛзқарастың қалыптасуына бірталай уақыттың кететіні
сӛзсіз. Алайда, мұндай игі бастаманың алғашқы қадамын Қазақстан жасап та
үлгерді деп айтуға болады. Оған 2003-2015 жж. арналған ҚР Индустриалды-
инновациялық даму Стратегиясы дәлел. Ғылыми-технологиялық саясат –
экономиканың тұрақты дамуының басты тетігі. Алайда, елде ғылыми
зерттемелерге деген сұраныстардың болмауы және осының салдары болып
табылатын ӛнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің тӛмен
деңгейі
экономиканы реформалаудағы ғылымның ролін бағаламаудан туындайды.
Шын мәнінде, ӛндіріс факторларының ӛнімділігіне тек қана ғылыми-
техникалық және инновациялық прогресс арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Қазiр
бүкiл
әлем
жұртшылығы
экономикалық
дағдарыстың
қиындықтарын бастан ӛткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт
мемлекеттердi де шайқалта бастағанын бәрiңiз кӛрiп, бiлiп отырсыздар.
Дағдарыс экономиканы да айналып ӛткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып
соғатын әр деңгейдегi дағдарыстарға бiз бұған дейiн де тӛтеп берiп келгенбiз.
Ӛткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезектi дағдарыс тұсында
тәуелсiздiгiмiз тағы бiр сынаққа түскен болатын.
Дер кезiнде қабылданған
дұрыс шешiм, ұтымды iс-қимылдың арқасында шешуге болады. Сол сияқты
қазiргi әлемдiк дағдарыс та ӛткiншi құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелiстер
кезiнде "кӛппен кӛрген ұлы той" деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бiрлiгiн бекiте
түскен. Қиындықтарды бiрлесiп жеңiп отырған.
Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда.
Ұлттық қордан бӛлiнген ауқымды қаражат қазiр отандық экономиканың
кiдiрiссiз жұмыс iстеуiне қызмет ете бастады. Әлеуметтiк кепiлдiктер
толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да бiздiң аман-есен
ӛтетiнiмiз айдай анық. Дағдарыстар ӛтедi, кетедi. Ал мемлекет тәуелсiздiгi,
ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгi қалады. Алдымызда
бiздi үлкен белес күтiп түр. Ол - Қазақстан тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығы.
Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген кӛп те емес шығар.
Бiрақ
бiз үшiн үлкен кезең тұтас бiр дәуiрмен барабар. Олай болатыны, тәуелсiздiк