Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет33/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.


Дағды:«Пациентті және медициналық құрал-саймндарды плевра қуысын тесуге(торакоцентезге,плевроцентезге)дайындау».





«Пациентті және медициналық құрал-саймндарды плевра қуысын тесуге(торакоцентезге,плевроцентезге)дайындау» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы


Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.





Қолдану көрсетілімдері: жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).





Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.





Әзірлеу: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см ине диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 йод ерітіндісін, 70 спиртті, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зертханаға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Пациентке алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.





Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.





Пациенттің денесін сәл бір қырына бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.





Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейіргер көмекші қызметін атқарады.





ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.





Болжамды тесетін жерді 5 йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.





Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.





VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады





Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді және ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.





Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.





Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.





Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз





Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.





Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз.





Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баялау үшін және талықсудың дамуын ескерту.





Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз.





Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.





Пациенттің көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалап, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.





Пациентті ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.





Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.





Алынған биологиялық материалды зерттеуге зертханаға жолдамасымен жіберіңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет