Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет34/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Ескерту:

  • плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

  • плевра сұйықтығын зертханаға апару кешіктірілуд күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;

  • ине плевра сұйықтығын қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.



Дағды: Пациентті және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) пункциясына дайындау техникасы.




«Пациентті және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) пункциясына дайындау техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін)





Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).





Әзірлеу: залалсыздандырылған: шприцтерді (5 мл, 10 мл, 20 мл) инелермен, тесуге арналған инені мандренімен, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, 70 спиртті, 5 спирттелген йод ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Пациентке алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.





Асептика ережесін қатал жағдайд сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды.





Пациентті емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңы





Пациентті оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).





Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз..





Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші пациенттің басын ұстайды





Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңі, қолғапты киіңіз.





Тесетін жердің терісін, 5 йод ерітіндісімен, сонан кейін 70 спирт ерітіндісімен тазартыңыз.





Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезия (жансыздандыру) жүргізу үшін шприцке 0,5 новокаин ерітіндісін сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренмен лотокқа салып беріңіз.





Пробиркаға 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.





Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз.





Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.





Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.





Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5 спирттелген йод ерітіндісімен өңдеңіз





Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.





Пациентті ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.





Пациентті жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.





Пациенттің хал жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз.





Қолғапты шешіңіз





Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.





Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет