Даму және жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдістемесі


Жеткiншектiк кезең психологиясы



бет11/15
Дата26.11.2023
өлшемі247 Kb.
#128206
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лекция Даму 2023

Жеткiншектiк кезең психологиясы.
Жоспары:
1. Дамудың әлеуметтік жағдайлары.
2. Физиологиялық өзгерістер.
3. Психологиялық өзгерістер мен жеткіншектік жастағы дағдарыс.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Адам дамуының осы жастағы әлеуметтік жағдайы балалық шақтан дербес және жауапты ересек өмірге өтумен ерекшеленеді. Басқа сөзбен айтқанда, жеткіншектік кезең балалық пен ересектік кезеңнің арасын қамтиды. Физиологиялық деңгейдегі өзгерістер жүреді, ересектер және құрдастарымен қатынастары өзгеше құрылады, танымдық қызығушылықтарының, ақыл-ой мен қабілеттерінің деңгейлерінің өзгерістерін бастарынан өткізеді. Рухани және физикалық дүниелері үйден сыртқы әлемге орналасады. Құрдастарымен қарым-қатынастары байсалды бола бастайды. Жеткіншектер бірлескен іс-әрекетпен айналысып, өмірлік маңызды тақырыптарды қозғайды, ал ойын болса өткен шақта қалады.
Жеткіншектік шақтың бастапқы кезеңінде үлкендерге ұқсауға деген тілек пайда болады, психологтар оны ересектік сезім деп атайды. Олар өздеріне ересектерше қарауды қажет етеді. Олардың сезімдерін бір жағынан түсінуге болады, себебі ата-аналары бұрын шек қойған әрекеттерге рұқсат береді. Мысалы, бұрын көруге болмайтын көркемфиьмдерді көрулеріне болады, қыдыруларына болады. Ата-анлары күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуге қатыстырады. Бір жағынан, жеткіншек ересектерге қойылатын талаптардың барлығына толық жауап бере алмайды, себебі олар әлі де болса тәжірибе (дербестік, жауапкершілік, өз міндетіне дұрыс қарау) жинақтай қойған жоқ.
Тағы да бір ерекше маңызды сәт – олардың отбасымен, мектеппен, құрдастарымен байланысты құндылықтарында өзгерістер жүреді. Мұның себебі рефлексия болып табылады. Ол кіші мектеп жасының соңына қарай дамып, жеткіншектік кезеңде белсенді дамуға ие болады. Ересек адамға тән қасиеттерге ие болуға кез келген жеткіншек барынша талпынады. Осының салдарынан ішкі және сыртқы қайта құрулар жүреді. Ол өз «кумиріне» еліктеумен басталады. 12-13 жастан бастап өздері үшін маңызды болып табылатын ересектердің әрекеттері мен сырт келбеттерін копировать ете бастайды.
Ер балалар үшін өздерін «нағыз еркектер» сияқты ұстайтын адамдар үлгі болады. Сондықтан 12-13 жастан бастап ер балалар өздерінің физикалық жақтарына көп көңіл бөле бастайды: спорттық секцияларға жазылады, күштерін дамытады.
Қыз балалар «нағыз әйел» сияқты жүретін әйел адамдарға: әдемі, сүйкімді, өзгелердің арасында танымалдыққа иелерге еліктейді. Олар бояуға, киімдеріне көңіл бөліп, еркелік тәсілдерін меңгереді.
Қазіргі таңда жеткіншектердің қажеттіліктерінің қалыптасуына көбінесе жарнамалар ықпал етеді. Осы жаста белгілі бір заттардың болуына көп көңіл бөлінеді: жарнамадағы затты ала отырып жеткіншек қоғамдық ортада және құрдастарының арасында құндылыққа ие болады. Осыған байланысты жарнама, теледидар, СМИ қандай да бір деңгейде жеткіншектердің қажеттіліктерін қалыптастырады деп айтуға болады.
2. Жеткіншектік шақта балалардың мінез-құлықтарын өзгертуге ұшырататын физиологиялық өзгерістер жүреді.
Бас миының қыртыстарының белсенділік кезеңі қысқарады. Нәтижесінде зейін шоғырлануы ұзақ мерзімге бармай, тұрақсыз болады.
Дифференциацияға деген қабілет нашарлайды. Бұл баяндалған материал мен мәліметті меңгерудің нашарлауына әкеледі. Сондықтан да сабақта қызықты, түсінікті материалдар айтып, көрнекі құралдар қолданған орынды. Қарым-қатынас барысында мұғалім оқушының материалды дұрыс түсінгендігіне көз жеткізіп отыру керек: сұрақ қою, қажет болса анкета, ойындар жүргізу.

1

№ 12
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет