Ерте балалық шақтың психологиялық ерекшеліктері Дәріс жоспары: 1.Сәбилік шақ
2. Сәбилік шақтағы 3 жастағы дағдарыс.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Бала психологиясы алғашқы үш жылында болатын сапалық өзгерістерге толы. Сондықтан адамның туған сәтіне өлгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы үш жасар кезен. Үш жасар бала өзін - өзі күтуге қабілетті. Айналасындағы адамдар мен өз ара қарым – қатынас жасай алады. Сөздік формаларымен ғана емес мінез-құлықтын қарапайым формаларында (жылау, күлу, ашылану) игереді. Үш жасар бала белсенді үлкендерге тәуелсіз қоршағагн ортамен заттық дүниемен қарым – қатнас жасай біледі. Мысалы: жиһаз, киім- кешек, ыдыс-аяқ т.б. заттың өмірлік маңызын түсінеді.Әр жаңа заттың неге керек екенің түсінуге тырысады. Мысалы: қасық тамақ ішуге керек, яғни сурет салу, мүсіндерді құрастыру заттық әрекеттер арқылы баланың тілі жақсы дами бастайды. Бұл кезде үлкендер түсінікті де анық сөйлеп, сөздерді дұрыс құрастыра білуге үйрету керек. Сәби үлкендердің өзіне бағытталмаған сөздер қызыға тыңдайды. Үш жасар бала белсенді сөйлеуге тырысады.
1 жасар бала 30-100 сөз біледі.
2 жасар бала 300 сөз біледі
3 жасар бала 500 сөз біледі.
Бұл кезенде бір буынды және екі буынды сөйлемдерді ажыратады. Үш жасар бала қарай септік жалғаулардыигереді. Мысалы: менің, саған, оның. Белсенді сөйлеудің қалыптасуы үш жастағы баланың психикалық даиуының жақсы керек екендігін көрсетеді. Әр түрлі жас сатыларындағы психикалық және физикалық даму ерекшеліктері Дүниеге келу бала организімі үшін үлкен өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадан, яғни ана құрсағынан ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын алуан түрлі тітіркендіргіштерге толы ауалы ортаға мүлдем жаңа жағдайға келеді. Яғни бұрынғы тірі жан дәрежесімен ақыл ойылы адам болып өсетін дүниеге келеді. Терінің қатты тітіркенуі мысалы: ине шаңшу дененің қорғаныш тартылысына, бетінің алдыңдағы бір нәрсенің қаралтуы қабағының тиюы, жарықты кенеттен кенетен көбейту көздің жұмылуына себепші болады. Бұл қорғаныш рефлексі деп атайды. Нәресте дүниеге келген алғашқы 3 күн ішінде жарық көзіне қарай басын бұрады. Бұл бағдарлау рефлексі деп атайды. Емізу, бетіне жақындату қарны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады.Бала тітіркендіргіш жақа басың бұрып ауызын ашады.Бұл бағдарлау тамақтану рефлексі деп атайды. Жаңа туған балада көптеген реакциялар пайда болады. Бірінші ему реациясы, бала ауызына салған нәрсені сора бастайды. Екінші жармасуреакциясы, алақаны бір нәрсеге тисе ұстап алады. Үшінші итету реакциясы, табанына жаннаса итереді. Жаңа туған нәрестеде әсердің көпшілігіне аяқтарымен қолдарың жөн-жозықсыз қимылдатып қоздырып жауап береді. Өмірінің алғашқы аптасында көру мен естуі жақсы жетіледі. Екі үш айға қарай бала үлкендерге көңіл аудара бастайды. Ересек адам балаға қарағанда, бала жимиып күледі. Бұны жадырау комплексі деп атайды.
Психологтардың пікірі бойынша бала алғашқы айларында өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші жан иесі деп бағалайды. Сондықтан жаңа туған баланың бөтен дүниемен кездескендегі сасқалақтап абыржуы дейді. Психолог Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр етіп жылауы оны ана организімінен бөлінген сәтте болатың қамыға жылауы дейді. Нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді үлкен адам болса организімнің қажетін қанағаттандырады, яғни шомылдырады, тамақтандырады. Үлкен адам баланы қолға алғанда нәресте мәз болып қуанады.Нәрестелік жас (0-1) үлкен адам баланың заттың дүниемен қарым- қатнасы жасауына көмектеседі. Қарым қатнас шеңберіңде сөздің алғы шарттары пайда болып яғни екі айлығында бала былдырап, уілдейді. Бір жасының аяғына қарай сөздерді түсіне бастайды.
Бір жас ішінде бала қимылдап қозғалысы дамыйды және психикалық процесстермен қасиеттерінің қалыптасуы көп болады. Бала мойының ұстаудыды, отыруды, еңбектеуді, тік тұруды бірнеше қадамжасауды үйренеді. 3-4 айлық кезінде жармасу қимылдары пайда болады. Бала өзінің қызықтырған жылтыраған затқа ұмтылады, қолын созады, ұстауға тырысады. Жармасу әрекетімен қатар затты сілкілеу, талқылдату, лақтыру, сияқты қарапайым қимылдарды дамыды. Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігі артады.Қоршаған ортаның өзгерісін бала қайталайды, Мысалы: қол шапалақтау, үлкен кісінің күлгенің қайталау. Нәрестелік шақтың соңына қарай бала үлкендердің іс - әрекетін қайталап еліктеушілік қасиетін көбейтеді. Әдие жасаған әрекеттерімен еліктеу бала ақылының күшті дамып келе жатқаның көрсетеді.