Даму және жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдістемесі


Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері



бет10/15
Дата26.11.2023
өлшемі247 Kb.
#128206
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лекция Даму 2023

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері
Жоспары:
1. Дамуларындағы әлеуметтік жағдайлар.
2. Балалардың оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері.
3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Бастауыш сынып жасына байланысты мәселелермен көптеген психологтар айналысқан: Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.И.Айдарова, Ю.А.Полуянов және т.б. Бұл жас ерекшелік әлі де толық зерттелмегендіктен ғалымдардың зейінін көбірек аударуда.
Бастауыш сынып жасындағы баланың дамуындағы әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Ең бірінші де маңызды сәт – мектептегі оқудың басталуы. Баланың шындықпен қатынасындағы барлық жүйелерінде қайта құрулар жүреді. Мектеп жасына дейінгі балада: «бала-ересек» және «бала және балалар» деген әлеуметтік қатынастың екі сферасы болса, енді «бала-ересек» деп аталатын қатынас жүйесіне өзгерістер енеді. Ол екі бөлікке бөлінеді: «бала -ата-ана» және «бала-мұғалім».
«Бала-мұғалім» жүйесі баланың ата-анасына және өзге балаларға деген қатынасын анықтай бастайды. Мұны экспериментальді түрде Б.Т.Ананьев, Л.И.Божович, И.С.Славина дәлелдеген. Осы қатынас бала үшін маңызды болып табылады, себебі бағалау жүйесі пайда болады: жақсы баға мен жақсы әрекеттер, мұндай бағалар мұғалім тарапынан болады. Баланың алатын бағасы оның құрдастары мен ата-анасы арасындағы қатынасына байланысты болады. Құрдастары кім жақсы оқыса, сол баламен дос болуға тырысады.
«Бала- мұғалім» қатынасы «бала-қоғам» қатынасына айнала бастайды. Бала оқуға келген кезде оның қоршағандарға деген қатынасы өзгереді, өмірі түбегейлі өзгереді. Ата-аналары оларды бақылай бастайды: бағаларын сұрап, оған қатысты өздерінің ойларын білдіреді, үй тапсырмасын тексереді, күн тәртібін қояды. Осыған байланысты оларды ата-аналары бұрынғыдай жақсы көрмейтіндей сезінеді. Соның нәтижесінде балада жалғыздық сезімі пайда болады.
Жаңа әлеуметтік өмір бала өмірін өзгертіп, ол үшін стрессоген ретінде әсер етеді. Әр баланың эмоциялық күйлері өзгереді, психикалық күйзеліс артады және ол баланың денсаулығы мен әрекетіне әсер етеді. Баланың жаңа жағдайларға бейімделу сипаты мен ата-анасының өзіне деген қатынасы тұлға сезімін қалыптастырады. Осылайша, кіші мектеп жасы балада жаңа статустың пайда болуымен ерекшеленеді: енді бала – оқушы әрі жауапты адам.
2. Оқу іс-әрекеті үрдісі бірқатар заңдылықтарға бағынады. Алдымен оқытушы балаларды оқу жағдайларына тартып, балармен бірге тиісті оқу әрекеттерін, тексеру мен бағалау әрекеттерін тауып, көрсетіп отыруы керек. Оқушылар да өз кезегінде оқу жағдайларының мәнін түсініп отыруы керек. өзге сөзбен айтқанда, заңдылықтың бірі мынада: бастауыш сыныптағы барлық оқыту үрдісі алғашында балаларды оқу іс-әрекетінің басты бөліктерімен кең түрде таныстыру негізінде құрылады және балалар оларды белсенді түрде іске асыруға тартылады.

1

№ 11
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет