Даму және жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдістемесі


Нәрестелiк және сәби кезеңдегi психологиялық ерекшелiктер



бет7/15
Дата26.11.2023
өлшемі247 Kb.
#128206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Нәрестелiк және сәби кезеңдегi психологиялық ерекшелiктер.


Дәрістің жоспары:
1.Жаңа туылған кезең
2.Нәрестелік шақ
3.Бір жастағы дағдарыс
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жалпы туылу баланың ары қарай дамуы үшін өте маңызды 2 негізгі дағдарыстан тұрады: ми клеткаларының қысылуы және өкпе клеткаларының қысылу дағдарысы.
Бала туа салысымен ағзаның негізгі жүйелерінің қызметін ұйымдастыратын рефлекстер (тыныс алу, қан айналым) қосылады. Бағдарланушы және тамақтану рефлекстерінен басқа туа бітетін тағы да рефлекстер пайда болады. Олар: сору, итеру. Бұл рефлекстердің бала өмірі үшін қажетті. осылардың көмегімен өмір сүрудің жаңа жағдайларына бейімделуі жүзеге асады. 1-ші күннен көру, есту мүшелері естігенімен, әлі жетілмеген көру реакциялары жақын жердегі жарықты, ал есту реакциясы қатты дыбыстарды ажыратады.
Нәрестенің негізгі қалпы жартылай ұйқы, белсенді, сергектік, айқай болады. Олар 1 күннің жартысынан көбін ұйықтайды. Алғашқы 2 айда олардың ұйқысы 17 сағат, ал 3 айда 14 сағат болып азаяды. Ал 4 айдан 6 айға дейін тек түнде ұйықтауға үйренеді.
2-3 айда ерекше эмоционалды – қозғалыс реакциясы, яғни ересектің пайда болуымен орай пайда болады. Оны тірілену комплексі деп атайды немесе жандану комплексі. Бұл оның алғашқы әлеуметтік қажеттілігі.
5-6 айда бала отырады, сосын жылжып, еңбектейді. 9-10 айда көмексіз жүруге үйреніп бастайды. 1 жылдың аяғында балалар затты белгілі-бір бағытта лақтыруды үйренеді. Туғаннан 1 жасқа дейін балалар тез өседі.
Осы нәрестелік кезеңде олар жұмсақ сары түстерге дұрыс қарайды, тіпті жылауларын қоя салуы мүмкін. Бұл олардың алғашқы түс ажыратулары. 1 айдан соң-ақ дыбыстарды ажырата алады, 4 айында нәресте анасының даусын әкесінен ажыратып таниды, ал олардың дауысын – бөтен адамның дауысынан айырады.
1 жастың соңында бала мақсатты түрде ойлайды, және алғашқы сөздерді қолданады.
2-3 айда бала тек дауысты дыбыстарды а-а-а, э-э-э деп айтады. Осы кезеңдегі сөйлеу түрін автономды сөйлеу дейміз, яғни 1 сөзбен бүкіл оқиғаны білдіреді. Мысалы, ням-ням, бай-бай.
Жылау және күлкі баланың эмоционалды күйін білдірудің негізгі 2 тәсілі. Жылаулары аштықтан, ашудан, қанағаттанбаудан болады.
Күлкі қоршаған әлемге деген бірден-бір жағымды реакцияларының бірі. 7 айда бала ересектің қандай күйде екенін (қуаныш, қорқыныш) анықтай алады.
Нәрестелік шақта жетекші әрекет түрі заттық болады. Дамудағы басты факторлар тік жүру және заттық әрекет.
Ерте балалық шақ –толық даму үшін сензитивті кезең болып табылады. Қабылдау айқын білінетін эмоционалды сипатта болады. Баланы ерекше сипаттар қызықтырады: қатты дауыс, ашық түс т.б.
3 жасқа қарай оперативті есі жүзеге аса бастайды, ал әрекеттерді есте сақтау және қайта жаңғыртуға ұзақ мерзімдік ес көмектеседі. Сондықтан да, әрбір адам өзін 3 жастан бастап біледі.
Әлемді белсенді тану практикалық әрекеттер арқылы затпен көрнекі-іс-әрекеттік ойлау негізінде жүзеге асады.
3 жастағы балада ең жиі талап етілетін және айтылатын «мен өзім», бұл осы жастағы жаңа қайта құрылуды Л.И.Божович «өзіндік» деп атады.
3 жаста дағдарыс пайда болады. Оның бірінші белгісі негативизмнің пайда болуы. Балалар негативизмін кәдімгі тыңдамаудан ажырата білу керек.
Негативизм дегеніміз – баланың айтқанды тек ересек сұрағандықтан орындағысы келмеуі. Яғни, әрекет мазмұнына реакция білдіру емес, ересектің өзінің ұсынысына қарсы болу.
3 жастағы дағдарыстың 2- белгісі – қыңырлық, яғни олар бір нәрсені талап етуді қатты қажет еткендіктен емес, себебі оны талап етіп отыр.
Дағдарыстың 3-белгісі – қырсықтық таныту. Негативизм үнемі ересекке қарсы бағытталса, ал қырсықтық тәрбие нормаларына, өмір сүру бейнесіне қарсы, яғни ерекше бір өзінше көңілі толмау болып табылады.
Қырсықтық сыртқы ортаға қарсылық пен байланысты және өз дегенінде тұру, қайтпауды білдіреді.
4-белгісі – еркінсу. Бала бәрін өзі істегісі келеді.
Бұлардан басқа дағдарыстың 3 белгісі бар. Олар қосалқы мән береді. Олар: бунт-қарсылық; құндылық және деспоттық билік.
Осы дағдарыстардың шешілуі және іс-әрекет барысында – ойында жүзеге асады. Ойын – баланың дербестікке деген талап-тілектерін қанағаттандыратын жетекші іс-әрекет түрі болып саналады.

1

№ 8
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет