Даму және жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдістемесі


Мектепке дейiнгi кезеңдегi бала психологиясы



бет9/15
Дата26.11.2023
өлшемі247 Kb.
#128206
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Лекция Даму 2023

Мектепке дейiнгi кезеңдегi бала психологиясы
Жоспары:
1. Мектепке дейінгі кезеңге сипаттама.
2. «Мектепке дайындық мәселесі».
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Мектепке дейінгі кезеңде бала тез өседі, әрі салмағы артады. Өсу қарқыны осы кезде біркелкі емес, 3 жаста тек 81 см қосады, 4 жаста 4-5 см-ге кемуі, 6 жаста – 7-8 см-ге артады, ал 7 жаста – 10 см артады. Мектепке дейінгі баланың бұлшық еті салмағы артады. Қаңқаның сүйектенуі интенсивті жүреді. Ми салмағы ересек адамның көрсеткішіне жақындайды.
Мектепке дейінгі бала дербес әрі тәуелсіз бола бастайды. Мектепке дейінгі кезең – тілдің грамматикалық қатарын меңгерудегі және лексикасының баюының жауапты кезеңі болады. Тілдің интенсивті дамуына фонетикалық ес көмектеседі. Осы кезеңде бала адамның денелік құрылымына қызыға бастайды. Жыныстық айырмашылыққа қарайды. Осы кезеңде балалар қайталай беруге құмар болады: 10 шақты рет ескі ертегіні тыңдай беруді, жаңасын тыңдаудан бас татады.
Мектепке дейінгі кезеңде балалар сюжеттік-рольдік ойынмен қатар өнімді әрекет түрін меңгере бастайды, ол да даму факторы болады. Ең маңызды әрекет – сурет салу болып саналады.
Сурет салуды меңгеру бірқатар кезеңдерден тұрады:

  1. Мәні жоқ шимақтарды салу (3 жас);

  2. Формасы жоқ бейнелерді бейнелеу;

  3. Схемалық кезең (4-5 жаста);

Шынға сай суреттер, егер адам болса, оның бөліктері майысқан болады, киімін бейнелейді;

  1. Дұрыс бейнелерді бейнелеу кезеңі

Бала сурет салғанда көргенін емес, білетінін салады. Сурет әрекеті реалистік немесе эстетикалық бағытта емес, тек мәнерлілік функцияларында орындалады.
Өнімді іс-әрекет түріне суреттен басқа құрастыру, жапсыру жатады. Құрастыру балалардың творчествалық қабілетін арттырады да, талдау, абстракция сияқты ақыл-ой амалдарын жетілдіреді.
Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлы дамуының қарқындылығымен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық дамуы 2 өзара байланысты жақты болады. Заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерімен байланыстары жайлы ұғымның болуы және қабылдаудың жаңа әрекеттерін меңгеруі болып табылады.
5 жастан бала негізгі түстерді біледі және ажырата алады, ал осы жастың аяғында түс реңктерін ажыратады. Музыканы қабылдауда, мелодияны қабылдауға, дыбыстарды жоғарылығына қарай ажырата алады.
Баланың қабылдауы өткен тәжірибеге байланысты. Мектепке дейінгі кезеңде ойлау мен сөйлеуі қарқынды дамиды. Осы кезеңде ойлау әрекетін игеру сыртқы заттық әрекеттерді интериоризациялаудың жалпы заңы арқылы жүзеге асады.
Осы кезеңде тар отбасылық қарым-қатынастардан кең шеңберге ауысады, яғни өз құрбыларымен араласуы.
Балалар күрделі сөйлемдерді, шылауларды, журнақтарды кең қолданады. Осы кезеңде эгоцентрикалық сөйлеу түрі дамиды.
4-5 жаста баланың ерікті зейіні дамиды және зейіні тұрақты, әрі жоғарылануы сипат алады.Олар объектіде назарын 10-15 минут уақыттан артық ұстай алмайды. Олар интеллектуалды маңызды қызығуға ауысады (яғни, жұмбақтар шешуге, ребус т.б. шытырмандарды шешуге құмар болып саналады).
Интеллектуалды әрекетте зейіннің тұрақтылығы 4 жасқа қарай артады. Зейіннің бөлінуі нашар, сондықтан 1 мезгілде 2 әрекетті бір мезгілде орындай алмайды.
«Баланың есі – оның қызығуы», -деді А.Р.Лурия. Мектепке дейінгі жаста еріксіз есте сақтау және еріксіз қайта жаңғырту ерекше дамиды.

1

№ 10
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет