Даму және жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдістемесі


Онтогенез (грек. онтос- тіршілік және генезис шығу тегі, пайда болу)- жеке организмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейін даму процесі Филогенез



бет2/15
Дата26.11.2023
өлшемі247 Kb.
#128206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Онтогенез (грек. онтос- тіршілік және генезис шығу тегі, пайда болу)- жеке организмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейін даму процесі
Филогенез (грек.-түр туыс және шығу тегі)-организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуыорганизмнің тарихи дамуы органикалық дүниенің әр түрлі тип, класс, отряд, туыс және түрлердің эволюциясы.Жеке дара даму – онтогенез бен тарихи даму- .филогенез тірі табиғаттың бір тұтас дамуының ажырамас қырлары болып саналады және бір-біріне өзара әсер етеді.
Даму аймағы: Даму аймағы- дамып жатқандықты көрсетеді.Даму аймаға:
- психофизикалық (адам денесінің сыртқы және ішкі өзгерістері);
- психосоциолды (эмоционалды және тұлғалық өзгерістер, «Мен» концепциясы мен өзіндік сананың қалыптасуы;
- танымдық (ақыл-ой қабілетінің, интеллектінің, танымдық процестердің дамуы;
Даму психологиясы адамдардың тәжірибесі мен жас кезеңде қалай өзгереді, соны танып-білумен шұғылданады. Даму психологиясы бұл жеке тұлғаның қартайған шағына дейінгі және онтогенездік даму, қалыптастыру заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымдарының бірі. Онтогенез (грек. онтос – тіршілік, генезис – шығу тегі, пайда болуы) – жеке огранизмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі даму процесі. Бұл терминді 1866 жыл неміс биологы Э.Геккель ұсынды. Даму психологиясының пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасының, организмнің тіршілік әрекетінің жеке дамуының психологиялық процесстерінің сапаларының даму, қалыптасу заңдылықтары туралы психологиялық процесс болып табылады.
Психикалық даму мақсаты: Адам даму психикалық дамудың мақсаттына қойылатын бағыттылықты меңгереді.Даму мақсатын түсіну көптеген концепцияларда әртүрлі.



1

№ 2
дәріс

Даму және жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері.
Дәрістің жоспары:
1.Ғылыми зерттеудегі объектілік принципі.
2.Зерттеудегі эксперименталды жоспар.
3.Даму психологиясындағы мәліметтерді жинау әдісі және оның интерпритациясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Принциптің объективтілігі зерттеудегі алынған қортындыдан көрінеді:
а) зерттеушілердің жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарына тәуелді емес және адам дамуындағы онтогенетикалық фактыларды, заңдылықтарды, объективті ерекшеліктерді бейнелейді.
б) индивидтің психикалық дамуы үшін мазмұны объективті мәнді
в) ғылыми зерттеу әдісінен алынған нәтижені қолдану.
г) әдістерді пайданану зерттеудің адекватты затына негізделген.
Ғылыми әдістерді қолданудың 4 кезеңі қарастьырылады:
1 кезең- зерттеу мәселесін қою.Осыған орай мәселе нақты ғылыми түсінік көмегімен құрастырылуы керек.(мысалы «жоғарғы мектепке дейінгі жас кезеңінде белсенді сөздің қалыптасуы».
2 кезең- зерттелген құбылысқа қатысты болжамды құру (алынған қортынгдымен салыстырғанда болжам ережесіне сәйкес кен сипатта болады.).
3 кезең- болжамды тексері: бұған :
а) мәліметтерді жинақтау;
б) мәліметтердің статистикалық өңделуі;
в) мәліметтер интерпритациясының мазмұны;
4 кезең -ортындыларды құрастыру .
Зерттеудің эксперименталды жоспары.Даму психологиясындағы зерттеу жүргізудің төмендегідей түрлері бөліп көрсетіледі:
1. Лабороториялық жағдай (эксперимент) –зерттенушілердің өздері тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды манипуляциялайтының көрсетеді;
2.Табиғи жағдай (эксперимент)- тәуелсіз айнымалыларды таңдау жүзеге асады (индивидтің даму жағдайы) оларға манипуляция жасалынбайды.
Зерттеу тиімділіг анықталады:
1.Сенімділік- қайта-қайта зерттеу жүргізу барысында алынған өлшеу әдістерінің нәтижелерінің келісілген деңгейі;
2. Валидность – көрсеткіштердің дәлдігі, яғни алынған әдіс сол құбылысты зерттеуге жарамда күші бар.
Даму психологиясының әдістері үлкен және кіші жастағы балалардың ақыл-ойының жетілуімен теңеседі.
Жалпы психология – мамандығы бойынша баланың өсіп-жетілуін жеке басының дамуын зерттейді, баланың сөйлеу, ойлау қабілеттерін толығымен тексеретін мамандық. Баланың ойлау қабілетін тексерумен қатар баланың өсу жасындағы өтпелі кезеңдерінің өзгеруін зерттейді Ал дифференциалды психологиядан егіздер әдісі алынды. Бұл әдіс егіз балалардың бір-біріне мінез-құлқының ұқсастығының түр-түсінің ұқсастығын және де ойлау қабілеттілігінің ұқсастығын зерттейді. Әлеуметтік психология – толық өсіп келе жатқан кезеңді тексеретін психология. Балалар мен үлкендердің арасындағы қарым-қатынасты бақылау, сұрау, интервью, тест, социометриялық әдіс, әлеуметтік-психологиялық эксперимент т.б. психологиялық зерттеу әдістері арқылы зерттеуге болады.
Ең алғашқы балалармен жұмыс істегенде мектепке дейінгі балаларды тест, эксперимент жүргізу өте қиын түседі. Алдыға қойған бағдарламаны балалардың өсіп-жетілуіне байқауымен солардың қандай жағдайда мінез-құлықтарының қалыптасқандығын жиі қадағалап, тексеруден өткізу керек. Ол үшін даму психологиясында кең қолданылатын әдіс– бақылау қолданылады.
Бақылау дегеніміз – мақсатқа бағытталған, жоспарлы түрдегі балалардың мінез-құлқын жүйелі қабылдау және тіркеу. Бақылауды жасқа қарай жүргізеді. Мысалы, 3 айға дейінгі жаңа туылған баланы күнде, ал 3 айдан-1 жасқа дейінгі баланы ай сайын, мектепке дейінгі кезеңде жарты жылда 1 рет, кіші бастауыш кезеңде 1 жылда 1 рет бақылау керек.
Жас ерекшелік психологияның бақылау заты психикалық жаңа құрулар, әрекет тәсілдері, балалар мінез-құлқының өзгеруі болып табылады.
Жас ерекшелік психологияда бақылаудың барлық түрі қолданылады: жасырын, жаппай, ішінара. Бақылау алғашқы фактілерді жинауда өте қажет. Бірақ көп уақытты қажет етеді. Бұл орайда эксперимент өте тиімді болады. Эксперимент – баланың ең жақсы жағынан ақпарат алуға тырысу қажет, байқап келген кезде балаларға қызығатындай сұрақ қойып, қаншалықты дамығанын тексеру қажет. Жас ерекшелік психологияда кең тараған табиғи және жасанды эксперимент болып табылады. Табиғи экспериментті ең алғаш орыс психологы А.Ф.Лазурский қолданды.
Қалыптастырушы эксперименттің өзі анықтаушы, қалыптастырушының өзі және қорытынды болып бөлінеді.
Тест арқылы тексеру – тест арқылы тексергенде баланың жеке басының қаншалықты дамығандығын тексереді. Балаларды мақтай отырып жеке бастарының ой-өрісінің өсіп-жетілуін тексеруге болады. Мұндай тестке балалардың арасында тексергенде Кэттел немесе Векслер тестісін қолдануға болады. Тестілеудің өзі суреттік тесттер және жетістік тестері болып бөлінеді. Проективті тесттер (сурет салу) жеке адамның тереңдегі ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Жетістік тестері білім деңгейін, баланың дағды шеберліктерін өлшеуге бағытталған.
Әңгімелесу әдісі қосалқы әдіс ретінде қолданылады. Әңгімелесу кезінде – балаға жалпылама сұрақ қойылып, сол сұраққа берген жауабынан жақсы берілген жауапты қолдап отыру керек.
Анкета әдісі – алдын-ала дайындалған сұрақтар тізімі көмегімен сыналушыдан жауап алу. Анкеталау жазбаша және ауызша жүргізіледі. Келесі әдіс – психикалық әрекет өнімін зерттеу әдісі. Баланың суреттері, қолөнері, құрылыс, әңгімелері, өлең-ертегілері көп мағлұмат береді.

1

№ 3
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет