5. Кәрілік және танымдық үрдістегі ерекшеліктері, даму шарттары
Дәрістің қысқаша мазмұны: Геронтология – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық және медицинаның гернатрия (грек. герон және иатрия-емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді.
20 ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронто және гериатрия кабинеттер (Алматы, Қарағанды және т.б.) ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеуметтік-гигиеналық себептері мен клиникалық белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді. Егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді.
Физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрігерлердің қартайған ағзаға тигізетін әсері, вегетативті жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфологиялық және гистохимиялық өзгерістер зерттейді.
Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психологиясы зерттейді.
Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерін (сыртқы әсерлерді қабылдауы, көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш қуаты азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету» өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мысалы, қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі. Осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығармашылық белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психологиялық ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударса, да геронтология ғылымы пән ретінде егде жастағы адамның көбеюі; олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгерулеріне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланыста пайда болады. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке даярлау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі, амалдарын зерттеу т.б. жатады.