Даму және жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдістемесі


Шетелдік даму және жас ерекшелiгi психологиясының негiзгi тұжырымдамалары



бет5/15
Дата26.11.2023
өлшемі247 Kb.
#128206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Шетелдік даму және жас ерекшелiгi психологиясының негiзгi тұжырымдамалары.
Жоспары:

  1. Шетелдегі даму психологиясының қалыптасуы

  2. З.Фрейдтің психосексуалдық даму теориясы

  3. Э.Эриксонның жеке тұлғалық эпогенетикалық теориясы.

4. Психикалық даму теориясы биогенетикалық және социогенетикалық консепциялар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Даму психологиясының ғылыми білім ретінде пайда болуының негізгі факторы тәрбие мен оқытуға деген қызығушылық. Балалар психологиянфң ресми түрде пайда болуын 1989 жылы неміс ғалымы В.Прейердің «Душа ребенка» кітабымен байланыстыруға болады. Онда баланың эмоциялық-әрекеттік дамуына сипаттау берілді. Даму психологиясындағы алғашқы бағыттар нативистік бағыт шеңберінде жүрді. Олар С.Холл, А.Гезелл, К.Бюллер есімдерімен танымалданады.
Американ психологы С.Холл (1844-1924) рекопитуляция заңын қалыптастыра отырып дамудың биогенетикалық теориясын ұсынды. Оның негізі ретінде Геккельдің биогенетикалық заңы алынды. Биогенетикалық заң бойынша Холл келесідей маңызды қорытынды жасады: органикалық түр бірыңғай заңдар бойынша дамиды. Бұл қорытынды ол психикалық дамуға да келтірді. Холл бойынша адам индивидуалдық дамуында өзінің ата-бабаларының психикалық ерекшеліктерін қамтиды. Бала өзінің психикалық дамуында қысқаша түрде адамзат тарихын қайталайды. Бұл заң американдық мектептерді анкеттеу барысында алынған, фактілі мәліметтерге негізделген. 5-6 жастағы балалардың көбінесе судан қорқатындығын анықтай отырып, Холл мұны ата-бабаларының құрлыққа шығу туралы еске түсірулерімен түсіндіреді. Күн күркіреуінен қорқуды алғашқы қоғамдық құрылыс кезіндегі еске түсірулермен түсіндірілді. Балалардың құммен ойнағандықтарын ұнататындықтарын адамзат салған құрылысқа деген қажеттілікпен түсіндірілді. Холлдың айтуы бойынша бала ойлауы алғашқы қауымдық адамның сипатына ие – синкретті, формальді логикаға бағынбайды. Бала бұрынғы адамдар сияқты оптимизмді көрсетеді. Сонымен қатар, ол зерттеуші ретінде балалар психологиясын дамуына маңызды үлес қосты, дәлірек алғанда:

  • дамудың қайталау заңдылығын негіздеді;

  • балалар дамуын нормативті зерттеудің негізін салды. Даму психологиясының жетістіктеріне сүйене отырып, анкета әдісін жасады;

  • балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты үлкен фактілік материалдар алды.

Арнольд Гезелл (1880-1961) бала дамуын қарапайым «Әрекеттің өсуі» деп түсінді. Балалық шақтың ұзаққа созылуы адам дамуының ерекшелігі деп білді. Гезелл бойынша әлеуметтік даму дегеніміз – баланың органикалық дамуын оның қоршаған адамдармен байланыстыру болып табылады. Даму темпі тұқым қуалаушылыққа байланысты. Ал интеллектінің жеке жүйесінің дамуымен анықталады. Карл Бюлер (1879-1963) балалар псификасының жалпы даму теориясын құруға тырысты.Ол ең біріншіден балалар псифологиясы нерестелік шақты зерттеу керек деді. Өйткені онда психикалық биалогиялық қызметі дамиді. Өзінің «Очерк духовного развития ребенка» деген еңбегінде, осы дамудың 3 кезеңін бөлді және әр кезеңдерінің психикалық даму механизмдерін анықтады:

  • инстинкт (0-6 айға дейін);

  • дрессура (0,5-1,5 жасқа дейін);

  • интеллект (1,5 және жүйке жүйесінің дамуынан ары қарай).

Осылайша психикалық даму толығымен биологиялық негізделген.
Анри Валлон (1879-1962). Валлон бойынша дамудың негізгі шартты адамдардың қарым-қатынастары мен әрекеттері. Снымен қатар заттық дүние бала дамуының маңызды механизмі еліктеу. Қоршаған адамдармен өзара әрекет негізінде, үлгі бойынша әрекет ету, әлеуметтік модель бойынша әрекет ету. Осыған байланысты әлеуметт бала үшін өте қажет. Онда бала стимул мен дамудың мазмұнды элементтерін меңгереді. Есеюіне байланысты бала мен ересектердің өзара әрекеттерінің сипаты өзгереді. Кішкентай бала үшін сыртқы ықпалдар маңызды болса, ересек адам үшін субъективті құрылымы маңызды. Валлон бойынша даму – шаршау мен қандай да бір психикалық қызметтердің пайда болуына әкелетін дағдарыстар арқылы жүзеге асырылады. 3 жастағы дағдарыс бала дамуында маңызды роль алады. баланың әрекеті өзінің дербестігіне ие болуға бағытталады, өзін қоршағандарға қарсы қояды. Олармен конфликтіге түседі. Джером Брунер – дамудың әлеуметтік факторын жетекші роль ретінде мойындайды. Оның ойынша оқыту дамуға апарады, сонымен қатар баланы дұрыс қолға алса, кез-келген жаста оны барлық нәрсеге үйретуге болады. Егер 9 жасқа дейін жүйелі оқыту болмаса, дамуы тоқтайды. Мектептен тыс даму мүлдем болмайды. Бала дамуының деңгейі мен ерекшелігі қоғам мәдениетіне тәуелді. Дамуды түсіндіруде үйрету теориясы үлкен орын алды. Үйрету нәтижесінде моральдік принциптер, әрекет мәнерімен қарым-қатынас тәсілдері меңгеріледі.
Б.Ф.Скинер бойынша «За рамками свободы достоинства» адамзат әректтері алдын-ала бағдарламаланған. Сондықтан да басқаруға келмейді. Орыс физиологы И.П.Павловтың (1849-1936) жүргізілген экспериментерінің көрсетуі бойынша шартты рефлекстер аналогиялық түрде балаларда 1-ші күннен бастап қалыптасады екен. Үйренудің көмегімен нәрестелер сенсорлық мәліметтерді меңгереді. Мұндай құбылыс тітіркендіргіштердің генрализация деген атауға ие. Генрализация балалардың күнделікті өмірінде кең тараған. Олардың кері және жағымды эмоциялық реакцияларын қалыптастырады. И.П.Павлов мінез-құлық формалары шартты рефлекс негізінде қалыптасатынын дәлелдеді.

1

№ 6
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет