Даму және жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдістемесі


Психологиядағы жас ерекшелiктiк периодизациясы



бет6/15
Дата26.11.2023
өлшемі247 Kb.
#128206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лекция Даму 2023

Психологиядағы жас ерекшелiктiк периодизациясы
Жоспары:
1. Психологиядағы жас кезеңдеріне топтастыру мәселесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жас түсінігі нақты даму теориясынан және оның кезеңдерінің принциптерінен бөліп шығарылады.Әдетте төмендегідей болып бөлінеді:
1.Нәрестелік (0-1 жас);
2.Ерте сәбилік шақ (1-3 ж);
3.Мектепке дейінгі жас (3-6- 7 ж);
4.Кіші мектеп жасы (6- 7-11- 12 ж);
5.Ересектік балалық пен жігіттік аралығы (11 - 12-15 - 17 ж);
6. Балаң жас (15 - 17-19 - 20);
7.Ерте жастық шақ (19 - 20-25 - 40);
8.Ортақ жастық шақ (кемел жас) (25\40-55\60ж);
9.Кәрілік кезең (жоғары 55\60);
Сөйтіп ол дамудың 5 кезеңін көрсетті. Ал Э.Эриксон жеке адамның толық өмірлік жолының 8 кезеңін көрсетті. Эриксонның міндеті – адамның өмірлік дағдарыстарды шешуге көмектесу. Эриксон Бойынша жеке бастың даму кезеңдері мыналар:

  1. Ерте нәрестелі шақ (0-ден 1 жасқа дейін);

  2. Кеш сәбилік кезең (1-ден 3 жасқа дейін);

  3. Ерте балалық шақ (3-тен 5 жасқа дейін);

  4. Орташа балалық (5-тен 11 жасқа дейін);

  5. Жыныстық пісіп-жетілу. Жеткіншектік және бозбалалық шақ (11-ден 20 жасқа дейін);

  6. Ерте ересектік (20-дан 40-45 жасқа дейін);

  7. Орташа ересектік (40-45-тен 60 жасқа дейін);

  8. Кеш ересектік (60-тан жоғары);

Осы әрбір 8 кезеңде адам орнаулы дағдарыстарды басынан кешеді, оның мәні сана мен психиканың қарама-қарсы қалыптары арасындағы конфликт.
Ал Швейцар психологы Ж.Пиаже зерттей отырып, былай деді: психикалық даму – интеллектінің дамуы, ал психикалық даму кезеңдері – интеллектінің даму кезеңдері деген сөз.
Отандық балалар психологиясы гуманистік дәстүрде дамыды. Отандық жас және педагогикалық психологияның дамуның басында А.П.Нечаев, П.П.Блонский Н.М.Щелованов тұрды. А.П.Нечаев есімімен балалар және педагогикалық психологияның эксперименталды зерттеу проблемалары байланысты. Н.М.Щеловановтың қатысуымен Ленинградта адамның онтогенезін зерттеу клиникасы ұйымдастырылды. Отандық балалар және педагогикалық психологияның дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті орыс психологы, философы Л.С.Выготский (1896-1934) болды. Ол мәдени-тарихи тұжырымдаманы ұсынды. Бұл тұжырымдаманы былай түсінуге болады: дамудың 2 түрі бар – натуралды, яғни қарапайым психикалық функциялардың дамуы, түйсік, тану т.б. және 2-ші даму түрі – мәдени (жоғары психикалық функциялардың: ойлау, қиял, сана дамуы). Жоғары психикалық функциялар бірқатар белгі-сипаттарға ие: еріктілігі, күрделілігі, әлеуметтіліг, икемділігі. Жоғары психикалық функциялардың дамуындағы басты орынды – тіл, сөздер алады. Олар адамның психикасын өзгертеді.
Сөзді әрекет деп түсініп, (яғни, алдымен тілдік комплекс, кейін тілдік реакция) Л.С.Выготский оны бала мен әлем арасындағыәлеуметтік-мәдени орта деп түсіндіреді.
Ғалым пікірінше мектепке дейінгі кезеңде барлық психикалық процесстер қабылдау мен ес әсерінен, ал кіші мектеп кезеңінде барлық психикалық процесстер ойлаудың әсерінен дамиды.
Мәдени-тарихи теория идеяларын басшылыққа ала отырып, Л.С.Выготский және оның оқушылары психиканың дамуын, оның ішінде ес, зейін, ойлау мен сөйлеудің дамуын зерттеді. Бұл зерттеулер оқыту проблемасымен байланысты, және оның ақыл-ой дамуына әсерін де зерттейді.

1

№ 7
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет