Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет74/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

» (Тілші, 1924 жыл, 21 сәуір, №105)

-деп, 


қазақтардың алданып қалып жатқанын ашына айтқан. Тіпті, осы жер-

де жерді сатуға болмайтынын ескерткендей де болады. 

Ары қарай осындай жағдайдың әлі де жалғасып жатқанын, бұған 

қарап отыра беруге болмайтынын  айта келіп, жерден айрылмаудың 

жолдарын  көрсетеді:  «…берсе  қолынан,  бермесе  жолынан  қылып, 

баса-көктеп шеттен келіп жатқан орыстар көп екен. Оның үстіне әлі 

келмегендер болып, атқамінерлер болып жер өткізіп, орыс жуан жұ-

дырықтарын  бұрынғыдан  бетер  жуандатуға  себеп  болып  жатқанға 

ұқсайды. Орнығып отырмай, қадағалап артына түспей, ерінбей еңбек 

сіңірмей, ие боламын демек, «жер менікі» деп таласпақ, пішен қоры-

ған иттік екенін қанша таңдайына татса да, жұрт түсінбегенге ұқсай-

ды. Жер түгілі, отырған үйіне ие бола алмағандар да бар екен. 

Дегерес болысы, Көлқамыста айуан Колесников деген жуан жұды-

рық бір Әбжан деген қазақ кедейдің баспанасына жала қылып, сотта-

сып жүр екен. Үйі өз билеуінде, ішінде өзі отырып, Әбжанның зәресі 

ұшып отыр. Айуан бір зәкүн тауып, айдап шыға ма деп» (сонда). 

Мақаланың соңғы жағындағы «айуан Колесников деген жуан жұ-

дырық» деген жолдарды оқығанда, қарапайым қазақ кедейіне жасап 

жатқан  зорлықтарға  деген  автордың  ашу-ызасын  анық  сезінгендей 

боласыз.    

С. Қожановтың  есебінше, осы кезде «Бүкіл Қазақстанда 2.229.310 

қазақ бар екен. Бүкіл Қазақстанның 47 процент жарымы ғана қазақ 

екен. Сөйтіп, қазақ емес ұлттар – көпшілік. Бұлар – орыс пен ноғайға 

ұсаған  шаруасы  мықты,  мәдениеті  жоғары,  жұртшылығы  орнықты, 

саясатқа қазақтан гөрі жетік халықтар» 

Сұлтанбек Қожанов. Шығарма-

лары. Алматы, «Арыс», 2009,  62- бет).

 



161

Енді  не  істеуіміз  керек?  «Аз  екенбіз»  деп,  басқа  жақтан  келген 

келімсектердің  айтқанына  көніп,  айдауына  жүре  береміз  бе,  не  қы-

ламыз?  Сұлтанбекті тыңдайық: «Мемлектіміздің аты Қазақстан бол-

ғандықтан, «сендер көп болсаң да түк қылмай, біздің бетімізге қарап 

отыр деуге болмайды. Қазақтың елден шығып, орыстыққа шалдығып 

кеткен аз ғана шолақ етектері өздері орыстан кем болмаған соң, жалпы 

қазақ халқы да орыспен теңдес деп санауға болмайды. Сөйтіп, Қазақс-

танды ұлт мемлекеті қылып жасау мәселесі әлі түгел шешілмеген. Қа-

зақ ұлт мемлекетін жасау біткен жоқ, алдымыздағы іс» (сонда, 63-бет). 

Кезінде С. Қожановтар көтеріп, қолға алған қазақтың ұлттық меме-

лектін жасау мәселесі күні бүгінге дейін күн тәртібінде тұр. 

Қазақстан жеке мемлекет болып, Түркістаннан енші алып шыққан-

да, оның мемлекеттік тілі қазақ тілі болады дегенді алғаш көтерген 

де  С. Қожанов болатын. Ол Қазақстан жеке республика болып өмір 

сүре  бастаған  алғашқы  күндердің  өзінде-ақ  «Мемлекет  тілі  Қазақс-

танда қазақ тілі болмақ. Осы күнге дейін бұған кесір болып келген 

– Қазақстан халқының көбі орыс болғандығы һәм үкімет басындағы, 

кеңсе қызметіндегі қазақ азаматтары орыстыққа жаттығып, орыс бо-

лып кеткен адамдар болғандығы. Көбісі қазақша білмейді. Қазақшаны 

осы күні орыстармен бірге үйреніп жүргендері екінің бірінде көресің» 

(«Ақ жол», 26.10.1924)

 – деп, бұлтаққа салмай, турасын айтып беріпті. 

Өкінішке орай, формасы өзгергенмен, мазмұны өзгермеген Мәскеудің 

отаршылдық саясаты осы бір заңды мәселенің жүзеге асуына жол бер-

меді. Ең өкініштісі сол – осыдан бір ғасырдай бұрын бодан кездің өзін-

де-ақ  заңды түрде көтерілген тіл мәселесінің бүгінгі еліміз тәуелсіздік 

алған уақытта да жүзеге аспай келе жатқандығы. 

Сұлтанбектің  жан-жақты  білімдар  қайраткер  болғандығы  оның 

орыс тілінде жазылған «Әдеби тіл мен терминология хақында» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет