Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет75/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(О ли-

тературном языке и терминологии. «Правда Востока», 06.06.1929) 

атты тіл 

тазалығына арнап жазған мақаласынан айқын көрінеді. Өзбек тілінің 

шамадан тыс арабиланып кеткеніне назар аударып, шеттен енген сөз-

дерді термин ретінде қабылдағанда, тіл заңдылықтарын сақтауға ша-

қырды. 


С.  Қожановтың  «Қырғыз-қазақ  арасында  халық  ағарту  жұмысы» 

(«Шолпан»,  1923,  №4-5) 

жайлы  айтқан  мына  бір  пікірлері  оны  Ахаң-

дар (Ахмет Байтұрсынов) бастаған ұлттың ұлы ұстаздары қатарына 

қояды. «Қырғыз-қазақ халқының бір заманда қолы жетіп, бір жөнді 

мектептері бола қалса, солардың барлығында оқыту тілі – ана тілі бо-

луы міндет. Әзірде қырғыз-қазақ халқының ең болмағанда бастауыш 

мектептері ана тілінде болуы керек һәм саны жеткілікті болуы керек. 

Қырғыз-қазақ  еңбекшілерінің  балалары  тегіс  әуелі  ана  тілі  мектеп-

терінде тәрбие алуы тиіс. Мезгілсіз жат тілге байланып, мың қате бо-

лып, сорлағаны дұрыс емес. Білім – тілде емес, түсініктерде; тәрбие 

– орысша шүлдірде емес, жақсылыққа жаттығуда. Бұлар жас балаға 

ана  тілінде,    ұлт  мектебінде  табылады.  Басқа  жерден  табылмайды, 

табылса да қымбат түседі. Жат тіл – тәрбие ісіне пайдасыз, түсінуге 



162

ыңғайсыз, құр жол бөгеу. Осы айтылғандардың барлығы қырғыз-қазақ 

арасында халық ағарту жұмысының ең бірінші кезектегісі, ең үлкені 

– бастауыш ұлт мектебін жасау, жөндеп жасау,  жеткілікті қылып жа-

сау һәм жас балалар ұлт мектебінен аттап өтіп, жат тілге түсіп, сарсаң 

болмайтын  қылу  дегенді  түсіндіруге  жеткілікті  болса  керек...»



  (Сұл-

танбек Қожанов. Шығармалары. Алматы, «Арыс», 2009,  123-125 беттер).

Ұлттың болашағын оқу-білімнен, тәрбиеден көрген Сұлтанбек осы 

негізгі ойын нығарлай түсіп, мақаланың соңында: «...мәдениеттің түп 

қазығы,  жұртшылықтың  тірегі,  бостандықтың  шын  құралы  –  бас-

тауыш  мектеп;  қырғыз-қазақтың  ана  тіліндегі  ұлт  мектебі.  Халық 

ағарту мәселесінің негізі де – бастауыш мектеп мәселесінде. Осыны 

ұмытпау  керек» 

(сонда)

    екендігін  тағы  да  қайталап    ескерткен.  Өт-

кен ғасырдың басында айтылған Сұлтанбек көтерген осы бір мәселе 

бүгінге дейін күн тәртібінен түспей, өзінің логикалық  шешімін тап-

пай келе жатқандығы – бүгінгі күн ұрпақтарының алдында тұрған үл-

кен бір сын. 

Қазан төңкерісінен кейін әдебиет майданында пролеткультшылдар 

үстемдік етті. Олардың ойынша,  әр дәуірдің өзіне сай әдебиеті бола-

ды; байлар заманында байшыл әдебиет болса, енді пролетариат билігі 

кезінде  пролетариаттық  әдебиет  қана  өмір  сүреді;  басқа  әдебиетке 

жол  жоқ.  Пролеткультшілдер  ескі  әдебиеттің  барлығын  тарихтың 

тастандысы еткісі келіп, «ақ жағалы» қаламгерлерді «байшыл» деп, 

қуғынға ұшыратты. Ресми биліктің осындай бағытты ұстануы салда-

рынан алашорда маңына топтанған қазақтың ұлт-азаттық бағыттағы 

қаламгерлерінің  барлығы  қуғынға  ұшырады.  Қазақстаннан  қашып, 

бірсыпырасы Ташкенге барып паналады. Мұндағы Н. Төреқұлов, С. 

Қожанов сынды азаматтар бұларға қолынан келген көмектерін жасап, 

қамқорлық көрсетті. 

С. Қожановтың редакторлығымен осы жылдарда Ташкенде шығып 

тұрған «Ақ жол» газеті шын мәніндегі қазақтың шығармашылық  зия-

лылары  топтасқан  орталыққа  айналды.  Мысалы,  мұнда  Мыржақып 

Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Абдолла  Байта-

сов, Ілияс Жансүгіров, Біләл Сүлеев, т. б. қаламгерлер жиі соғып, шы-

ғармаларын жариялап тұрды. 

Нәзір  мен  Сұлтанбектің    Ж.  Аймауытовтың  Шымкенттегі  педаго-

гикалық техникумға директор болып орналасуына септігі тиді; қуда-

ланған М. Әуезовке пана болды; Мағжанды Мәскеу асырып, Әдебиет 

институтына оқуға түсіруге ықпал жасады.  

Ұлтжанды  қоғам  қайраткерлерінің  туған  халқының  тарихын,  мә-

дениетін жақсы білетіндігі, мұның өзі оларды ұлттық ауқымға көте-

ретіндігі  сияқты  С.  Қожанов  та  өз  елінің  өткенін,  мәдениетін,  әде-

биетін жетік біліп, өмірін ұлтының болашағына қызмет етуге арнаған. 

Ол  замандастары  Абай  туралы  саяси  тұрғыдан  әртүрлі  сөз  айтып 

жатқанда,  оны  өзіне  рухани  әке  тұтты;  Ахмет  Байтұрсыновты    ұлы 

ақынның дәстүрін, ісін жалғастырушы  деп танып, өзі де осы жолға 

түсті. Төңкерістен кейінгі билік жүргізген шолақ саясаттың салдары-




163

нан  өткен  заманның  мәдени  мұраларының  барлығына  топырақ  ша-

шылып жатқан кездің өзінде-ақ Сұлтанбек Абайға, Ахметке ара түсіп, 

былай деп, жазды: «Қазақтар арасындағы революция туралы мәселе 

қозғағанда, Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсыновты айналып өту-

ге  болмайды.  Олар  қазақтар  арасында  революцияның  дамуына  көп 

еңбек  сіңіргеніне  күмән  келтіруге  болар  ма?  Қазіргі  революционер-

лердің барлығы да Абай мен Ахметтің шәкірттері болып бабылады» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет