Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет261/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

274 


ұлтшылдықты  ауыздықтаудағы  ахлақи,  моралдық  жетістіктері  қазіргі  дүниеге 

қаншалықты қажет десеңізші. Мәселенің келісім мен бейбітшілік ішінде шешілуі 

үшін осы мұсылман парасатының өсіп-өркендеуіне жағдай жасау шарт», - дейді. 

Расында, адами қасиеттерді ардақтап, адам құқығын аяққа таптамай, оны асқақ 

ұстау – исламның басты ерекшеліктерінің бірі. Алла тағала қасиетті кітап Құран 

Кәрімде бір-бірімен танысып, білісуі үшін адамдарды қауым-қауым, тайпа-тайпа 

етіп жаратқанын ескертеді. Сондықтан, ислам дінін қабылдаған кез келген қауым 

өзінің  тілі  мен  ділін  сақтап  қалып  отырған.  Сөзіміздің  айғағы  ретінде,  исламға 

мойынсұнған түрк халықтарының бүгінде өз тілін, ділін және түпкі дәстүрін сақтап 

қалғанын  айтсақ  та  жеткілікті.  Тіпті,  олар  өз  салт-дәстүрін,  тұрмыс  салты  мен 

мерекелерін ислам дінімен ұштастырып, оны байытып отыр.

Ислам діні сан ғасырлар бойы ата-бабаның тарыққан шақта сенер бойтұмары, 

болашаққа  бастар  үкілі  үміті  және  тығырықтан  алып  шығар  бағыт-бағдары 

болған.  Сондықтан  ол  қазақ  халқының  күнделікті  өмір  салтында  да  берік  орын 

алған. Исламның қазақ халқының ұлттық мәдениетімен аралас-құралас болғаны 

соншалықты,  тіпті,  ол  ұлттың  ең  ежелгі  салт-дәстүрлеріне  дейін  бояуы  сіңіп, 

онымен етене сіңісіп кеткен. Бесік жырынан бастап жоқтауға дейінгі қазақтың ән-

жырларынан  исламның  әсерін  көруге  болады.  Қожа  Ахмет  Ясауи  жырларынан 

бастау алатын абыздар мен жыраулар поэзиясы және Қорқыттан бергі ән-күйімізде 

сопылықтың сарыны бар. Бір жайтқа ерекше таңғалса «Иа, пірім» деп күбірлейтін 

қазақ қатты әсерленгенде «Алла – Хай» деп қуанған. Сондай-ақ, өнегелі өсиеттер, 

нақыл сөздер һәм мақал-мәтелдерімізде Құран аяттары мен хадистерді көптеп 

кездестіруге  болады.  Азан  шақырып  ат  қою;  неке  қию,  марқұмның  жаназасын 

шығару; сәлем беріп, сәлем алу; кішіпейілдік, кеңдік пен кешірімділік қасиеті; ата-

ананы сыйлап, ардақ тұту; үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, оларға қызмет жасап, 

ақ тілек-батасын алу; қоңсы-қолаңға көмектесу; көрші ақысын ұмытпау; келгенге 

кең пейіл қонақжайлылық таныту; қолдан келгенше қайырымды болып, жақсылық 

жасау; обал және сауап ұғымдары; кісінің ала жібін аттамау және ешкімге қиянат 

жасамау;  аманатқа  адалдық;  жетім-жесірді  елеп  есіркеу;  үйге  аяқ  киімді  шешіп 

кіру, оны аластап, тазартып, үйде ит ұстамау; өлгеннің артынан жаман сөз айтпау, 

қабірлерге зиярат жасау және тағы басқа санап тауыса алмайтын күнделікті салт-

дәстүрлеріміздің барлығы да ұлтымызға ислам діні арқылы еніп, ал бұрыннан бар 

болғандары, байырғы түрктен үзілмей жеткендері де кемелденіп, толығып, орныға 

түскен. Сондықтан, ислам діні – қазақ халқының ұлттық мәдениетін құрайтын ең 

негізгі факторлардың бірі десек, қателеспеген болар едік. 

Бір-бірімен етене араласып кеткені соншалық, бұқара халық дін мен дәстүрдің 

аражігін  ажыратып  та  жатпайды.  Тіпті,  кейде  қайсысы  діннің  амалы,  қайсысы 

салт-дәстүрдің жоралғысы екенін айырудың өзі қиын.

Исламда дінді күштеп мойындату жоқ. Бақара сүресінде бұл жайында «дінде 

зорлық жоқ» деп, ашық айтылған. Сонымен қатар, Құран Кәрімде бір адамды нахақ 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет