Дастандар



бет4/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
30 Қалижан Бекхожин Поэзия тербетеді жүрегімді

ЕКІНШІ НӨРІНІС


I

Туған жер бесігі ғой балалықтың,


Құмында Керекудің жаралыппын.
Әркімнің туған жері Мысыр деген, –
Сол жерден суалмайтын нәр алыппын.
Сүйемін туған жерді, өскен құмды,
Өмірден аштым сонда есігімді.
Астыма қызыл құмы төсек болып,
Тербеткен құйындары бесігімді.
Ұлымын атышулы Нұрқожаның,
Әкеме тартып тудым, бір ғажабым.
Қонбады дұғалары, қонды сөзі,
Бөленді бесігімде жырға жаным.
Өспедім басқалардай ерке болып,
Үйрендім михнатқа ерте көніп.
Тегінде тентек етті қала мені,
Өрліктің әуендерін шерте беріп.
Онда жоқ жеміс ағаш жүзім жайған,
Шан қала, шеткі үйлері мыжырайған,
Көң жатақ мекеніміз құм бүркеген,
Кешінде шырағданы сығырайған.
Өзгеше тебіренткен ер күш мені,
Тек қана еркелеткен Ертіс тегі.
Қалыпты жүрегімде ұйып сонда,
Ашулы, адуынды Ертіс демі...
Көрінген онда сұлу маған бәрі,
Тоғайдың ағаштары, көк орманы.
Ноғайдық жырлары мен гармон күйі,
Күркесі балықшының көгалдағы.
Жас күндер өзінше бір шеру еді.
Әлі де көз алдымда керіледі:
Қызыктап түйесіне мінетінбіз
Келгенде Баян-таудың керуені.
Сол күнде бәрінен де ойды басқан, –
Қызық қой ұлан-асыр майдандасқан.
Жамау тон, жалбыр тымақ ұландармен
Аязда дуылдасып жайрандасқан.
Сүюші ем ұшыруды көгершінді,
Орыстың ұлдарымен өрен-шулы,
Жарысып мұз ойнақта асыр салдым,
Сол шулар із қалдырды терең сырлы.
Жақ-жақ боп, жасайтынбыз батыл жорык.
Бәріміз Балтабайша батыр болып.
Әлде жыр басталды ма, сол жорадан? –
Кеудемде сондай әуен жатты толып...


II

Әлі де айналасы бұлан-талан,


Аспанын Керекудің бұлт қамаған.
Ертістің екі бетін қанмен жосып,
Жан-жақтан жау жасағы анталаған.
Өшігіп қызыл тулы Керекуге
Қарғадай қаптап банда келетін де.
Жарқырап жұлдыздары шлемінде,
Сұңқарлар соған соққы беретін де.
Ерлерін ерткен сонау қыр-қиырға,
Балтабай төтеншенің1 қырғиы да.
Сақшысы қазір мынау қаланың ол,
Кеудесін талай тосқан құм құйынға.
Айғай-шу бұл қаладан іркілмеген,
Зеңбірек күндіз-түні зіркілдеген,
Ойлап ем, жас күнімде соның даусын,
Күн ғой деп көкті жарып күркіреген.
Қарадым жалын атқан түтінге мен,
Аспанның жанды екен деп бұлты неден?
Қақырап жанса үйлер – ойлап едім,
Ертістін мұзы ғой деп күтірлеген.
Жоқ, білдім, майдан екен қиян-кескі,
Ояндым оқ даусымен, қиял өсті.
Куә боп айтар еді жатағым да,
Бұл күнде жұрнағы жоқ – ұям ескі...
* * *

Сақ көше, бүгін ғана түн тым-тырыс.


Тыйылып ала-сапыран тынды жүріс.
Бағайдың сарайында – қазір штаб,
Балтабай кезегінде отыр тыныш.
Ол үнсіз отырса да ойы жүрдек,
Көнбеді отыруға жалғыз жүдеп.
Осынау қарапайым, жалшы қазақ,
Қадайша болды қайсар, жалын жүрек?
Білмеймін Коммунист пе? Жай бір ер ме?
Қалайша ие болды өр жігерге? –
Мыңдаған мұң-ызасы жандырды да,
Октябрь от берді сол жауынгерге!
Өмірдің барлаған жоқ келешегін.
Көрген жоқ қуаныштың елестерін.
Сенімі – еңбекшінің еркіндігі,
Үкімет – өзінікі, кеңес – сенім.
Сондықтан әзелі қас бай жағына,
Тап кегі – тірегі де, айбары да.
Буы емес батырлықтың, ожарлықтың
Ерлігі – кектің қысқан қайнары да.


* * *

Осынша түнде жүріп, кім кешіккен?


Асығыс албырт жігіт кірді есіктен.
Келді де Балтабайға етті мәлім,
Азабын ауылының бір күн шеккен. –
Қанды топ ауылыма келді кеше,
Өлтірді жігіттерді әлденеше.
Асыр сап жанды қорлап, үйді тонап,
Жөнелді түнде соққан желмен көше.
Сібірдің суығынан ауған андай,
Асығыс –
зәре-құты қалмағандай.
Жаралы аш қасқыр ғой, елді талап,
Жолында не болса да жалмағандай.
Солардық бәрінен де ауыр қайғым,
Қалайша каным кайнап тарылмаймын?
Әкетті байлап менің сүйіктімді,
Жарымды құтқаруға жалындаймын.
Ауылы әрман еді ащы құмнан,
Қапыда айырылдым сол ғашығымнан.
Асығыс барған едім –
жарымды алып
Бандалар кеткен екен асып қырдан.
Қарасын көріп қайта зымырадым,
Қарусыз – қалың қолға не қыламын?
Құтқар деп асылымды сонау жаудан,
Балтеке, аяғына жығыламын... –
Жығылма! көтер басты! –
деп ақырды,
Қағылып коңыраулар, шу шақырды.
Аз ғана жасақ құрып жігіттерден,
Жорықтың жөнін айтты нұсқап қырды.
Қашқын жау құтылмайды құрығымнан,
Апшысы талайының қуырылған.
Жігіттер, ат жалына жармасыңдар,
Атойлап жөнелейік қиыр құмнан.
Жігітім, баста бізді Қарағайға,
Банданың бет алысы қара, қайда? –
Балтабай кетті бастап жігіттерін,
Қасқиып бұлттан шыққан қарап айға.


ІІІ

Қырдағы қалың біткен қарағайды,


Аңдар мен қашқан банда паналайды.
Сібірдің атышулы Жарқанаты2,
Күйелі қос қанатын соған жайды.
Боялған қызыл қанға басқан жері.
Омбылап Омбы жақтан қашқан бері.
Қызыл ту – оған жанған өрт көрініп,
Жапанды жалмай қашқан сол аш бөрі.
Қосылған соғындылар қай-қайдағы,
Қорғансыз елді шапқан шалғайдағы.
Баянның атаманы бұл тобырда,
Есінде – Балтабайдың қан майданы.
Күн туса –
Керекуге кері келмек,
Атаман келе жатты Ертісті өрлеп.
Қасында құбылады бір жас сұлу,
Сол әйел атаманға болған ермек.
Екеуі апиынды қоса тартып,
Келеді ат үстінде тасып, шалқып.
Жас әйел кейде күліп, кейде күйіп,
Сөйлейді сөз пернесін басып артық. –
Атаман, жол болмады жорығыңа,
Түстім мен түнде жүріп торығуға.
Несіне кеттім қашып Керекуден,
Дариға, қазыла ма көрім құмда.
Кеудемді у шараптай кернеді кек,
Болды ма босқа саған ергенім тек.
Қызылдың көкжалын сол көгендемей,
Жанымда жанып жатқан шерменім көп...
Атаман басын сілкіп, күжірейді.
Кегіңді әперем! –
деп күбірлейді.
Ал өзі есалаңдай есінеп құр,
«Өртейміз қай ауылды, бүгін?» – дейді.
Қанды топ жынды аңдай алас ұрған,
Айғай-шу, жан шошиды қарасынан.
Бір кезде қас қарайып от көрінді,
Алдынан қарағайдың арасынан.
Бұрылды солай қарай банда біткен,
Кезеріп еріндері қанды күткен.
Қорғансыз ауыл сорлы, сорлайды ғой,
Күйзелген, қансыраған сан бүліктен!


IV

Аттылар шыға келді қалтарыстан,


Аттары ауыздықпен арпалысқан.
Жасағы Балтабайдың келіп қалды,
Айбынды ашуы бар арқа қысқан.
Тарландар талай жаумен төңкеріскен,
Бәйгіге қосылғандай кең өрістен,
Алдынан дауыл тұрып, шан бүркеніп,
Бұл маңға буырқанған келді күшпен.
Дүбірлеп келе жатса сонадайдан,
Аспанға жалын ұшты қарағайдан.
Лап қойды соған қарай Балтабайлар,
Әлде өрт, әлде мұнда қанды майдан?
Өрт екен, үйлер мұнда жанып жатты.
От тиіп қарағай да жалын атты.
Айғай-шу, азан-қазан тұрғындары,
Зар жылап талай жандар жатып қапты.
Балтабай ат үстінен айғайлады: –
Қандай жау бұл ауылды ойрандады?
Банданың қорлықтарын естігенде,
Ызасы келіп кетті қай-қайдағы.
Бұл ауыл азап көрген Жарқанаттан,
Тоналып дүние-мүлкі сорға батқан.
Атылып асыл боздақ жігіттері,
Жандар көп жаралы боп зарлап жатқан.
Қашыпты банда жаңа бұл ауылдан,
Төтенше хабар алып қарауылдан.
Сескеніп Балтабайдың айбатынан,
Жөнелген атқа мініп жарау тұрған.
Азғындар, ажал құйып ойқастаған.
Кетерде лашықтарға от тастаған.
Лапылдап жанып жатыр үй төбесі,
Сықырлап қарағайға жалғас баған.
Балтабай көріп соны буырқанып,
Ашуы жанған өрттей тұр тұтанып. –
Кек әпер бізге жаудан! – дейді жүріп,
Көзінің мұң жастарын іркіп алып.
Атына айғай салып алды мініп,
Сол жауды желкелеуге алқындырып, –
Сонау бір жанған үйден шықты дауыс,
Балтабай атын тартып, қалды тұрып.


* * *

Бір әйел өрт ішінде зарлап – жылап,


Безектеп айғайлаған жәрдем сұрап.
Хабарлап келген жігіт Керекуге
Жүгірді, тұр екен-ау әрең шыдап.
Жүгірді ғашығының естіп зарын,
Аспанға будақтайды ыстық жалын.
Ішінде өрт қамаған қайран жары,
Ессіз от, күйдірді ғой, қысты-ау жанын!
Уа, нәлет, қанды-балақ, қарақшылар,
Қан көрсе қасқыр аузын жалап шығар.
Ырқына көнбеген соң жас сұлуды,
Қиыпты мынау жауға – ала-шұбар.
Секірді терезеден әлгі жігіт,
Өз жаны жары үшін болды ұмыт.
Ол кетті сүңгіп жалын толқынына,
Әлде өлім, әлде оттай жайнар үміт.
Балтабай жанған өртке келді жетіп,
Жығылды қайран боздақ есі кетіп?
Естілді көк түтіннен қыздың зары,
Еңіреп естігенді есіркетіп.
Балтабай кетті қарғып терезеден...
Мұндай да құдірет қой ыза деген,
Өзенде жүзген жандай өртті жарып,
Үн шыққан жаққа жетті, қызуменен.
Бұрышта отыр көжек, оттан қашып,
Алдынан қызыл көзді шоқтар шашып,
Иірілген әбжыландай ала жалын,
Қыз сорлы безектеген отты басып.
Созса да тілін оттар жалақ-жалақ,
Балтабай жөнеп берді қызды арқалап.
Бір жақтан есі шыққан сорлы жігіт,
Жүгірді, естіп даусын қызға қарап.
Қызды алып терезеден түсті бері,
Қыз талған, шарпын өрттін күшті лебі.
Балтабай өрттей түтеп екі беті,
Шоқтарды сілкіп жатыр үстіндегі.
Жас сұлу дымы құрып жатыр сұлық,
Басында отыр жігіт түсі суып.
Балтабай атқа мінді айбат шегіп,
Жетуге қашқан жауға, жылдам жуық.


* * *

Мінеки, бандаға да ауды бүлік,


Барады қыр астында жау дүрлігіп.
Артынан атойлады қызыл өрттей,
Балтабай борандатып, дауыл құрып.
Ашынса батыр оққа қарамайды,
Тасаны қорқақ қана паналайды.
Бандалар оқ жаудырды жата қалып,
Қалқан қып қалың жыныс қарағайды.
Зіркілдеп желді жарып гулеп оты,
Оқ шашты Балтабайдың пулеметі.
Талайлар екі жақтан жатыр құлап,
Қатер ғой қан майданның бір минуты...
Кенеттен кетті екі жақ алқымдасып,
Штык пен қылыштары жарқылдасып,
Соққылап бірін бірі қансыратып,
Ашынып алабұртып, қарқындасып.
Балтабай ортасында айқайлаған,
Ақ боз ат астындағы қайқаңдаған.
Сілтесе қылышынан қан сорғалап
Соқса да жауы өзін шайқалмаған.
Ызамен қар жауғандай қабағынан,
Ақырды қанды қырғын алабынан.
Қылышы сермегенде тіліп жатты
Талайды тап бергенде тамағынан.
Ойран боп отты күші шебіндегі,
Жау әрен жанталаса шегінеді.
Амман қайта шапты айғай салып,
Жанында жанып қайта жебір-кегі.
Ұрысты әлде тағы қайталай ма?
Жоқ, оғын көздеп қалды Балтабайға.
Арқасын сызып өтті сол қорғасын,
Балтабай қолымен соны қалқалай ма? –
Ол болат секілді ғой қатайғанда,
Сілтеді алтыатарын атаманға,
Дудар бас құлап түсті ыңыранып,
Оқ тиді қапелімде қатал аңға...
Селк етіп теңселгендей жауы бұған,
Ығысты, ұшпа бұлттай дауыл қуған.
Балтекең жөнеп берді жау соңынан,
Атының қан сорғалап бауырынан...


* * *

Өмірді алды ма екен ол есіне?


Қызған ол дұшпанның сол егесіне.
Аптығып жөнелгенде ақ боз атпен
Қадалды бір оқ келіп кеудесіне.
Атынан жерге сабаз ауып түсті,
Қызыл қан көкірегін жауып түсті.
Қарады қасындағы қарағайға,
Білмеді бар деп сонда қауіп күшті.
Әйел тұр қарағайдың панасында,
Ажал тұр көзінің сол қарасында.
Жаңағы оқ жұмсаған әйел осы,
Банданың жүрген әлгі арасында.
Жеңсе де жаралының жан әлегі,
Әйелге көз алартып қарап еді.
Уа, сұмдық, Бағай қызы Бану екен...
Өртегіді көріп соны жара-кегі.
«Несіне бөлтірікті аядым мен? –
Бұл өмір болсын деп ем саялы, кең.
Баладым оны әлі күнәсізге, –
Жатырмын енді қанға боялып мен.
Уа, сайқал, сұмның қызы, кектің қызы,
Өмір ғой өшпендіктің өткір жүзі.
Әкеңнің кегін алдың, қуан, бірақ
Табымның соғар сені оқ-жұлдызы.
Разымын, қайтты талай ызалы кек,
Сен ғана от тастаған жанымды өртеп.
Көрінген әбжыландай енді сені
Арман жоқ ала кетсем қабырға тек!
Көтерді өршіл басын ойлап соны,
Гүрс етті, қызға кетті зулап оғы.
Дариға, тимей кетті,
қапы басты,
Қалтырап қан-қан болған қайран қолы.
Жыландай сиқырланып сұрланған қыз,
Кек үшін банда болып ұрланған қыз, –
Жеткендей тілегіне, ыржиды да,
Жөнелді, Қарағайлы құмнан жалғыз.


* * *

Бұлдырап кеткендей бір жанған шырақ,


Есіл ер кетті міне талмаусырап.
Жаралы жолбарыстай ыңыранып,
Жалындап соққан жүрек, талған тулап.
Бір сәтте көзін ашып қалды бірақ,
Басында біреу отыр зарлап-жылап.
Жігіт бұл, өрттен жарын сақтап қалған, –
Жасағы жауды қуып кеткен жырақ.
Қайран ер әлсін-әлсін алды демін, –
Жігітім, әлім бітті,
әлсіредім.
Болайын саған разы, інішегім,
Ақырғы айтар саған бар тілегім:
Бұл дүние бәрімізден өтер-кетер,
Арқалап кегін көрге кім әкетер.
Кездескен дауылдағы бауырым ең,
Аясаң, сонау қыздан кегімді әпер!
Осылай соңғы сөзін айтты берік.
Көзінен үміт пенен кекті көріп,
Жігіт сол қанды балақ қыз соңынан
Қырандай шүйілетін кетті төніп...


* * *

Артында қала берді жаралы жан,


Күн сөнді, түсті түнек қаралы маң.
Қарады ол, сол көзінің шарасына,
Өшетін күндей батып барады орман.
Кеткендей аспан жерге төңкеріліп,
Ышқынды тұрамын деп ол керіліп,
Қарады кара бұлтқа үстіндегі,
Бірақ көз жабылды тез көмкеріліп.
Жатқандай секілді бір түстер көріп,
Келеді ұлы дүбір көшпен еріп, –
Әп-сәтте Керекуді кетті жайлап,
Сәулесі осы жерге түскен келіп.
Сол сәуле жайып қырға кең құшақты,
Көзіне көрсеткендей алтын шақты,
Жау біткен жеңіліпті, ел масайрап,
Тап осы жатқан жерде той жасапты.
Билепті құдіретті күш халықты,
Бағайдын сұм қызы да ұсталыпты.
Қарашы, сиқырсуын бұл сайқалдың,
Жігітім, тарт шашынан ұста мықты!..
...Соңғы, рет селт етті де, жүрек тулап,
Бұлқынды, – бірақ дүние болды жұмбақ.
Бітті дем, қиялында сөнді сәуле,
Сол елес өзіменен кетті бірақ...
Енді жел үрей салып гулемеді.
Қарағай қалды қатып, үндемеді.
Басыңды көтер, батыр Балтабайым,
Жақындап жаңа туған күн келеді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет