°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет55/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
Дастан (парсы сӛзi тарихи әңгiме, ертегi, батырлар жыры) – Шығыс 
әдебиетi мен фольклорындағы эпикалық жанр, ӛлең түрiндегi уақиғалы 
шығарма. Кӛбiнесе бұрыннан белгiлi ертегi сюжеттерiнiң, аңыз, хикаялардың 
әдеби ӛңделген, кейде ӛлең мен қарасӛз араласып келе беретiн түрi ретiнде 
кездеседi. Мысалы, қазақ ақындарының шығыстық сюжеттер негiзiнде 
жазған “Рүстем–Дастан”, ”Ләйлi–Мәжнүн”, ”Сейфiлмәлiк–Бәдiғұл–Жамал”, 
”Жүсiп–Зылиха”, ”Бозжiгiт”, ”Атымтай Жомарт” т.б. шығармалары. 
Қисса – қазақ әдебиетiнде кiтаби ақындардың Шығыс әдебиетiнiң 
сюжетiне шығарған дастандары, ӛлеңмен жазылған ертегi-хикая; ертерек 
кездегi ұзағырақ ӛлеңмен жазылған әңгiмелердiң атауы. ”Қыз-Жiбек”, 
”Қобыланды”, ”Алпамыс”, ”Ер Тарғын” секiлдi эпикалық жырлардың 
ертеректе Қазан, Петербург, Ташкент қалаларында басылып шыққан 
үлгiлерiн де қисса деп атаған. 
Лиро-эпос жанры – бiр жағынан, лирикалық, сыршылдық сарыны бар, 
екiншi жағынан оқиғалы болып, эпосқа тән сипатқа да ие болатын шығарма 
түрi. Кӛбiнесе лирикалық дастан, лирикалық поэма (С.Сейфуллин ”Аққудың 
айрылуы”, М.Жұмабаев ”Батыр Баян”) түрiнде кездеседi. Мысалы, қазақ ауыз 
әдебиетiндегi ”Қыз Жiбек”, ”Қозы Кӛрпеш – Баян сұлу” атты ғашықтық 
жырлар. Мұнда сюжетке енетiн образдан басқа лирикалық геройдың образы 
да айқын кӛрiнедi. 
Эпостық жыр – оқиғаны, жайт-жағдайды баяндап айтуға негiзделетiн 
кӛлемдi поэзиялық туынды. Мысалы, ”Қобыланды”, ”Алпамыс батыр”, ”Ер 


68 
Тарғын” атты т.б. батырлық жырлар. Мұны жаугершiлiк соғыс жайын баян 
ететiн, батырлар дәрiптелетiн ұзақ поэзиялық шығарма десек те болады. 
Роман – сюжеттiк қҰрылымы күрделi, кӛп желiлi, кең тынысты, 
кейiпкер бейнесiн Ұзақ байтақ кеңiстiк ауқымында кӛрсететiн кӛлемдi 
эпикалық шығарма. Яғни кейiпкер бейнесi ол ӛмiр сүрген уақыт, орта, байтақ 
кеңiстiк ауқымында жан-жақты мүсiнделедi. Оның классикалық үлгiлерiн 
Стендаль, Бальзак, Диккенс, Тургенев, Толстой, Достоевский, Мопассан 
жасап, әлемдiк аренаға кӛтерген. Қазақ әдебиетiндегi жарқын үлгiлерi – 
Ж.Аймауытовтың. “Қартқожа”, ”Ақбiлек”; М.Әуезовтiң ”Ӛскен ӛркен”; 
Ш.Айтматов ”Боранды бекет”, “Жан пида” атты шығармалары. 
Дилогия (грек. Di - екi, logos - сӛз, әңгiме баян) – бiр-бiрiмен 
жалғастырылып, бiр идеялық ой-тұжырымдар негiзiнде жазылған басты 
кейiпкерлерi ортақ екi шығармамен тұтасып келетiн кесек кӛркем туынды. 
Мұнда әр шығарма баяндалатын оқиғасы жағынан тиянақты болып, кӛбiне 
негiзгi кейiпкердiң ӛмiрiндегi белгiлi бiр кезеңдi қамтиды. Сондықтан 
әрқайсысы жеке кiтап болуға лайық шығармалар болып табылады. Мысалы, 
И.Ильф пен Е.Петров “Он екi орындық”, ”Алтын бұзау”; Ғ.Мүсiрепов 
“Оянған ӛлке”, ”Жат қолында”; М.Мағауин “Аласапыран” т.б. 
Трилогия – мазмұн-мағынасы, сюжетi жағынан бiр-бiрiмен тығыз 
байланысты негiзгi кейiпкерлерi ортақ келетiн үш шығарма; яғни әр
шығармасы бас-аяғы бүтiн, ӛз алдына дербес туынды болып келетiн ӛзара 
жалғасып, тұтасып жататын үш шығарма. Мысалы, Ә.Нұрпейiсов “Қан мен 
тер”; І.Есенберлин ”Кӛшпендiлер”, ”Алтын орда”. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет