Реализмнiң тҥрлерi Сыншыл реализм – әдебиеттiң әдiлеттiлiк жолындағы күреспен
байланысуының күшеюi нәтижесiнде туған, еңбекшi қауымның әлеуметтiк
теңсiздiкке наразылығын кӛрсететiн кӛркемдiк әдiс. Ол ӛмiрдi шыншыл-
дықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтiк бейнесiн, типтiк
жағдайда
кӛрсете
отырып,
қоғамдық
ӛмiрдегi
қайшылықтарды,
кемшiлiктердi қатты сынға алады. Қоғамдық ӛмiрдiң кӛлеңкелi жақтарын
ашып кӛрсетуге ұмтылу басым болатын Достоевский, Чехов, Толстой т.б.
классиктер творчествосында айқын танылған. Орыс классиктерiнiң
дәстүрлерiн ӛнеге тұтқан Абай творчествосында берiк орын алған. XX ғасыр
басындағы
әдебиетте
А.Байтұрсынов,
М.Дулатов,
С.Торайғыров
творчествосында ӛрiстi арна болған.
Социалистiк реализм – ӛмiрдi шыншылдықпен, тарихи нақтылық-пен,
революциялық даму тұрғысында бейнелеудi талап ететiн кеңес дәуiрi
әдебиетiнiң кӛркемдiк әдiсi. Ол әдебиет пен ӛнердi ресми идеологияға
бағындыруға, әдеби процеске жоғарыдан нұсқау берiп, саясатқа тәуелдi
етуге, таптық принциптердi бұлжымас қағидаға айналдыруға жол
ашқандығымен ерекшеленедi. Ол кейбiр етек алған творчестволық ӛмiр
құбылыстарын уақыт ыңғайына қарай түсiнуге, ӛз кезiнде ӛтiмдi кӛрiнген
жеңiл кӛркемдiк шешiм табуға, ұмтылуға итермелейдi. Реализмнiң бұл түрi
жазушы шығармашылығын қоғамдық, саяси идеяларды уағыздаудағы
белсендiлiгiне қарап бағалайды, сондай-ақ әдебиеттегi ұраншылдық,
жалпылама идеяларды қайталаушылық болып табылады. Бұл – еңбекшi
халықты коммунистiк идеялар рухында тәрбиелеу мақсатын алға қойған,
социализмнiң әлеуметтiк-саяси, философиялық, эстетикалық идеяларын
уағыздайтын әдеби әдiс. Алғашқы туындылары М. Горькийдiң ”Ана” романы
мен ”Жаулар” пьесасы Қазан тӛңкерiсiнен кейiн Маяковский, Серафимович,
Д.Бедный т.б. шығармашылықтарында кең кӛрiнген.