°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет60/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Табиғат лирикасы – ақындардың айнала қоршаған орта, оның түрлi 
жаратылыс сырлары туралы ӛлеңдерi. Бұл–тiршiлiк атаулының бесiгi болған 
жаратылыстың небiр тамаша суреттерiн жасайтын пейзаждық лирика, яғни 
Табиғат арқылы қоғамдық ӛмiрдi, адамның iшкi кӛңiл-күйiн астастыра 
жырлау. Абайдың “Жаз”, ”Жазғытұры”, ”Қыс”, ”Күз”, ”Қараша, желтоқсан 


73 
мен сол бiр-екi ай” атты ӛлеңдерi үздiк үлгiлерi болып табылады. Абайдан 
кейiн С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, І.Жансүгiров сынды ақындар жырлаған 
мәңгiлiк тақырып. 
 
Драмалық тектiң тҥрлерi 
Трагедия – құдiреттi күш иесi, ғаламат қайсар, ақиық ер де ӛр 
тұлғалардың ӛмiрдегi адам жеңiп болмас кедергiлер мен кескiлесiне 
құрылған күрделi сахналық шығарма; оқиғалары қатерлi, қайғылы халден 
туындап, бас қаһарманның қазасымен, мұңмен, зармен аяқталатын сахналық 
туынды. Ол негiзгi кейiпкердiң жан аямас күресiне, терең тебiренiстерi мен 
iшкi арпалыстарына құрылып, қайғымен аяқталады. Яғни, мұнда ӛмiрдегi 
шиеленiскен күрес-тартысы, бiр-бiрiне қарама-қайшы күштердiң ешбiр 
ымыраға келмеуi, белдескен күресi, қақтығыс-таласы суреттеледi, сол жолда 
негiзгi кейiпкер опат болады. Бұл жанр ежелгi гректердiң сахналық ӛнерi 
дами бастағанда пайда болып, Шекспир тұсында айрықша зор биiкке 
кӛтерiлдi. Оның үлгiсi ретiнде Эсхилдiң “Бұғауланған Прометей”, 
“Парсылар”, Софоклдың ”Эдип патша”, Эврипидтiң ”Медея”, “Электра”, 
Шекспир-дiң “Отелла”, Пушкиннiң “Борис Годунов”, Әуезовтiң ”Еңлiк-
Кебек”, 
”Қаракӛз”, 
Мүсiреповтiң 
”Қозы-Кӛрпеш–Баян 
сұлу”, 
Ш.Айтматовтың ”Ана – Жер ана” атты шығармаларын мысалға келтiруге 
болады. 
Комедия – трагедияға керiсiнше “ӛмiрдiң биiк поэзиялық сәттерiн” 
суреттемейтiн, қарапайым ”күнделiк прозасын, ұсақ-түйегiн, кездейсоқ 
жайттарын” (Белинский) суреттейтiн сахналық шығарма. Яғни, ол – ӛмiрдегi 
келеңсiз 
құбылыстарды, 
адам 
бойындағы 
қасиетсiздiктi 
келекеге 
айналдыратын күлдiргi пьеса. Мұнда ӛмiрдегi қайшылықтар-дың терең 
тамырын қазбаламай, жеңiл қақтығыстар арқылы аңғарту басым келедi, адам 
бойындағы кемшiлiк, осалдықты бейнелеу жарасымды әзiлмен, ерiксiз 
күлдiретiн тапқырлықпен астасып жатады. Ӛткiр тiлдiлiк, әзiлқойлық, 
күтпеген жерден оқыс жауап беруге икемдiлiк бұл жанрдың тартымдылығын 
арттыра түседi. Сондай-ақ, комедияда кейде кейiпкердiң күлкi тудыратын бiр 
мiнезi алынып, сол бастан-аяқ әжуаланады, кейде шиеленiскен әрекет, оқиға 
басты роль атқарады. Тамаша үлгiлерi кӛне Грециядағы Аристофанның 
“Салт аттылар”, “Бақалар”, ”Бұлттар” атты туындыларынан басталып, оны 
Римде Плавт, Теренций дамытқан, Батыс Европада классицизм кезiнде 
ӛрiстеген (Мольер ”Сара””, ”Тартюф”). Бұлардың қатарына Фонвизин-нiң 
“Тоғышарларын”, 
Гогольдiң 
”Ревизоры” 
мен 
”Үйленуiн”, 
Қ.Мұхамеджановтың ”Бӛлтiрiк бӛрiк астында” атты шығармаларын қосуға 
болады. 


74 
Драма – трагедияға да, комедияға да жатпайтын сахнаға арналған 
шығарма. Мұнда уақиғаны, оған қатысушы кейiпкерлердi олардың iс-
әрекетi, монологтар мен диалогтар арқылы кӛрсетедi. Кейiпкерлерi ӛздерiнiң 
айтатын сӛзi арқылы, сонымен бiрге сахнадағы қимыл-әрекетi, жүрiс-тұрысы, 
сонда байқалатын жай-күйi арқылы бейнеленедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет