°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет62/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Жаңашылдық 
Ӛткеннiң тәжiрибесi мен жемiстерiнен, мән мағынасы бай, дәрежесi 
жоғары заман жауап беретiн бұрынғының шеңберiнен шығып, болашаққа 
кең жол ашатын аса маңызды iзденiс, әрекеттер; Бiраз уақыттан кейiн ӛзi 
дәстүрге айналып, онымен диалектикалық бiрлестiкте дамитын ескi мен 
жаңаның жалғастығына негiзделген, тарихпен бiрге ӛзгерiп отыратын 
құбылыс; Тек қана жаңа сӛздер, ӛрнектер тәсiлдер табу арқылы ғана емес, 
бұрыннан бар бейнелеу құралдарын жаңаша қолдана бiлетiн суреткерлiк 
шеберлiк; Ойдың саналылығы, ӛмiр құбылыстарын жаңаша ұғып түсiне бiлу, 
сезiну және соған сәйкес туатын кӛркемдiк шеберлiк; Бұрын қол жеткен
табыстарға, ұлы суреткерлердiң тәжiрибесiне сүйене отырып, ӛнердiң ӛрiсiн
кеңейте түсетiн асқан творчестволық iзденiс нәтижесi. 
Дәстҥр 
Кӛркемӛнердiң тақырыптық ауқымы, үйреншiктi сарын, ӛмiрге 
қатынасы, бейнелер аумағы, идеялық бағыты, қалыптасқан кӛркемдiк 
құралдары; 
Әдеби процеске тән жалғастықты, жазу творчествосында халықтың 
үлгiлер мен ӛзiндiк соны сипат-қасиеттердiң бiрлiгiн танытатын ұғым, 
қалыптасып, сұрыпталған кӛзқарас, түсiнiктер, кӛркемдiк үлгi-ӛрнектер, 
тәсiлдер. 
Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы кӛркемдiк дәстүрлер 
жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының 
қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тiреуiнiң нәтиже-сiнен, сондай-ақ 
тамырлас әдебиеттердiң арасындағы типологиялық ұқсастықтан туындайды. 


76 
Әдеби байланыстың үлкен бiр саласы – ұлтаралық байланыс ертеден 
келе жатқан құбылыс санатына жатады. Бiр халық ашқан кӛркемдiк жаңалық 
екiншi бiр халыққа игi ықпалын тигiзедi. Антик дәуiрiндегi Греция, қайта 
ӛрлеу кезiндегi Италия, классицизм тұсындағы Франция, орта ғасырлардағы 
парсы және түркi әдебиеттерi ӛзара ықпалдастық ауқымында болды. 
Ұлтаралық әдеби қарым-қатынастардың дамыған кезеңi – әлемдiк ұласу, 
ықпалдастық мейлiнше күшейген ХХ ғасырдың еншiсi, бұрынғы КСРО 
халықтары әдебиетiне тигiзген игi әсерi – тарихи шындық ретiнде 
мойындалуға тиiс жайт. 
Қазақ әдебиетi тарихынан әдеби байланыстар iзiн барласақ, алдымен 
Абай поэмалары: “Ескендiр”, ”Масғұт”, ”Әзiмнiң әңгiмесi” ойға оралады. 
Ораз Молланың “Шахнамасы”, Т.Ізтiлеуовтiң ”Рүстем- Дастаны”, 
Шәкәрiмнiң ”Ләйлi - Мәжнүнi”, “Дубровский”, ”Бораны”, Майлықожаның 
”Тотынамасы”, Молда Мұсаның “Мысалдары”, Мағжан Жұмабаевтың 
шығыс сарындарын ӛзек еткен дастандары, Ахмет Байтұрсыновтың 
Крыловтан, Пушкиннен, Лермонтовтан, Надсоннан еркiн тәржiмалаған 
ӛлеңдерi – сан салалы, құнарлы әдеби тоғысу куәгерлерi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет