°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет63/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Бақылау сҧрақтары: 
1. 
Әдебиеттiң, ӛнердiң қоғамдық ӛмiрмен байланысы қандай? 
2. 
Әдеби дамудың тарихи сипатын түсiндiр. 
3. 
Әдеби дамудың заңдылықтары қандай? 
4. 
Дәстүр мен жаңашылдық деген не? Оның әдеби процеспен арақатынасы 
қандай? 
XI тақырып. КӚРКЕМДIК ӘДIС. ӘДЕБИ БАҒЫТ, АҒЫМДАР 
1. Кӛркемдiк әдiс туралы түсiнiк, романтизм мен реализмнiң 
ерекшелiктерi. 
2. Классицизм, сентиментализм ағымдарының тууы, ӛзiне тән 
ерекшелiктерi. 
3. Әдеби стиль жайлы ұғым. Стиль эволюциясы. 
 
Стиль – әр суреткерге тән творчестволық ерекшелiк, әр жазушының 
дара қасиетi, әдеби бетi. Сондай-ақ, ол – жазушының ӛмiр шындығын танып 
бiлу, сезiну қабiлетiн, бейнелеу шеберлiгiн, ӛзiндiк суреткерлiк тұлға-бiтiмiн 
танытатын даралық, жазу мәнерi, қолтаңбасы. Стиль жазушының ӛмiрлiк 
тәжiрибесi негiзiнде, оның суреткерлiк талантының табиғатына сәйкес 
қалыптасып дамиды. Яғни ол жазушының тақырыпты ӛзiнше игеруi, ӛзiнше 
ой толғап, ӛмiрдi бейнелеуi, басқаға ұқсамайтын суреткерлiк шеберлiгi 
болып табылады. Сондай-ақ, стиль деп бiр қаламгердiң әралуан 
шығармаларындағы идеялық бiрлiк, тақырыптық, тiлдiк ерекшелiктер мен 


77 
образ жасау тәсiлдерiн айтамыз. Яғни ол – әр қаламгердiң ӛзiне тән тiл 
мәнерi, сӛз қолдануы, сӛйлем құрауы, сӛзбен сурет салуы не баяндап беруi
сыр ағытуы не сезiмдi жеткiзуi; әр жазушының бүкiл творчествосының ӛн 
бойынан кӛрiнетiн идеялық-кӛркемдiк негiздiң (идея-тақырып-мiнез-тiл) тек 
сол қаламгерге ғана тән ерекшелiгi. 
Әдеби ағым – бiрнеше жазушыға тән творчестволық бiрлiк, әр алуан 
жазушының ортақ сипаты, әдеби бағыты, сондай-ақ әр қоғамдағы әр алуан 
жағдайлар туғызатын әр дәуiрдегi идеологиялық күрестiң әдебиеттегi 
кӛрiнiсi. Ол белгiлi бiр қоғамдық жүйенiң белгiлi кезеңдегi саяси-әлеуметтiк 
сипатына сәйкес туып, сонымен бiрге дамып, бiрге жоғалып отыратын 
тарихи категория болып табылады. Оның мынадай түрлерi бар: классицизм, 
сентиментализм, натурализм, абстракционизм, символизм, футуризм т.б. 
Әдеби әдiс – “…ӛмiрдi образбен бейнелеп, кӛркем шындық жасау 
жолы. Екiншi сӛзбен айтқанда, ӛмiрдегi болмыс дүниесiнен ӛнер дүниесiн, 
яғни тұтас бiр шығарма кӛлемiнде кӛркем образдар жүйесiн жасау жолы 
(акт, процесс, тәсiл…)”. (М.Қаратаев). Ол – суреткер творчествосы мен 
ақиқат шындықтың арақатысы, ӛмiрдiң ӛнерге, ӛнердiң ӛмiрге айналу жолы. 
Оны бiр адамға ғана тән стиль де емес, бiр қоғамға ғана сай ағым да емес, 
мұның екеуiнен де әлдеқайда кең ұғым деп түсiну қажет. Ол ӛнердiң ӛзiмен 
бiрге туып, ӛнер арқауы - ӛмiрдiң ӛзiмен бiрге дамып, жетiлiп келе жатқан 
табиғи, тұтас құбылыс, барлық адамдар мен қоғамдарға тән, ӛнер атаулының 
бәрiне ортақ тұрлаулы һәм тұрақты, ӛнердiң ӛзiмен туып, бiрге дамып келе 
жатқан табиғи құбылыс болып табылады. Бұл – шындықты шын мәнiндегi 
суреткердiң ӛз кӛзiмен образды түрде тану жолы, содан соң, ӛзi таныған 
шындықты бар ӛнерiн тӛге, бар шеберлiгiн сала, кӛркем жинақтап, ӛзгеге 
таныту жолы; ӛнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы 
шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет ӛмiр деректерiн белгiлi бiр 
эстетикалық талғам биiгiнен талдаудың, қорытудың және жинақтаудың 
ӛзгеше принципi; ӛмiр шындығын ӛнер шындығына айналдыра саралап, 
белгiлi бiр қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типi. 
Оның түрлерi: романтизм мен реализм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет