Беттік активті заттар орта қасиетін күшті өзгертеді, тіршілік процестеріне теріс әсер етеді.
Сонымен коллоидты БАЗ нашар ерігіштігімен және жанасу шектегі беткі қабатқа молекулалар бағытталып , адсорбциялану салдарынан беттік және фазааралық керілуді төмендету қабілеттігімен сипатталады. Мицелла түзетін кризистік концентрация (ККМ) кезінде ерітіндіде мицелланы құрастыратын агрегат туындайды , ал агрегаттың өзі молекулалардан тұрады. Осы тұста коллоидты БАЗ , әрі коллоидты , әрі нағыз ерітінді беруге бейім болғандықтан , оның жалпы ерігіштігі күрт жоғарылайды. ККМ кезіндегі нағыз ерітіндінің концентрациясы өзгеріссіз қалады және ол мицелла түзілетін кризистік концентрацияға тең.
5.Адсорбция және абсорция туралы жазыңыз. Термодинамиканың екiншi заңына сәйкес бос энергия қоры бар системалар сияқты заттардың жанасу шегiнде де бос энергия қоры болғандықтан, ол өздiгiнен осы энергияны азайтуға ұмтылады. Бұл адсорбция және басқа да физикалық құбылыстардың жүруiне тiкелей не жанама ықпал етедi екен. Адсорбция дегенiмiз eкi фазаның жанасу шегiндегi заттар концентрациясының өздiгiнен өзгеруi немесе әдетте бiреуi қатты зат болып келетiн eкi фазаның жанасу шегiндегi беткi қабатта бiр фаза концентрациясының жоғарылауы. Қалыптасқан терминологияға сәйкес бетiне басқа зат жинақталатынды - адсорбент, жинақталушыны – адсорбтив немесе адсорбат дейдi.
Абсорбция дегенiмiз сорбент массасына диффузия арқылы газ енгендегi сорбция құбылысы. Ол берiлген бiр заттың (сорбтивтiң) екiншi бiр затта (сорбентте) еру құбылысына пара-пар. Фаза араларындағы заттың таралуы Генри заңына бағынады. Қазіp абсорбциялық құбылыстар өнеркәсiпте кеңiнен қолданылуда. Мысалы, өнеркасiптегi тұз қышқылын өндiру толығымен хлорлы сутек газын судың абсорбциялау құбылысына негiзделген.
6. Дисперстік жүйелерді алудың конденсациялық әдістері туралы сипаттап жазыңыз. Конденсациялық әдістер Бұл әдістер гомогенді жүйеде жаңа фазаның түзілуіне байланысты. Оның түзілуінің міндетті шартты қаныққан будың болуы болып табылады, оның конденсациясы дисперсті фаза бөлшектерінің түзілуіне әкеледі. Қаныққан будың көлемді конденсациясы үш жағдайда болуы мүмкін:
1.Газдың адиабатикалық кеңеюі. Мұндай жолмен бұлттар түзіледі. Ылғал ауа жылы массасы атмосфераның жоғары қабаттарына көтеріледі. Ол жерде атмосфералық қысым төмен болғандықтан, адиабаттық, яғни ауаның салқындануы және су буының конденсациясы байқалады. Оншалықты биік емес жерлерде топтасқан бұлттар түзіледі, мұнда су сұйық тамшы түрінде болады, атмосфера жоғары қабатында температура анағұрлым төмен болады, нәтижесінде құрамында мұз кристалшалары болатын ақ ұлпа тәрізді бұлттар түзіледі.
2.Әр түрлі температураларға ие, бу және газдар араласуы. Осылай атмосфералы тұмандар түзіледі. Көбнесе тұман түнде ашық ауа райында пайда болады, яғни бұл кезде Жердің беті жылуды интенсивті бере отырып, қатты салқынданады. Жылы ылғал ауа салқынданып жатқан жер немесе оның беткі бөлігіндегі суық ауамен араласып, сұйықтық тамшылары түзіледі. Осы жағдай жылы және суық ауа фронттар кезінде де байқалады.
3.Құрамындағы бу болатын, газды қоспаның салқындатылуы. Бұл жағдайды ( күйді) су қайнаған шәугім мысалында көрсетуге болады. Шәугім мұрыншасынан су буы шығады, біз оны көрмейміз, өйткені оның түсі болмайды.Әр қарай су буы жылдам салқынданады, су конденсацияланады және де шәугім ұшында біз сүтті бұлт – тұманды көреміз. Ұқсас жағдай біз аязды күнде әйнекті ашқанда байқалады.Одан да бәрік аэрозоль ыдыста қызған май бөлмеде газ ( майлы аэрозоль) түзгенде пайда болады, оны бөлмені жақсылап салқындату ғана жоюға болады.