Дендриттер


Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану теориясы (теңдестірілген қоректену теориясы және адекватты қоректену теориясы)



бет21/27
Дата02.05.2023
өлшемі122,86 Kb.
#89017
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
ФИЗИО 4-РК ОТВЕТЫ

19.Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану теориясы (теңдестірілген қоректену теориясы және адекватты қоректену теориясы).
Тамақтану организмнің қалыпты жатдайда тіршілік етуін, оның дснсаулыгын және еңбск ету қабілетін камтамасыз ететін маңызды фактор. Тамақтану жәйлі гылымды нутрициология дейді. Тагам организмнін жүмсаган энергиясын толықтыру, өлген жасуша мен тіндсрін қайта қалпына келтіру жәнс барлык дене қүрамына кіретін мүшелсрдің кызмстін реттеуді қамтамасыз етеді. Организмге қажетті энергия және қүрылыс (пластикалык) материадар тағам қүрамымен күндслікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Тамақтану үрдісі жүйке жәнс гуморалдық жолмен реттеледі. Осы өте күрделі тамактану үрдісгерімен катар организмнің сол тамақты іздеп табу тәртібін қамтамасыз ететін жүйе бар - оны қызметтік тамақтану жүйесі деп атайды. Жас ерекшеліктеріне, дсненін жалпы салмағына, жынысына, аткаратын қызметіне, қоршаган ортаға қарай, әр адамға тән белгілі бір мөлшерде, құрамда қажетті белок, май, көмірсу, минерал заттары және вигаминдері бар тагам қажет қазіргі уақытта тагамның қүрамы және ондағы калория мөлшері жаксы зерттеліп анықталган, соның нәтижесінде әр адамга кажет тәуліктік гамақ молшерін жүмсалған энергия мөлшеріне сөйкестендіріи кабылдауға болады.
Тамақтанудың қазіргі гылыми теориялық негізі ретінде MFA академигі А.А. Покровскийдің айтып ұсынган, теңдік концепциясын жаткызуға болады.Осы концепцияга байланысты тамақ қүрамында организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде, белгілі бір қатынаста энергия, белок, көмірсу, май, витамин, минерал заттары, су болуы қажет. Сонымен катар басты көңіл алмастырылмайтын тамақ курамына аударылады. Бұл тамақ қүрамы организмде ферменттер жүйесімен түзілмейді, сондықтан да олар желінетін аспен сырттан енгізілуі шарт. Тамақтын мүндай қоспасына алмастыруға болмайтын амин кышкылдарынан валин, лейцин т.б., май кышқылдарынан каныкпаған май кышқылдары және витаминдер жатады. Алмастыруға болмайтын амин кышқылдары арнайы белок синтезі үшін пайдаланылады, әрі түрлі гормондар және нейромедиаторлар синтезделетін бастапқы қоспа (тироксин, адреналин, ацетилхолин т.б.). Көп канықтырылмаған май қышқылдары (олеин, орохидон т.б.) биологиялык мембрана құрамына кіретін негізгі бөлік, олар простогландин, нейропептид т.б. биологиялық белсенді заттар жасалатын негізгі қажетті материал. Аткаратын жұмыс неғұрлым ауыр, әрі тез орындалса, соғүрлым гамақта коректік заттар мөлшері көп болуы қажет. Қүрамында арық калория мөлшері бар тамақ (дене қимылы томен болса), семіздікке әкеледі, соның нәтижесінде әртүрлі мүшелердін, жүйелердің жүмыс кабілеті төмендеп, тіпті уақытынан бұрын қартаюга әкеліп соғады.
Тәуліктік тамақтанудың оңтайлы (оптималдық) мөлшері анықталған, онда жас ерекшелігі, жыныс, энергия жұмсалу мөлшері т.б. көрсеткіштер есепке алынган. Ересек адамдарда, салыстырмалы жеңіл дене қызметін жасағанда тәулігіне 80-100 г, орташа ауыр қызмет атқарғанда 110-120 г, ауыр дене кызметін атқарғанда - 130-160 г белок қажет. Балаларда қажетті белок мөлшері, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады. Дене салмағыньщ 1 кг есептегенде ересек адамдардан гөрі белок әлдекайда көп пайдаланылады, өйткені бала организмінде даму, осу үрдісі, белок биосинтезі өте жоғары. Тамақ рационында тәулігіне 70-80 г, егер энергия жүмсапу мөлшері жогары болса - 100 г дейін май, және оның күрамында 50-60% жануар майы болғаны жөн. Тәуліктік көмірсу мөлшері адам тамағында 400-450 г дейін болуы қажет. Жүмыс және тұрмысты жагдайларга байланысты тамак құрамының озара катынасы өзгеріп түрады. Дені сау адам үшін оптималдык тамақгагы белок, комірсу, майдың өзара қатынасы 1: 1:4 жақын болады. Тамақ заттары жақсы сіңіріліп пайдаланылу үшін, онын құрамы жануар мен өсімдік тектес болғаны дұрыс. Өсімдіктік зат көбіне шикі күйінде пайдаланыи организмді қажетті витамин, ферменттермен қамтамасыз етеді. Тамак құрамында витаминдердің жетіспеуінен организмнің әргүрлі жұқпалы ауруларга, сырткы орта әсерлеріне карсы тұруы төмендеп, арнайы аурулар иайда болады (авитаминоз). Әртүрлі витаминдерге, берілетін анықтама, әрі организмдегі олардың ролі биохимия курсында толык жан-жақты берілген. Адам денсаулыгын сақтауда оптималдық дүрыс тамақтанумен қатар, тамақ ішу уақытын дұрыс 340 белгілеу, энергия кұндылығы, мөлшері, кұрамы, тамак ішуді ұйымдастыру жагдайы үлкен роль атқарады. Тамақты бір тәулікте 3-4 рет бөліп ішкен пайдалы екені анықталған. Көпшілік ғалымдар тәуліктік тамақтың кобін ертеңгілік және түсте, ал кешкілік бір тәулікке қажет жатты барлык жылу калориясының үштен бір бөлігін кабылдау керек екенін айтады. Тамақ жақсы сіңіп, пайдаланылуы үшін құрамы, түрі әртүрлі, әрі дәмді дайындалып, тамақ ішетін жер таза, әдемі жиналған, адам тәбетін ашатындай ұйымдастырылған болуы қажет. Әсіресе мүндай жагдай, балалар гамақтануында ерекіие орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет