Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау


– Әлеуметтік мәні бар аурулар қандай медициналық көмекке үміткер бола алады?



бет11/12
Дата03.12.2023
өлшемі2,84 Mb.
#133314
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Документ (1) (1)

– Әлеуметтік мәні бар аурулар қандай медициналық көмекке үміткер бола алады? 
– Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық көмек амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетіледі. 
– Пациентке әлеуметтік мәні бар аурулар қалай қойылады?
– Егер учаскелік дәрігер (ЖПД, терапевт немесе педиатр) пациентте әлеуметтік мәні бар аурулардың белгілерін байқаса, онда ол оны тиісті бейінді маманға (тар бейінді дәрігерге, психологқа) консультацияға жібереді. Бұл ретте тар бейінді мамандардың консультациялары МӘМС пакетіне жатады, сондықтан бұл қызметті алу үшін науқастың сақтандырылған мәртебесі қажет (диагностикасы ТМККК-де жүргізілетін және сақтандырылмаған науқастарға қолжетімді болатын туберкулезге және АИТВ инфекциясына күдіктенуді қоспағанда). Көрсетілімдер болған кезде дәрігер науқасты диагностикаға жібереді, олар басқа бейінді мамандардың консультациялары, инструментальдық және зертханалық зерттеулер болуы мүмкін. Диагнозды растағаннан кейін учаскелік дәрігер пациентті диспансерлік есепке қояды және ол қажетті медициналық көмекті ала алады.
Емхана деңгейінде әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар диагностика және амбулаториялық емдеу қызметтерін ала алады. Оларға үздіксіз диспансерлік бақылау жүргізіледі. Көрсетілімдер болған кезде маман пациентті тәулік бойы немесе күндізгі бақылау жүргізетін медициналық ұйымға жібере алады.
– Әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын науқастарға тегін дәрі-дәрмектер беріле ме?
– Белгілі бір әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын пациенттер ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде туберкулез, АИТВ инфекциясы, бауыр циррозының сатысын қоса алғанда созылмалы С вирустық гепатиті, В вирустық гепатиті, қант диабеті, онкологиялық аурулар, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек қақпақшасын протездеу, психикалық аурулар, церебралды сал ауруы, реактивті артрит, аутоиммунды аурулар мен иммун тапшылығы жағдайында, түйіндік полиартрит, Альцгеймер ауруы, Бехчет ауруы, Крон ауруы, мукополисахаридоз және басқа да орфандық аурулар бар жағдайлар.
Науқастар аурудың дәрежесі мен сатысына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Тиісті препараттар тізбесі Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығымен бекітілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет