– Әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын науқастарға оңалтудан өтуге бола ма?
– Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар оңалтуға жататын аурулардың тізбесі бойынша жалпы негізде медициналық оңалтудан өте алады. Оңалту немесе қалпына келтіру емі қызметтерін алу үшін науқас учаскелік дәрігерге жүгіну қажет. Ол оңалтудың қажеттілігі мен тиімділігін анықтау үшін реабилитолог немесе мультидисциплинарлық топ мамандарының консультациясына жібереді. Медициналық оңалту МӘМС пакетіне кіреді, сондықтан одан өту үшін сақтандырылған мәртебесі болу керек.
– Қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы толығырақ айтсаңыз?
– Өңірде медициналық көмекті ұйымдастыруға және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдіктер жауапты болады. Бұл үшін олардың құрылымында денсаулық сақтау басқармалары көзделген. Олар халықтың өңірдегі медициналық көмекті алуын, оны медициналық ұйымдардың толық және сапалы ұсынуын тікелей бақылайды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармалары өңір тұрғындарын әлеуметтік мәні бар аурулардың және аса қауіпті инфекциялардың таралуы туралы хабардар етуге міндетті.
Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек кешенді жан басына шаққандағы нормативке кіреді және пациенттерге емханада тіркелуі бойынша ұсынылады.
4билет
1. Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау
2.. Алдын алу. Алдын алудың түрлері
5 билет
1.Аса қауіпті инфекциялық және созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу
Билет [5]
1)аса қауіпті инфекциялар – халық арасында өлім-жітімнің және (немесе) мүгедектенудің көп болуымен жаппай өршуді тудыра отырып, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын (эпидемиялық өршулер мен эпидемиялар), жануарлардан және адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар;
Жұқпалы аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды. Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection – жұқтыру) – бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар. Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Адам патологиясының ішінде үлес салмағы 60-70 % (ДДҰ жүрек тамыр және онкологиялық аурулардан кейін 3 орында). Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында әр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохеталар, саңырауқұлақтар және т.б. болуы мүмкін.
Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жұғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру – аса қауіпті жұқпа деп аталады.
Негізгі бөлім
Жұқпалы аурулар пайда болуының факторлары
Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:
• ауру қоздырғышы (микроб),
• сыртқы орта және
• қабылдаушы сезімтал организм.
Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, және т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.
Жұқпалы аурулар кезеңдері:
• жасырын (инкубациялық),
• күмәнді (продромалдық),
• ауру дамуы және
• айығу (реконвалесцениттік)
20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эволюциялық даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б.
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Қазіргі таңда аса қауіпті жұқпалы аурулар (АҚЖ) термині ТМД елдерінде ғана қолданылады. Басқа елдерде бұл түсінік халықаралық масштабта денсаулыққа аса қауіпті жалпы жұқпалы аурулар деп танылады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аса қауіпті жұқпалар тізіміне 100 аса аурулар кіреді.
Карантиндік жұқпаларға халықаралық санитарлық келісімдер таралған. Келісім қатаң мемлекеттік карантинді ұйымдастыру іс-шаралары тізімі кіретін құжат. Келісім аурулардың жүріп-тұруын шектейді. Жиі жағдайда карантиндік іс – шараларға мемлекет әскери күштерін жұмылдырады.
Карантиндік жұқпалар тізімі: полиомиелит,оба (өкпелік түрі), тырысқақ, табиғи шешек, сары безгек, эбол қызбасы және Марбург, тұмау (жаңа түр-түрлері), өткір респираторлық синдромы (АҚРС) немесе Sars.
Табиғи шешек жер бетінде жоғалған ауру деп саналғанына қарамастан ол аса қауіпті инфекциялар қатарына кіреді, өйткені бұл аурудың қоздырғышы кейбір елдерде биологиялық қару арсеналында сақталуы мүмкін.
Халықаралық бакылауға алынған аса жұқпалы аурулар тізімі: бөртпе және қайтармалы тифтер, тұмау (жаңа түрлері), полиомиелит, безгек, тырысқақ, оба (өкпелік түрі), сары және гемморагиялық безгегі (Ласса, Марбург, Эбола безгегі, Батыс Ніл).
Өңірлік (ұлттық) қадағалауға жататын аса қауіпті инфекциялар тізімі: ЖИТС, сібір күйдіргісі, маңқа, мелиоидоз, туляремия, сарып, риккетсиоз, орнитоз, арбовирустық инфекция, ботулизм, гистоплазмоз, бластомикозы, менингококктық инфекция, Рифт-Валли және Денге лихорадкасы
Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Туляремия
Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:
• Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары мен ұйымдарының табиғи ошақтардың (туляремияның белең алулары бұрын болған және қоздырғыштарының өсірінділері оқшауланған аудандардан бастап) ландшафтылы типтеріне байланысты эпизоотологиялық тексеру (көктемде және күзде) жүргізуі болып табылады.
• Туляремияның табиғи ошақтарын эпизоотологиялық тексеру негізінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың кешенді бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді:
1) кейіннен тиімділікті бағалау арқылы іс-шараларды жүргізу көлемін және мерзімдерін негіздей отырып, туляремияның табиғи ошақтарын сауықтыру (дезинфекция, дератизация, кенелерді жою);
2) жаңа аумаққа инфекцияның әкелінуінің алдын алу;
3) медициналық қызметкерлерді даярлау;
4) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу.
• Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялау қажеттілігін және жүргізу көлемдерін анықтайды.
• Вакцинациялауға жататын контингентті жоспарлау және іріктеу табиғи ошақтардың эпидемиялық белсенділік дәрежесін есепке ала отырып, сарапталып жүзеге асырылады.
• Адамдарды туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялауды (ерекше вакцинация) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне, және оларды жүргізу ережесіне халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау органы жүргізуі тиіс.
• Жайылмалы-батпақты, тау етегіндегі-өзен типіндегі табиғи ошақтарда және тұрақты резервация аймағының аумағында 7 жасқа дейінгі балаларды, 55 жастан асқан және қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, барлық тұрғындар жоспарлы вакцинацияланады.
• Оқшау ошақтар аймағы аумағындағы табиғи ошақтарда жоспарлы екпелер туляремияның оқшау, нақты шектелген ошақтары бар жекелеген аудандар аумақтарында орналасқан елді мекендерде жүргізіледі.
• Тоғайлы, далалық типтегі табиғи ошақтарда және тәуекел, шығару және салауаттылық аймағы аумағында мынадай тәуекел топтарына кіретін адамдар вакцинацияланады: аңшылар, балықшылар, олардың отбасы мүшелері, бақташылар, диқандар, мелиораторлар, сондай-ақ маусымдық және вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар.
• Әрбір 5 жыл сайын қайта вакцинациялау жүргізіледі.
• Туляремияға қарсы вакцинациялаудың уақтылы және сапалы өткізілуін бақылауды аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүзеге асырады.
• Туляремиямен ауыратын науқас анықталған немесе оған күдік туындаған кезде ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдар 12 сағат ішінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл хабарлама жібереді.
• Диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен медициналық ұйым да 12 сағат ішінде ауру анықталған жердегі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органына өзгертілген диагнозды, оның қойылған күнін және алғашқы диагнозды көрсете отырып, жаңа шұғыл хабарлама жібереді.
• Эндемиялық аудандарда бес күннен астам уақытта қызбамен ауыратын науқастардың, лимфадениттер, конъюктивиттер, этиологиясы белгісіз паротиттер мен баспамен ауыратын науқастардың қан сарысуын туляремияға серологиялық зерттеу жүргізіледі.
• Туляремияның абдоминалдық, өкпелік, конъюнктивалық-бубонды, ангиноздық-бубондық, ойық жаралы-бубондық және бубондық түрлері бар науқастар ауру орташа және ауыр өткен жағдайда стационарлардың инфекциялық бөлімшелеріне жатқызылады.
• Ауру жеңіл өтетін терілік-бубондық және бубондық түрлері, қалыпты лимфаденит пен 37,50С-дан аспайтын қызбалы реакция болған кезде амбулаториялық жағдайларда емдеуге жол беріледі.
• Туляремиямен ауырған адаммен байланыста болған адамдарға антибиотиктермен профилактика және медициналық бақылау жүргізіледі.
• Адамның туляремиямен ауыруы жағдайларын аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тұрғыдан тексереді.
• Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша шұғыл эпизоотологиялық тексеру және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен туляремияның қоздырғышын тасымалдаушыларды және таратушыларды жою бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
• Туляремиямен жаппай сырқаттану туындаған жағдайда аумақтық медициналық ұйымдар тұрғындарға медициналық қадағалау ұйымдастырады және жүргізеді.
• Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары белең алу типіне немесе аурудың жағдайына байланысты:
1) суға, дайындалған теріге, ауланған жануарлардың тұтас еттеріне (аурудың кәсіпшілік типі кезінде);
2) қансорғыш буын аяқтыларға (трансмиссивті типі кезінде);
3) ауру жұқтыруы мүмкін шөпке, астыққа және басқа да өнімдерге (ауыл шаруашылығы типі кезінде);
4) тамақ өнімдеріне, ауыз суға, үйде тіршілік ететін кеміргіштерге (тұрмыстық типінде);
5) шикізатқа, малдан алынған кенелерге (өндірістік типінде) бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.
• Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар аурудың типіне қарай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіледі:
1) туляремияның суда белең алуы кезінде – шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін тексеру, тазалау және дезинфекциялау, шомылуға арналған жұқпалы су айдындарын пайдалануға тыйым салынады, ішу үшін тек қайнаған су ғана пайдаланылады;
2) трансмиссивті белең алу кезінде – қолайсыз аумақтарға туляремияға қарсы егілмеген адамдардың баруына шек қойылады, жәндіктердің, соның ішінде кенелердің санын азайту және оларды жою жөніндегі іс-шаралар (дезинсекция), қорғаныш киімі мен репеленттер пайдаланылады;
3) ауыл шаруашылығы жұмыстарымен байланысты белең алулар кезінде – дератизация, астық пен өңделмеген жемдерді залалсыздандыру, малдардағы иксодты кенелерді жою (кене басқан малды өңдеу (жоспарлы, шұғыл), ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарға жұқтырылуының алдын алу;
4) тұрмыстық белең алулар кезінде – кеміргіштерді жою, аулаларды, көшелерді, алаңдарды қоқыстан, сабаннан, шаруашылық қалдықтардан тазалау. Тұрғын үйлер мен басқа да үй-жайларда дезинфекциялаушы құралдарды пайдалана отырып, кеміргіштерге тосқауыл, сумен тазалау қамтамасыз етіледі;
5) өндірістік жұқтыру кезінде – ауру жұқтырылған шикізат пен өнімдерді термиялық өңдеу жолымен залалсыздандыру жүзеге асырылады, ет комбинаттарында союға келіп түскен малдардағы кенелер жойылады;
6) аң аулаған кезде – қоянның, су тышқанының, көртышқанның және су егеуқұйрығының терісін сыпырып, денесін бөлшектегеннен кейін адамның қолы дезинфекцияланады, сыпырылған терілер залалсыздандырылады.
Қырым–Конго геморрагиялық қызбасы
Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:
• Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – ҚКГҚ) бойынша эндемиялық аумақта шағын топтардың жылына кемінде екі рет (сәуірде-маусымда және қыркүйекте-қазанда) зоологиялық-паразитологиялық тексеру жүргізу болып табылады; ерте және жылы көктем болатын жылдары тексеру наурызда басталады.
• Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары мен органдарының және обаға қарсы күрес ұйымдарының бейінді мамандарынан құралады.
• Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтар:
1) түрлері және биотоптары бойынша кенелер санын есепке алуды (к2) бақылау табындарында 5-10 мал басын тексеру жолымен олардың жұқтыру деңгейін бағалау үшін ауыл шаруашылығы жануарларынан кенелерді жинауды;
3) кенелердің түрлік құрамын анықтауды;
4) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде олардың негізгі және жанама қоректендірушілерін айқындауды;
5) кенелер популяциясының санына табиғи, антропогенді және шаруашылық факторларының әсерін талдауды;
6) кенелердің тіршілік әрекеті цикліне фенологиялық бақылауды;
7) зертханалық зерттеу үшін ашық жерлерде және көбейетін орындарда (үй-жайлар, індер) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде оларды жинауды;
8) кенелердің өте көп пайда болуы және олардың адамдарға белсенді шабуылы кезінде үй-жайларды тексеруді;
9) ҚКГҚ-мен ауыратын науқастар тіркелген кезде елді мекендерді тексеруді;
10) жаздық жайылымға көшкен кезде мал шаруашылығы үй-жайларын, ашық қораларды және уақытша орындарда кенелердің бар-жоғын тексеруді (айына кемінде 1 рет);
11) кенелерге қарсы іс-шаралар жүргізілгеннен кейін табиғи ошақ аумағында сауықтыру дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.
• ҚКГҚ-ның табиғи ошақ аймағындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын:
1) кенелерге қарсы дәрілеу іс-шараларын жүргізу үшін дезинсекциялық құралдарды (препараттарды) қаңтардан кешіктірмей сатып алуды;
2) денсаулық сақтау, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринариялық-санитариялық бақылау органдарының және өзге де ұйымдардың кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізуін үйлестіруді;
3) мал шаруашылығы үй-жайларын, ҚКГҚ табиғи ошағы аймағында орналасқан елді мекендердегі жеке үй-жайларды тазалауды (қидан, қоқыстан) ұйымдастыруды;
4) малдарды жаздық жайылымға айдаған кезде уақытша орындарды, ашық қораларды және қоршаған аумақты тазалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
• ҚКГҚ бойынша эндемиялық аумаққа жыл сайын кемінде екі рет (көктем, күз) кенеге қарсы жоспарлы іс-шаралар жүргізіледі.
• Кенелерге қарсы іс-шаралар алдын ала немесе шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі.
• Алдын ала профилактикалық жұмыстар алдыңғы өңдеу жылына алдын ала белгіленеді және жоспарлы тәртіппен орындалады; науқастар тіркелген жерлерде соңғы сырқаттану тіркелген кезден бастап кемінде екі жыл жүргізіледі.
• Шұғыл алдын алу типі бойынша іс-шаралар өңдеу жоспарланбаған учаскелерде:
1) адамның ҚКГҚ-мен сырқаттануы тіркелген жағдайларда;
2) ҚКГҚ вирусының болуына кенелерді зерттеудің оң нәтижелері кезінде;
3) кенелердің саны көп болған кезде жүргізіледі.
• Кенелерге қарсы іс-шаралар мына бағыттарда жүргізіледі:
1) ауыл шаруашылығы малдарындағы энзоотикалық ауруларды тасымалдаушы кенелерді және мал шаруашылығы қора үй-жайларындағы кенелерді жою – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелері ұйымдастырады;
2) аула құрылыстарына кенеге қарсы өңдеу жүргізуді қоса алғанда, елді мекендердің жеке үйлеріндегі және мұнда ұсталатын малдардағы, оның ішінде үй құстарындағы кенелерді жою – үй және мал иелері жүргізеді;
3) кеміргіштерді терең дустациялау немесе аэрозоляциялау әдісімен кедергілік өңдеу (тұрақты немесе уақытша елді мекен айналасына қорғаныш аймағын құру) – аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдары мен обаға қарсы күрес ұйымдары жүргізеді;
4) тұрақты немесе уақытша елді мекендерде үй жануарлары болатын бұталарды, суаттарды және басқа жерлерді инсектоакарицидті препараттармен өңдеу – жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері ұйымдастырады;
5) агротехникалық және жалпы санитариялық іс-шаралар (үй-жайларды және аумақтарды қи мен қоқыстан, бұталардан механикалық тазарту, жарықтарды жөндеу, ойықтарды, індерді алдын ала мазутпен, автолмен, керолинмен және көрсетілген заттар сіңірілген балшық құя отырып) – үй иелері мен шаруашылық субъектілері жүзеге асырады. Барлық көрсетілген іс-шаралар бір уақытта жүргізіледі.
• Кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген инсектоакарицидті құралдар пайдаланылады.
• Қолдану түрі препараттарды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.
• Hyalomma asiaticum asiaticum кенелері басым аудандарда кенелерге қарсы іс-шаралар наурыз-шілдеде және қыркүйек-қазанда, Hyalomma anatolicum кенелері басым орындарда шілде-тамызда жүргізіледі. Ошақтың паразиттік жүйесінде аталған түрлерден басқа Dermacentor niveus кенелері болған кезде кенелерге қарсы іс-шаралар жылдың барлық жылы мезгілде жүргізіледі.
• Кенелердің ерте белсенділігі кезінде кенелерге қарсы іс-шараларды бастау бір айға жылжытылады: кенелерге қарсы іс-шаралардың бірінші туры наурызда басталады және сәуірдің басынан кешіктірмей аяқталады. Өңдеулердің біреуін мал қырқу алдында 1-2 апта бұрын жүргізеді.
• Өңдеулер еселігі қолданылатын акарицидтердің қалдық әсерінің ұзақтығына байланысты айқындалады; осыған байланысты өңдеулердің жиілігі жылдың барлық жылы мезгілінде айына 2-3-тен 2-3-ке дейін өзгеруі мүмкін.
• Hyalomma тұқымдас кенелермен күресу үшін кез келген инсектоакаридті заттарды жұмсау нормасын Ixodes тұқымдас кенелерге ұсынылғанмен салыстырғанда 2,5-3 есе көбейтіледі.
• Жайылымдарды инсектоакарицидті заттармен өңдеуді мал көп жайылатын жерлерде жүргізуге болмайды. Эндемиялық аймақта олар ретті (КҚГҚ қоздырғышы анықталған жылдан кейінгі келесі 1-2 жылға ошақтық учаскелерді айналымнан алып тастау) пайдаланылады.
• Науқас адамдарды анықтауды ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
• КҚГҚ-ның белгілері бар адам медициналық көмекке жүгінген кезде медицина қызметкерлері биологиялық қауіпсіздік (медицина қызметкерінің өзіне, науқасқа және барлық айналасында адамдарға қатысты) қағидаларын сақтай отырып, науқасты тез арада инфекциялық бөлімшеге емге жатқызады және эпидемиологиялық анамнез жинайды.
• Этиологиясы белгісіз қызбаға байланысты амбулаториялық емделіп жүрген науқастар геморрагиялық синдром қосылған жағдайда, алғашқы тексеру кезіндегі аурудың ауырлық дәрежесіне қарамастан, биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, инфекциялық бөлімшеге шұғыл емге жатқызылады.
• КҚГҚ-ге күдіктену немесе онымен ауыратын науқас анықталған кезде медициналық ұйым 3 сағат ішінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл хабарлама жібереді.
• Сырттан келген адам КҚГҚ-мен сырқаттанған жағдайда, науқастың тіркелген орны бойынша аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы 3 сағат ішінде оның тұрып жатқан орны бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлайды.
• Эндемиялық аумақта жоқ дегенде бір науқас бар бүкіл елді мекен КҚГҚ эндемиялық ошағы болып есептеледі; эндемиялық аймақтан тыс орналасқан қалаларда және кенттерде науқастың болған орны (бөлек үй, пәтер немесе медициналық мекеме) эндемиялық ошақ болып есептеледі.
• КҚГҚ ошағындағы барлық жұмыстар арнайы қорғаныш костюмінде (бұдан әрі – қорғаныш костюмі), арнайы аяқ киіммен (етік немесе қонышы ұзын бәтеңке) және резеңке қолғаптармен жүргізіледі.
• Қорғаныш костюмдері болмаған жағдайда, комбинезон немесе басқа да қорғаныш киім пайдаланылады; бұл ретте оның жоғарғы бөлігін шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салады.
• КҚГҚ ошақтарындағы жұмыс кезінде әр сағат сайын киімге түскен кенелерді уақытында анықтау үшін өзін-өзі тексеруді және бірін-бірі тексеруді жүргізу қажет.
• Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтардың персоналы қорғаныш киімінің импрегнациясы үшін аэрозольды акарорепелленттерді немесе ұнтақ тәрізді инсектоакарицидті заттарды пайдаланады. Импрегнация аптасына кемінде бір рет және әрбір кір жуған сайын жүргізіледі.
• Ауыл шаруашылығы малдарын қырқу және жүндерді өңдеу қорғаныш киімі мен қолғаптарды киіп орындалады.
Оқу және емдеу ұйымдарында профилактикалық бағдарламаларды ұйымдастыру принциптері
Бұл тақырып бойынша алдағы дәрістерде кейбір жағдайларға тоқталғанымыз –бен бұл жолы емдік мекемелердегі алдын алужәне басқада мәселелерге еңірек тоқталамыз.
Емдеу мекемелерінде алдын алуды ұйымдастыру принциптері:
-әлеуметтік –экономикалық шаралар ең алдымен аурудың алдын алуға және оны тудыратын себептерін жоюға бағытталуы тиіс
-денсаулық сақтау органдары гигиеналық талаптар мен санитарлық заңдылық -тардың орындалуын бақылауды ұстануы қажет
-санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу,салауатты өмір салтын насихаттау медицина мекемелерінің қызметкерлерінің міндеті
-алдын алу бағыты –диспансерлік бақылау мен денсаулық сақтау мекемелерінің учаскелік принцип бойынша қызмет етуіне негізделген
-денсаулық сақтау қызметін атқару барысында азаматтардың конституциялық құқығын сақтау
Емдеу мекемелерінің бақылауында 30000 астам тұрғындар болса,онда құрамын -да профилактикалық бөлімін ашуға болады.
Оның құрамына мынадай кабинеттер кіреді:
– Дәрігерге дейін қабылдау кабинеті
– әйелдерді қабылдау кабинеті
-ауру қаупі жоғары адамдарды сұрыптау кабинеті
-диспансерлік бақылау жүргізу құжатарын сақтау кабинеті
-санитарлық ағарту және гигиеналық тәрбие беру кабинеті
-міндетті түрде диспансерлік ауруларды қабылдау кабинеті
Профилактикалық бөлімнің негізі міндеттері:
-ауыру қауіпі жоғары ауруларды тіркеуге алу
– кезекті және алдын алу профилактикалық қарауды ұйымдастыру және білікті емдеу жүргізу
-диспансерлік қарауды жүргізу,ұйымдастыру және бақылау орнату
-ересек адамдарға және жасөспірімдерге профилактикалық егу жүргізуді ұйымдастыру және бақылау
-аурулардың алдын алу үшін алғашқы және кезекті профилактикалық шараларды жүргізу
-халық арасында санитарлық-гигиеналық білімді насихаттау және зиянды дағдыларға қарсы жұмыс жүргізу
Сонымен қатар еңбекшілердің әл-ауқатын,денсаулығын жақсарту және еңбек қабілетін ұзақ жылдар бойы сақтау үшін өндірістік мекемелерде емдеу және медициналық-санитарлық бөлімдер жұмыс жасайды.
Медициналық санитарлық бөлім –бұл кәсіпорындар құрамында емхана, аурухана және цехтік денсаушылық бөлімшелері кіретін кешенді емдеу , ал -дын алу мекемесі.
Оның атқаратын қызмет түрлері:
-емхана немесе стационар жағдайында білікті және мамандырылған емдеу,ал-
дын алу шараларын жүргізу
-жұмысшылардың белгілі топтарына диспансерлік бақылау жасау
-жұмысқа орналастырудан бұрын алдын ала байқаудан өткізу
-уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу
-аурушаңдық, жарақат алу,кәсіби аурулар себептерін талдау және мекеме әкімшілігімен бірге науқастар арасында қайта қалпына келтіру,айықтыру жұмыстарын жүргізу
-санаторлық-курорттық ем алуға мұқтаж еңбекшілер тобын іріктеу,
-кешенді санитарлық сауықтыру шараларын жүргізу
-санитарлық белсенді топ құру
-жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін сақтауды ұйым
ДДҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер»
• дың ақпанынан бастап, СӨСҚО-ның «ДНЫҚ» бағдарламасы Жастар денсаулық орталығына берілген болатын. Қазіргі таңда аталмыш жобалардың үйлестірушілері психологиялық және педагогикалық білім алған мамандар атқаруда. Соның нәтижесінде келесідей міндеттер алға қойылған:
• берілген аудиторияның жас ерекшеліктеріне сай әр азаматқа өз денсаулы
ғына деген жауапкершілік қағидатын қалыптастыруда көмекке келу;
• оқу орындарында оқитындарға психологиялық көмек көрсету;
• «мектеп-отбасы» жүйесінде салауатты өмір салтын насихаттауға назар аудару.
Жүріс-тұрыс ауытқушылықтарының алдын алу үшін бала қолайлы психология -лық және педагогикалық ортада тәрбиеленуі қажет. Сондықтан баламен дұрыс қарым-қатынас орнату қажет. Ол үшін баланың, ата-ананың және мұғалімдер- дің тарапынан психоэмоционалдық жүктеменің неғұрлым аз деңгейімен реттеле -тін әрі оқушының дарыны, іскерлігі мен ептілігіне сәйкес орта қалыптастыру керек.
«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер » бағдарламасының іске асырылуы келесі алғы шарттарды қамтығанда сәтті болуы тиіс:
– жүріс-тұрыс ауытқушылықтарының қауіпті жағдайларының алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу (бір реттік бірлікте өткізілетін шаралармен салыстырғанда);
– ауруларға шалдығудың психологиялық факторын ескеру;
– бағдарламаны іске асыруға қатысты ұсыныстарды енгізу.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін жүйеге өзгеріс енгізу қажеттілігі аса маңызды. Бұл әрекет оқу үдерісінің қосымша ауыртпалықтарын азайту, білім сапасын төмендетіп алмай, денсаулықты сақтап қалу мақсатында қолға алынған. Ол үшін оқыту үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып, медиктік-санитарлық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру аса қажет.
Денсаулықты сақтап қалатын технологиялардың болжамды артықшылықтары – балаларда өзіне-өзі жауап беретін жауапкершілікті қалыптастыру, өз денсаулығын нығайтуға қатысты дұрыс әрекеттер жасау. Сонымен қатар аталмыш жұмысты іске асыру мен өзгерістер енгізу мақсатында ата-аналар мен оқушыларды қамтитын әлеуметтің сауалнамалар жүргізу арқылы бағдарлама сәттілігінің мониторингін анықтау.
Астана қаласының бірнеше мектептерінде өткізілген семинар-тренингтер барысында ДДҰ-ның «ДНЫМ» бағдарламасы үйлестірушілерінің жұмысын белсенді ету қажеттілігі артқаны байқалды. Бұл жұмыс жоспар бойынша іс-шаралар өткізу, жүріс-тұрыс ауытқушылықтарының қауіпті жағдайларының алдын алуға қатысты семинарлар өткізу, денсаулықты сақтап қалатын технологияларды дамыту, мұғалім, психолог және әлеуметтік педагогтардың кәсіби шеберлігінің психологиялық қырының алдын алу сияқты іс-шаралардың басын қоспақ.
Науқастардың қажеттілігін бағалау- ауырып келген науқастарды емхана -ларда, немесе кез келген емдеу мекемелерінде мұқият қарап, барлық диагнос -тикалық зерттеулерді жүргізеді,олар- рентгендік, лабораториялық, функцио -налдық (УЗИ,фиброэндоскопиялық, компьютерлік т.б.) тексеруді жүргіз -геннен кейін науқастардың ауруына баға бере отырып,қайда ем алуы керектігін анықтайды және де ол науқастар жоспарлы немесе жедел жәрдем медицина қызметкерлерінің жолдамасымен шұғыл түрде тиісті емдеу мекемелеріне жатқызылады.Науқастарауруханаға қабылдау бөлімшесі арқылы түседі.Оны қабылдау бөлімшесінің кезекті дәрігері тексеріп, қай бөлімшеге жатқызылатынын анықтайды.Ал медбике науқастың дене қызуын, қан қысымын өлшейді, одан кейін медициналық карта толтырып дәрігерге береді.Одан кейін бөлімшеде науқасқа қажетті тексеру,зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қажет болса басқа да мамандардан кеңес алып боланнан кейін, тиісті емдер тағайындайды.
Оқу мекемелерінде профилактика іс шараларын ұйымдастыру принциптері
Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі-«Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулы- ғы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында денешын –ықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағыт талған Елбасының жолдауын – егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағы -на апаратын алтын сүрлеу десе болады. Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы, әрі көрсеткіші болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден материалдық жағдайын түзеуі тиіс, ол үшін адал еңбек етуі қажет.
Егеменді елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттілік -терін қалыптастыру мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.
Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткін -шектерді еңбекке баули отырып, рухани-адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбие -леу мәселесін алғашқы орынға қойған. Сондықтан, педагогтар өз кезегінде әрбір оқушының денінің сау болуы үшін тәрбие бере білуге тиіс. Білім алу -шыны сауықтыруда дене шынықтыру пәні жетекші орынға ие болатын болса, басқа пәндердің өз үлесі болуы керек екені сөзсіз. Мектептегі әрбір мұғалім өзіне бекітілген бағдарламаны оқытумен қатар, оқушының тәрбиесіне, оның ішінде профилактиканы қалыптастыруына да көңіл бөлуі қажет.Әр педагог өз сабағында жасөспірімдердің назарын өздері үнемі сүйіп жейтін тәтті тағамдардағы құнарлылыққа аударғаны жөн. Мәселен, тіске залалды конфет, печенье,консерв банкасындағы және бауырға қатерлі пепсикола мен кокакола сыртындағы жазуларды оқытуға болады. Сонымен қатар, калория дегеніміз ненің өлшеуі дегенде, латынның «жылу» мағынасын беретін, жылу мөлшерінің жүйеден тыс өлшем бірлігі екенін түсіндіруі тиіс. Осы ретте, мұғалім әркімнің денсаулығына ұқыпты қарап, ішкен асының шектен тыс аз немесе көп ақуызды, майлы, көмірсутекті болмауы үшін «Тағамдар нәрлілігі» кестесінен хабардар болуы керек екенін ескерткені дұрыс.
Оқушы болашағы оның денсаулығына байланысты. Оқу, білім алу, үйрену немесе біреуді үйрету үшін адамға мықты денсаулық керек. Жеке тұлғаның денсаулығын сақтауға деген құндылық бағдары әрдайым әртүрлі жағдайларда өзінің ойлары мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы. Оқушылардың дені сау болу үшін ұстаздар оған жақсы дәстүрлер мен әдеттерді сіңіріп, салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі мен оны іске асырудың жолдарын үйретуі қажет.
Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, балалардың денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет. Сондықтан да білім беру саласындағы мамандардың осы бағытта өз үлестерін қосуы қажет.
ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Елбасымыз Н.Назарбаев өз жолдауында -салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар мәселесін алға қою, әсіресе жастар денсаулығы турасында көптеген жәйттер аталып өтілген болатын. Елбасы атап көрсеткендей, Қазақстанның басты капиталы – адами ресурстар болса, бірінші кезекте болашақ жастардың қолында екендігін ұмытпауымыз керек. Жастар мәселесі және жастар денсаулығы ешқашанда екінші кезекке қойылмайтындығы мәлім. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі басымдықта – салауатты өмір салтын бірінші кезекте балалар мен жастар үшін насихаттау, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың стандарттарын әзірлеу және енгізу, спорттық – сауықтыру ғимараттарының желісін кеңейту және бұқаралық спортты дамыту, зиянды әдеттерге қарсы күрес жөнінде жұмыстар жүргізіліп келеді.
ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №113 қаулысымен бекітілген ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасын және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 19 қазандағы №491 «Жастарға достық қарым-қатынас қызметін ендіру туралы» бұйрығын облыс көлемінде жүзеге асыру мақсатында жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқару бүгінгі күннің басты талабы. Жастар денсаулығын қорғау, олардың толық жағдайда медициналық және психо-әлеуметтік көмек алуын қамтамасыз ету, жастардың денсаулығын қорғау жөнінде өңірлік салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары жанында немесе қалалық емханаларда арнайы «жастар денсаулығы орталығын» ашу келелі мәселелердің бірі болып келсе, соңғы жылдары осы мәселелер орындала бастады,қазіргі уақыттат республика көлемінде 100-ге тарта жастар денсаулық орталықтары ашылып жұмыс істеуде. Бізде де облыс әкімінің қолдауымен 3 миллионнан аса қаралған қаржыға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жанынан «Жастар денсаулық орталығы» ашылды. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыдан жаңадан 15 жұмыс орны ашылды. Ең бастысы облысымыздағы 205 мың студент жастар мен өзге де жастар өз денсаулығына мұқият қарап қана қоймайды, жастардың пікір алысар орны болуда. Сонымен қатар жастар-
дың мұқтаждарына сай болатын, өз денсаулығын сақтауды реттеу бойынша шешім қабылдауға белсене қатысуды көздейтін медициналық көмекті ұйымдастыру орталығы. «Жастар денсаулығы орталығына» келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, денсаулықты сақтау проблемалары бойынша кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетеді. Соның ішінде, жанұя жоспарлау, ВИЧ инфекциясының алдын алу, ішімдік пен нашақорлық және басқа да жағдайлардың алдын алумен қатар құқықтық кеңес береді.
Айта кететіні, жастар денсаулығы қазіргі уақытта көкейкесті мәселе болып табылады. Оның есебінен болашақта ұлт денсаулығы ауыр зардап шегуі мүмкін. Сонымен қатар, қауіпті ықпалдардан бүгінгі жасөспірім жастардың репродукциялық әлеуетін төмендетудің қауіп қатерлі ықпалдарына апарып соғатын қауіпті мінез-құлық салалары жөнінде ақпараттандырудың төменгі деңгейде, ұрпақ жаңғырту мекемелеріндегі медициналық-санитариялық сүйемелдеу кемшіліктері жатады.Сондықтан қазіргі күні Қазақстанның денсау лық сақтау жүйесінің алдындағы бірінші кезектегі міндеті – жасөспірімдер мен жастар денсаулығын сақтау бойынша жас ұрпақ денсаулығының бүгінгі күн жағдайын бара-бар көрсететін, олардың мұқтаждарына сай болатын, сондай-ақ өз денсаулығын сақтауды реттеу бойынша шешім қабылдауға белсене қатысуды көздейтін медициналық көмекті ұйымдастыру
Атап өтерлік бір жәйт, жастарға қамқор клиникалары – бұл денсаулық сақтау мәселелері бойынша жасөспірім жасының ерекшеліктерін алдын ала ескере келе еріктілік, ыңғайлылық, тілектестік пен сенім негізінде кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсететін мекеме. Жасөспірім мен жастарға олардың мәселелерін түсіну арқылы, мінез-құлықтарын өзгерту жолын қоса іздестіру арқылы денсаулық сақтауға бағдарланған ЖҚК көмегі басқа медициналық ұйымдардан ерекшеленеді.
Келесі кезең жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау орталығының қызметін ұйымдастыру болып табылады Сонымен қатар, бұл орталық идеологияны қалыптастыруға зер салып отыр. Дәрігердің жәй қабылдағаны емес, дәрігер, психолог, психотерапевт немесе арнайы даярлықтан өткен маманның кеңесі ретінде көрсетілетін көмек жастарға пайдалы. Бұл жастар басынан кешетін күрделі мәселелермен нәтижелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Жасөсіпірім мен жастардың репродукциялық денсаулық сақтау мәселелерін шешу тәсілдерінің әдеттегі медициналық мекеме мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау орталығы арасындағы айырмашылығы да бар.
Сонымен қатар, ЖҚК-ң келесі қағидалары іске асырылады, бірінші ыңғайлылық – жас адам қызмет алуға нақты мүмкіндігі бар: қаралу жосығының оңайлығы, тегін медициналық көмек кепілдігінің орындалуы, көрсетілген көмек құзырлылығы, кез келген қажет ақпаратты білу мүмкіндігі, қаралған күннен бастап көмек алуы. Екінші – тілектестік қызметкерлер тарапынан жасөспірім ерекшелігін түсініп, қабылдауға негізделген, сыйлау, құпиялық сақтау және олардың өзіндік пікірін білдіруін қолдауда барынша тілектестік қарым-қатынаста болу, қызметкерлер жастардың тұрмыс қалпын түсініп, қабылдауға тырысуы. Үшіншіден – сенім қызметкерлердің тілектестік қарым-қатынасынан, жасөспірім мен жастарды тұлға ретінде сыйлау және құпиялық сақтау қағидаларынан құралады. Еріктілік, бұл төртінші – жас адамның ауруға ғана байланысты емес, аурудың алдын алу мақсатында өздігінен, жете түсіне дәрігерге қаралу уәждемесі, сондай-ақ, қызмет талғауда әрі ЖҚК қызметкерінің ұсынысын қолдануда еркіндік білдіруі болып табылады.
Негізінде, Жастар денсаулық орталығы жасөспірімдер мен жас адамдар үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, барлық қажетті қызмет түрлерін тегін әрі құпия ала алатын орын болып табылады.
Жастар мұнда мынадай мәселелер бойынша консультациялар ала алады:
– Маскүнемдіктің, нашақорлықтың және шылым шегудің алдын алу
– Стресті және құлазу жағдайларының алдын алу
– Репродуктивті және сексуалды денсаулық
– Отбасын жоспарлау
– Жыныстық жолдармен берілетін АИТВ/ЖҚТБ жұқпаларының алдын алу
– Дұрыс тамақтану
– Психикалық денсаулық
– Жазатайым жағдайлар мен жарақаттанудың алдын алу
– Қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу
– Құқықтық консультациялар алу
Денсаулық мектебі
«Денсаулық» мектебі қысқаша айтқанда, аурудың туындауы мен даму себептерін жоюға, емделушілерге кешенді медициналық кеңес беру түрі. Бұл орталықтың негізгі міндеті, жасөспірімдердің денсаулығын қорғап, олардың жалпы ортаға психологиялық және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу. Бүгінгі таңда 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық мектептері ашылу қарқыны үдей түсуде. Оның дәлелі денсаулық мектебі біздің облысымызда да ашылып, өз жұмысын бастап кетті.
– Денсаулық мектебінің арқасында сырқатты дер кезінде анықтап, оның алдын-алуға мүмкіндік туады. Көбіне ауру-сырқау мен өлім-жітімнің негізгі себепшісі созылмалы жұқпалы емес аурулар. Көптеген қауіп-қатер факторлары адамның мінез-құлқынан, өмір сүру салтынан пайда боп жатады. Ауру-сырқау деңгейін тек дәрілік емдер ғана төмендетпейді, сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанып, өзіндік әрекет ету де зор ықпал ете алады.
«Денсаулық» мектебін ұйымдастырудағы негізгі мақсат- халыққа салауатты өмір салты дағдыларын үйрету. Денсаулық мектебінің бағдарламасы жеті сабақтан тұрады. Бір дәрістің ұзақтығы бір сағат қырық минут. Дәрігер мамандардың көмегіне жүгінген адамдар өздерін мазалаған сұрақтар бойынша жауап ала алады. Атап өтер бір жәйт, осы орталықтың көмегіне жүгінген әр адамның сұрақ-жауаптары құпия жағдайда сақталады. Қазірдің өзінде келушілердің қатары көбейіп отыр. Қазіргі таңда жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беру баршамызға міндетті жұмыс. Темекі шегу, алкогольді ішімдіктерге әуес болу, дұрыс тамақтанбау тұрғындар арасында белең алып барады. Бұл скринингтік тексерулер нәтижесінде анықталған нақты дерек.
Енді әрбір адам денсаулық мектебіне келіп, медициналық, психологиялық көмекті тегін алатын болды. Осы орайда ұрпақ саулығы – ұлт саулығы екендігін ұмытпаған жөн.
Науқастарды ақпараттандыру
Науқастарды ақпараттандыру дегеніміз,ол қандай бір ауру болмасын науқас -тарға немесе туған туыстарына жеткізу.Бұл медицина қызметкерлері, оның ішінде дәрігерлер үшін өте қиын жағдай , өйткені олар этикені сақтай отырып науқасқа ауруы туралы жеткізу керек,әрине бұл үлкен искусствоны қажет етеді.Өйткені қандай бір ауру болмасын адамға Сізде осындай ауру бар десе бәрібір біразға дейін теріс әсерін береді. Өздеріңіз қараңдаршы егер Сізде инфаркт,немесе инсульт,немесе қант диабеті,немесе туберкулез тағы да басқада аурудың атын айтса кез келген адам қуанбайды, бәрібір белгілі бір уақыт өткенше ол адам қайғыланады, жылайды,көңіл күйі бұзылады.Адамға Сізде рак немесе психикалық-шизофрения ауруы бар деп айту, керек десе тәжірибелі дәрігерлердің өзіне қиын,өйткені адамның шындықты қабылдау деңгейіде әртүрлі.Кеңестер одағы кезінде ауруға барлық шындықты айтпау керек деген ұғым болушы еді,ал қазіргі заманда ше ,оны білу қиын емес, бұқаралық ақпараттық құралдары, ең бастысы интернет арқылы нені де білуге болады, сондықтан ауруды қазақша айтқанда, әдемілеп жеткізудің қажеттілігі барма? Ең қиынның да қиыны ол ата аналарына баласының ауыр науқаспен ауыратындығын жеткізу, бұл олар үшін үлкен қасірет.Сондай қиындықтың бірі
ол аурудың туған туыстарына да науқастың ауруы туралы жеткізу. Өмірде бәрі болады, осындай ауру дегеннен кейін ата анасын, күйеуін,немесе әйелін,немесе баласын тастап кетіп жатқандар азба, кейбір жағдайда тіптен сотқа дейін дәрігердің баруы мүмкін,өйткені осы жағдайға келтіруге оның бір ауыз сөзі себеп болды.
Ал енді тағы бір нақастарды ақпараттандырудың бір түрі, ол СМС арқылы науқастың дәрігерге келуі немесе түрлі зерттеулерден өтуі туралы хабарлама жіберу. Бұл әрине сол клиниканың немесе емхананың үлкен биіктікке жеткен дәрежесі деп қарау керек..
2)Туберкулездін алдын
алу:
Жыл
сайын
THICT1
адамдар
калыптастырылады, жоспар жасалады жоне флюорографиялык тексеру
149
жургізіледі. Аурудын жогары каупі бар келесі адамдар жылына 1 рет жоне
6 айда тексеруге жатады:
карамастан медициналык унымдардын
кызметкерлері;
2) эскери кызметке шакырылушылар;
3) жогары жоне орта арнаулы оку орындарынын студенттері,
училище окушылары;
4) 15-17 жастагы жасоспірімдер;
5) окпенін созылмалы спецификалык емес ауруларымен, кант диабетімен,
алкоголизммен, нашакорлыкпен,
АИТВ/ЖИТС-пен
диспансерлік есепте турган адамдар;
6) иммуносупрессиялык терапия алатын адамдар;
8) Кез келген этиологияданы окпеде калдык кубылыстары бар
тулгалар;
9) бактерия белуіне карамастан туберкулезбен ауыратын наукаспен
байланыста болган адамдар;
10) мектепке дейінгі уйымдардын, жалпы білім беретін жоне мамандандырылган мектептердін, лицейлердін жоне гимназиялардын кызметкерлері;
11) дорілік заттарды ондірумен, дайындаумен, олшеп-ораумен жоне сатумен айналысатын доріхана уйымдары мен фармацевтикалык ондірістердін кызметкерлері;
12) туберкулезге карсы вакцинациясыз перзентханадан немесе
перзентханадан шыкканга дейін жана туган норестенін отбасы мушелері,
тамак
онеркосібі, когамдык
жоне азЫк-ТУЛІК
саудасы
объектілерінін кызметкерлері жэне халыкка кызмет корсету саласынын кызметкерлері;
13) тетенше жагдайлардын алдын алу жоне оларды жою
саласындары Карулы Куштердін эскери кызметшілері мен органдардын кызметкерлері;
14) Казакстан Республикасына уакытша туруга келген адамдар;
15) Халыкка кызмет корсету саласынын кызметкерлері;
16) Тергеу изоляторлары мен тузеу мекемелерінін кызметкерлері;
17) Ішкі істер министрлігі жуйесінін кызметкерлері;
Аурудын алдын алу максатында:
Салауатты омір салтын устану кажет-дене
шыныктырумен,
спортпен жуйелі турде шугылдану, белсенді демалу;
Дурыс тамактану - ет пен сутті, балыктан жасалган онімдерді, жемістер мен коконістерді жеткілікті молшерде колдану, спиртті сусындардан, темекі мен есірткіден бас тарту;
Алгашкы симптомдар пайда болган кезде дорігерге бару керек;
Жыл сайын флюорографиялык тексеруден оту;
Жеке гигиенаны сактау - колды сабынмен жуу жоне
жуу
куралдарын колдана отырып ыдысты жуу, жеке ыдысты колдану,
тушкірген жэне жотелген кезде ауыз бен мурынды майлыкпен жабу;
Жиі таза ауада болу, табигатта демалу;
Жиі желдету жоне ылгалды эдіспен уй-жайларды жинау;
Какырыкты оз айналасында мурагаттау-инфекцияны таралуна
Туберкулездін алкашкы белгілері:
2 аптадан артык жетелу;
Дене кызуынын котерілу;
Кеуде аймагында ауырсыну жоне кысылу;
Дене салмагынын томендеуі;
Тунгі уакытта тершендік;
Тобеттін томендеуі:
Элсіздік жоне катты шаршау;
Осы симптомдар пайда болган кезде дорігерге бару керек.
Сактандыру турлері:
1. элеуметтік
2. арнайы
3. санитарлык
Элеуметтік алдын алу
- Халыктын денсаулык жагдайын жаксарту жинтыны:
- Енбек заннамасы
- Ана мен баланы коргау
- Тургын уй курылысы жэне елді мекендерді жетілдіру
- Омірдін материалдык жагдайын жаксарту
- Жалпы мадениетті арттыру жоне санитарлык білімді енгізу
- Дене шыныктыру мен спортты кенінен дамыту
Мунын бэрі туберкулез ауруын томендетуі мумкін
Ерекше алдын алу
- Диспансерде наукаска кутім жасау жоне оны окыту
- Диспансердегі бакылау топтары
- Тэуекел топтары
6 Билет
Кәсіптік тексерулердің барлық түрлерін жүргізу
.
АМСК патронаждық мейірбикесінің жаңа рөлі
7 Билет
Халықтың белгілі бір топтарын диспансерлеу кезеңдері
4. Халықтың белгілі бір топтарын диспансерлеу кезеңдері
Диспансерлеу созылмалы жұқпалы емес ауруларды ертерек анықтау мақсатында, оның ішінде бірнеше мамандық дәрігерлерімен медициналық тексеру және тексерудің қажетті әдістерін қолдануда кешенді іс-шаралар жүргізу болып табылады.
Диспансерлеу неге керек?
Диспансерлеуді жүйелі түрде өту біздің еліміздің халқының мүгедектігі мен өлім-жітімінің негізгі себебі болатын қауіпті аурулардың даму мүмкіндігін азайтуға немесе оларды емдеу аса тиімді кезінде дамудың ертерек кезеңінде анықтауға елеулі дәрежеде көмегін тигізеді.
Диспансерлеу қалай өтеді?
Диспансерлеуді өткізудің негізгі қағидасы оны екі кезеңде өткізу:
-Бірінші кезең – ол азаматтарда созылмалы жұқпалы емес аурулардың және олардың дамуының тәуекелдік факторларының белгілерін анықтау.
-Екінші кезең – диагнозды нақтылауға және алдын алу кеңестерін тереңдетуге қосымша тексеруді талап етеді.
Диспансерлеу кезінде тексеру және зерттеу тізбесі аса кең және өзіне маман дәрігерлердің тексерулерін қоса, барлық мүмкін болған талдауларды кіргізеді. Бұдан басқа, Сіздің көңіл күйіңіз және бойыңызда бар зиянды әдеттеріңіз туралы Сізден арнайы сауалнама толтыруыңызды сұрайды.
Диспансерлеу қанша тұрады?
Диспансерлеу ТЕГІН өткізіледі.
Емделуші диспансерлеуді алғашқы медициналық-санитарлық көмекті алатын тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеде өтеді.
Диспансерлеуді өтудің кезеңдері:
ҚР ДМ 2012 жылғы 26-шы желтоқсандағы №885 бұйрығымен бекітілген диспансерлеуге жататын анықталған аурулар тізбесі бар. Егер Сіздің ауруыңыз осы тізбеге кірсе, онда Сіз учаскелік ЖТД жүгінуіңіз керек.
Қажеттілікке байланысты ЖТД қосымша тексеруді және салалық мамандардың кеңесін тағайындайды. Емделушінің жағдайын анықтау үшін қажетті қосымша зерттеулерді өткен соң ол салалық бағыттағы маманмен тексеріледі. Салалық бағыттағы маман емделушінің жағдайына баға береді және әрі қарай жүргізу тәсілін анықтайды: стационарлық емдеуге жолдама береді немесе емделушіні емдеуде түзетулер енгізілген соң әрі қарай ЖТД диспансерлік бақылауға жібереді. ЖТД жүргізілген емдеудің жағымды өзгерісі болса әрі қарай диспансерлік бақылауды өткізеді, жағымды өзгеріс болмаған кезде ЖТД емделушіні арнайы бөлімшеге стационарлық емделуге жібереді. Стационардан шыққаннан кейін емделуші қайтадан ЖТД барады, ол диспансерлік бақылаудың әрі қарай жоспарын анықтайды және әрі қарай диспансерлік тексеру үшін емделуші туралы СМР мәліметтерін береді. ЖТД диспансерлік есепте тұрған, бала көтеретін жастағы емделушілермен аурудың ағымын және алынған фармакотерапияны есепке ала жүктілікті жоспарлау сұрақтары бойынша тұрақты жеке жұмыстар өткізеді.
Негіздеме:
«Аурулардың созылмалы түрлерімен ауыратындарды диспансерлеу хаттамаларын (стандарттарын) бекіту туралы» ҚР ДМ 2012 жылғы 26-шы желтоқсандағы №885 бұйрығы.
Денсаулықты сақтау мен нығайту және СӨС қалыптастыру саласындағы бағдарламалар (СӨСҚ
қалалық орталығы)
Денсаулықты сақтау мен нығайту және СӨС қалыптастыру саласындағы бағдарламалар (СӨСҚ қалалық орталығы)
Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
- анатомиялық сый-ағзалар мен тіндерді сыйға тарту;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі-Қазақстан
Республикасының барлық азаматтарына көрсетілетін және тікелей
республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын
медициналық көмектің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
бірыңғай көлемі;
- ерікті медициналық сақтандыру-азаматтарды медициналық
көмектің кепілді тегін көлемінен тыс қосымша қызметтер көрсету
бойынша сақтандыру түрі;
- амбулаториялық-емханалық тарификатор-мамандандырылған
амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметтерге тарифтер
тізбесі;
- клиникалық-шығындық топтар-емдеу шығындары бойынша
ұқсас аурулардың клиникалық біртекті топтары;
- жан басына шаққандағы норматив – медициналық қызметтердің
нақты көлемін қамтамасыз ету үшін бір адамға шаққанда жыл сайын қайта
қаралатын шығындардың белгіленген нормасы;
- халық медицинасы (емшілік) – емдеу құралдары туралы халық
жинақтаған эмпирикалық мәліметтердің, сондай-ақ емдік және
гигиеналық тәсілдер мен дағдылардың жиынтығы және оларды
денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және емдеу үшін практикалық
қолдану;
- медициналық оңалту–денсаулықты ішінара немесе толық
қалпына келтіру
таназия – науқастың өлімін тездету туралы өтінішін қандай да
бір әрекеттермен немесе құралдармен, соның ішінде өмірге қолдау
көрсету жөніндегі жасанды шараларды тоқтатумен қанағаттандыру.
Ескерту
2-бап. Осы Заңның реттеу нысаны
Осы Заңның реттеу нысанасы Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулық сақтау құқығын іске асыруына байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын
сақтау туралы заңдары
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау
туралы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделеді және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
басқа да заң және нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
4-бап. Азаматтардың денсаулығын қорғаудың мемлекеттік
саясатының принциптері
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау
саласындағы мемлекеттік саясаты:
- Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді
қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау;
- мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық
- санитариялық, медициналық-әлеуметтік және дәрілік көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде қол жетімділіктің, сабақтастықтың және
тегін болуының және оларды іске асыру үшін жауапкершілігі;
- денсаулығын жоғалтқан жағдайда азаматтардың әлеуметтік
қорғалуы;
- медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық көмек алудағы әлеуметтік әділеттілік пен теңдік
аласындағы:
азаматтардың денсаулығын қорғаудың бірыңғай мемлекеттік
саясатын және оны жүзеге асыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ
денсаулық сақтауды дамыту стратегиясын әзірлейді;
мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді, оларды Қазақстан
Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады және олардың
орындалуына жауапты болады;
денсаулық сақтауды, фармацевтика және медицина өнеркәсібін
дамытудың мақсатты кешенді бағдарламаларын бекітеді және
қаржыландырады;
атқарушы органдардың, министрліктердің, мемлекеттік
комитеттердің, өзге де орталық атқарушы органдардың азаматтардың
денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі қызметіне басшылық жасайды;
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау
саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының ұсыныстары
негізінде медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемін бекітеді
және баспасөзде жариялайды
мыту жөніндегі шараларды айқындайды;
республикалық медициналық, оқу, ғылыми-зерттеу және
санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметіне басшылық
жасайды;
Денсаулық сақтау ұйымдары мен халықты материалдық -
техникалық, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ықпал етеді;
жергілікті атқарушы органдар арқылы меншік нысанына қарамастан
аумақтық денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметін
үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
халықтың денсаулық жағдайын талдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды
қоспағанда, өз құзыреті шегінде лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне
лицензиялар береді;
ведомстволық медициналық-санитарлық қызметтердің жұмысын
үйлестіреді;
дәрілік заттардың нормаларын, дәрілік заттардың сыныптамасын
бекітеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясына;
Ескертпе
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік көмек
көрсетуге арналған негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттардың тізімін
бекітеді;
Ескертпе
дәрілік заттарды, олардың адам денсаулығына қауіпті, оларға
арналған нормативтік құжаттарда көрсетілмеген жанама әсерлері
анықталған жағдайда оларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және
мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін
айқындайды
8 билет
1.Ерте балалық шақ-шексіз мүмкіндіктер уақыты
*Ерте балалық шақ-шексіз мүмкіндіктер уақыты*
Негізгі идеялар
1. Алғашқы жылдар өмірінің қалған бөлігіне негіз қалайды
2. Өз потенциалын (қабілетін) жүзеге асыру үшін балаға сүйіспеншілік пен назар,қауіпсіз және ынталандыратын орта,жақсы тамақтану,жақсы медициналық көмек,ойнау,сөйлесу мүмкіндігі қажет
3. Ерте жаста мидың дамуы денсаулықты ,мінез-құлықты,эмоцияларды,стресске төзімділікті,кейінгі жылдары ойлау қабілетін және ересек жағдайды анықтайды.
Фактілер
ТМД –ның 29 елінің 12-сінде балалардың жартысы өсуінің тежелуі мен кедейліктің бой алуына байланысты өзінің толық потенциалына жете алмау қаупімен ұшырасады.
-5 жасқа дейінгі 5,9 млн баланың (26%) табиғатпен берілген толық потенциалын жүзеге асыра алмау қаупі бар.
- Өңірде 3 жасқа дейінгі балалар интернаттық мекемелерде тұруына байланысты ерте жаста алу керек қажетті күтімді,қамқорлықты ала алмайды.
Неге ерте балалық шақ-бұл шексіз мүмкіндіктер кезеңі?
Ерте жаста адамның өмірлік жетістіктері қалыптасады:
- Мінез-құлық,әлеуметтік өзара әрекеттесу, оқыту,құзыреттілік модельдері анықталады.
- Физикалық және психикалық денсаулық негіздері қалыптасады.
- Стрессті жеңуге биологиялық жолдар қалыптасады
Алғашқы үш жылда мидың дамуы өте жылдам жүреді. Бұл модуль баланың іште пайда болған күнінен бастап 3 жасқа дейінгі даму, яғни мидың дамуы, нейробиологиялық дамуы, денсаулығына әсері,оқыту және өмірлік іс қыймылына бағытталған.
Даму аймақатары
1. Физикалық дамуы
2. Әлеуметтік-эмоционалды дамуы
3. Когнетивті дамуы (экспрессивті(бейнелі) рецептивті(түсіну) тіл дамуы)
4. Коммуникативті дамуы
5 .Бейімделу дағдылары
2. Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметін ұйымдастыру.
9билет
ҚР Халық денсаулығы көрсеткіштерінің статистикасы. Оларды медициналық-әлеуметтік бағалау. Қазіргі заманғы технологиялар, қоршаған ортаның сапасын бағалаудың интегралды көрсеткіші ретінде ауруды талдау.
Денсаулық сақтау жүйесі республикалық және жергілікті деңгейдегі ұйымдар желісі арқылы жұмыс істейді, қалыптасқан дәстүр бойынша, оларға мынадай функцияларды атқару жүктелген: халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен оған әркімнің де қолы жетуін қамтамасыз ету; эпидемиялар (індеттер) мен аурулардың таралуының алдын алу; дүлей апаттар кезінде шаралар қолдану және халыққа олардың зардаптарын еңсеруге жәрдемдесу. Денсаулық сақтау ісінің аса маңызды функцияларының қатарына халықтың денсаулық күйінің мониторингі, дерттің алдын алу, емдеу, сондай-ақ денсаулыққа байланысты проблемалар мен оны республиканың жекелеген аймақтарында қалыптастыратын факторларды зерделеу жатады.
Вакцинация. Егу күнтізбесі
Егу, вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.
илет
2.Алдын алу бағдарламаларын жоспарлау
Алиментарлық, азық-түлікпен байланысты аурулар - тағамда қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігінен немесе олардың шектен тыс болуынан туындайтын аурулар
1.
билет
Денсаулықты нығайту мектептері
Денсаулық мектебі – халықтың нысаналы топтарын осы топ үшін денсаулықты нығайту мен сақтаудың басым мәселелері бойынша оқытудың ұйымдық нысаны.
Мектептердің мақсаты – пациенттердің дәрігердің ұсынымдарын орындауға мотивациясын арттыру және жақсарту, емдеуде, оңалтуда және алдын алуда дәрігермен серіктестік қарым-қатынас қалыптастыру
Міндеттері: ауру, қауіп факторлары және прогрессивті курс жағдайлары туралы дұрыс пікір қалыптастыру, бұл пациентке пациенттердің және олардың жақындарының әрі қарайғы сауықтыру процесінде белсенді өмірлік ұстанымын анағұрлым нақты қалыптастыруға және ұзақ уақыт бойы ұсыныстар кешенін орындауға мүмкіндік береді.
Мектептері
1.Диабет денсаулық мектебі
2.дені сау жүрек,таза тамырлар мектебі
3.еркін тыныс денсаулық мектебі
4.белсенді ұзақ өмір сүру
5.сізде бала болады денсаулық мектебі
2) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру.
АҚТҚ-ның алдын алудың ен манызды бағыттарының бірі-АИТВ инфекциясының тік берілуінің алдын алу, ягни адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) тасымалдаушы болып табылатын жүкті әйелдердің алдын алу курсынан өтуі деп санауға болады. Бұл терапия баланың құрсақта жұқтыру қаупін барынша азайтуға бағытталған. Табиғи тууды ауыстыратын кесар тілігі, сүйекте пайда болған нәрестені жасанды тамақтандыру - бұл АҚТҚ-ның алдын алу тәсілдері. АИТВ-ның тік берілу қаупіне әсер ететін факторлар:
Ана денсаулығының жағдайы. Қандағы немесе ананың қынап секрециясындағы вирус деңгейі неғұрлым жоғары және оның иммундық
мәртебесі неғұрлым төмен болса, вирустың балаға берілу қаупі соғұрлым жоғары болады. Егер ананың ауыр белгілері болса-қауіп жоғары.
Ананың өмір сүру жағдайы: тамақтану, демалыс, витаминдер және т.б. - өте маңызды фактор. Еуропа мен АҚШ индустриялық дамыған
елдерінде АҚТҚ бар бала туудың орташа статистикалық тәуекелі үшінші әлем елдеріне карағанда шамамен екі есе томен. Алдыңғы жүктіліктердің болуы: олар неғұрлым көп болса, соғұрлым тәуекел жоғары болады. Баланың жетіліп туылуы: шала туылған, сондай-ақ мерзімінен өтіп туылған балалар жиі инфекция жұқтырған болады. Босанудың скінші кезеңінің ұзақтығы: баланың жарыққа шығуына
дейінгі уақыт аралығы неғұрлым қысқа болса, тәуекел аз болады. Ұрық қабығының қабынуы немесе мерзімінен бұрын жарылуы кезінде жаңа туған нәрестеге АИТВ-ның берілу қауші жоғары. Кесар тілігі: көптеген зерттеулер кесар тілігі кезінде, әсіресе, егер ол ұрықтың айналасындағы қабықтар жарылғанға дейін жүргізілсе, АҚТҚ бар баланың туу қаупі төмендейтінін көрсетті
12билет
Денсаулықты нығайту үшін қолданылатын әдістер мен технологиялар
2. Стигма мен кемсітушілікті жою бойынша жұмыс
2021 жылы Қазақстан АИТВ – инфекциясымен байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі жаһандық әріптестік бастамасына қосылды. Стигматизация мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою 2030 жылға қарай тұрақты даму мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде шешуші рөл атқарады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексімен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға әлеуметтік және құқықтық қорғауға кепілдік беріледі. Қазақстан-зайырлы өркениетті мемлекет, сондықтан ауруларға байланысты стигмаға жол берілмейді. Бұл АИТВ-ның таралуына ықпал ететін стигма. Стигма қоғамдағы кемсітушіліктің, АИТВ– мен өмір сүретін адамдардың, негізгі топтардың өкілдерінің-ИЕТ, ЕЖЕ, секс-жұмыскерлер, трансгендерлердің құқықтарының бұзылуының негізгі себебі болып табылады. Стигмаға байланысты адамдар тестілеуден, емделуге жүгінуден қорқады, қарым-қатынасты шектейді, өмірге жоспар құруды тоқтатады.
ҚР ДСМ ҚДЖАҒО стигма мен кемсітушілікке әкелетін АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген теріс көзқарасты қатаң түрде айыптайды.
БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) нөл кемсітушілік күні деп жариялаған 1 наурыз қарсаңында Қазақстан Республикасы АИТВ инфекциясына байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі жаһандық серіктестік бағдарламасына қосылды.
Елде ЮНЭЙДС 90-90-90 стратегиясы іске асырылуда, ол АИТВ инфекциясына байланысты алдын алуды, тестілеуді, емдеуді және күтімді қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде халықты тестілеумен қамту 13 пайыздан асады, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған көрсеткіш - 10%. Жыл сайын негізгі топтардың өкілдері (инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар, секс-жұмыскерлер, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар) және жүкті әйелдер көбірек тестіленеді. АИТВ бар әйелдер 99,6%-да дені сау балаларды дүниеге алып келеді. Олардың көпшілігі екінші және үшінші рет ана болады. Антиретровирустық терапия (АРТ) қол жетімді болуда, ол науқастарға диагноздан кейін бірден тағайындалады және тегін беріледі. ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының нысаналы көрсеткіші кезінде АРТ-мен қамту – 71%, бүгінде - 73% құрайды.
Егер қоғамда АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілік деңгейі жоғары болмаса, бұл нәтижелер әлдеқайда маңызды болуы мүмкін. Бүгінгі таңда адам құқықтарын қорғау саласындағы міндеттемелерге және АИТВ-мен байланысты саяси бастамаларға қарамастан, стигматизация мен кемсітушілік бүкіл әлемде таралуда. Бұл мәселеде ортақ прогреске қол жеткізу үшін тиімді бағдарламалар мен бастамалар қажет.
Олардың бірі - Жаһандық серіктестік бағдарламасы 10 желтоқсанда, Женевада адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының қабылдануының 70 жылдығында басталды. Жаһандық бастаманың таныстырылымында қауымдастық өкілдері медициналық және оқу орындарын, жұмыс орындарын, отбасыларды қоса алғанда, түрлі салаларда АИТВ-мен (АӨА) өмір сүретін адамдардың стигматизациясы мен кемсітушіліктерінің деңгейін төмендету бойынша өзінің тиімділігін дәлелдеген бағдарламаларды ұсынды.
- Қазақстан АИТВ-инфекциясымен байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық нысандарын жою бойынша Жаһандық серіктестіктің халықаралық бастамасын қолдайды. Ол Мыңжылдық декларациясында белгіленген даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетініне сенімдімін.
Бастаманы іске асырудың оң нәтижелері, бірінші кезекте, АӨА, тұтқындар, мигранттар және халықтың негізгі топтарының басқа да өкілдеріне қатысты болуы тиіс, - дейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.
13билет
1.
2.
14билет
1. Медициналық тексерулер және олардың түрлері.
Медициналық қарап-тексеру – бұл денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың таралуын анықтауға және олардың алдын алуға, сондай-ақ қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің, адамдардың еңбек қауіпсіздігін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарау.
Медициналық тексерулердің түрлері:
Медициналық тексерулер міндетті және профилактикалық болып табылады.
Міндетті медициналық қарап-тексерулер келесі түрлерге бөлінеді:
алдын ала міндетті медициналық тексерулеркәсіп немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі;
мерзімді міндетті медициналық тексерулержұмыс істеушілердің денсаулық жағдайына динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
2. Денсаулық көрсеткіштерінің статистикасы
Медициналық тексерулердің түрлері:
Медициналық тексерулер міндетті және профилактикалық болып табылады.
Міндетті медициналық қарап-тексерулер келесі түрлерге бөлінеді:
алдын ала міндетті медициналық тексерулеркәсіп немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі;
мерзімді міндетті медициналық тексерулержұмыс істеушілердің денсаулық жағдайына динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
15 билет
1.
Достарыңызбен бөлісу: |