Ішкі жан дүниелік өмір – адамның жан дүниесін, ұлт еркіндігін және дінді тануы, көптеген интелектуалды мұқтаждықтар мен жан –дүниелік не көркемдік қасиеттерін жатқызамыз. Адамның ішкі жан –дүниелік өмірі махаббат, достық, сезім және жақсы болашаққа деген сезім, религиялық ес пен діндік тұрақтылық сұрақтары жатады. Адамның ішкі жан – дүниесі оның ішкі құлдыныстарын, жаман мен жақсыны түсіне білуді қалыптастырады.
Өмір сапасының құрылымы 3 негізгі компонеттерден тұрады: 1.Өмір сүру жағдайы, яғни адамның өзіне тәуелсіз жағы (табиғи, әлеуметтік орта);
2.Өмір сүру салты, субъективті, адам өзі жасайтын жақтары;
3.Өмір сүру жағдайымен қанағаттануы;
Өмір сапасын анықтау медициналық көмектің сапасын бақылауда да маңызды рөл атқарады. Өмір сапасын зерттеу медициналық көмек көрсету жүйесінің нәтижелілігін анықтайтын әмбебапты жоғарғы информативті құрылым болып табылады және науқас жайлы обьективті баға береді.
Өмір сапасын бағалау фармакоэкономикада да кеңінен қолданылып келеді. Фармакоэкономиканың зеріттеулер денсаулық сақтаудағы қазіргі заманға сай әдістемелік өмір сапасының ұзақтығының және жақсартудың әртүрлі технологияларын анықтайды. Фармокологиялық талдау диагностикалық , профилактикалық және реабилитациялық іс-шаралардың нәтижелілігін және емдік технологияларды бағалау үшін қолданылады. Фармакоэкономиканың бір тапсырмасы ол - емдеуге минималды шығындарды жарата отырып, науқастың максималды жоғары өмір сапасын қамтамасыз ету.
2. Халықтың белгілі бір топтарын диспансерлеу кезеңдері
Диспансерлеу созылмалы жұқпалы емес ауруларды ертерек анықтау мақсатында, оның ішінде бірнеше мамандық дәрігерлерімен медициналық тексеру және тексерудің қажетті әдістерін қолдануда кешенді іс-шаралар жүргізу болып табылады.
Диспансерлеу неге керек? Диспансерлеуді жүйелі түрде өту біздің еліміздің халқының мүгедектігі мен өлім-жітімінің негізгі себебі болатын қауіпті аурулардың даму мүмкіндігін азайтуға немесе оларды емдеу аса тиімді кезінде дамудың ертерек кезеңінде анықтауға елеулі дәрежеде көмегін тигізеді.