Мойын – бастың сезімді бақылай алатын мүшесі болып табылады. Суреттегі мойны бар кейіпкер өз сезімін басқара алатын адам (бұл жиі үлкен адамдар).
Қол. Қолдың іс-әрекеті – қосылу, өзге адамдармен байланысқа түсу, іс-қимыл жасау. Қолында көп саусақтар бейнеленген кейіпкер, күш-қайраты мол болып табылады. Ұзын қол – өзара байланысқа жылдам түскіш адамды білдірсе, қолы қысқа адам – әлсіз, шешім қабылдай алмайтын, қарым-қатынасқа тапшы адамның бейнесін білдіреді.
Аяқтар – жүру үшін, қорғаныш үшін, еркін қимылдау үшін қажет. Аяқ кең жағдайда орналасқан сайын, кейіпкер жерде нық және сенімді тұрады. Оң аяқ – отбасынан алшақтық, сол аяқ – отбасына жақындықты білдіреді.
12. Суреттің түстері – адамның сезімдерін білдіреді. Отбасындағы жақсы көретін адамдарын бала ең сүйікті түстерімен бояйды. Ал сүйкімсіздерін күңгірт түстерге бояйды. Ашық түстер көңіл-күйдің көтеріңкі екенін білдірсе, күңгірт түстер қобалжу, қорқыныш, жайсыздықты бейнелейді. Көп жағдайда бүлдіршіндер аналарын қызыл көйлекте, әшекей бұйымдармен бейнелеп, өз махаббаттарын көрсетіп жатады. Сүйікті адамдарының бәрін, бала сәнді етіп бейнелейді.
13. Егер бала тек өзін ғана бейнелейтін болса,ол өзін отбасы мүшесі ретінде сезінбейді. Баланы отбасында шектетеді, ол отбасында өзін жайсыз сезінеді. Бала өзін кішкентай, бұрышта тығылып тұрған бейнесін салуы мүмкін. Дегенмен, егер баланың өзіндік бағалауы жоғары болса да, ол тек өзін ғана бейнелейді. Ол өзін өте сәнді етіп салады.
14. Суреттегі күннің бейнесі – қорғаныш пен жылулықтың белгісі. Бала мен күннің арасында тұрған адамдар мен заттар, жылулықты сезінуге кедергі жасаушылар.
15. Ұсақ-түйек заттардың бейнеленуі (түйме, орамал) бала білмейтін құпиялар мен шектеулердің барын білдіреді.