Көктемгі жалынгүл шөбі – трава горицвета весеннего – Herba Adonidis vernalis Көктемгі жалынгүл - Горицве весенний - Adonis vernalis L. Сарғалдақтар тұқыдасы – семейство лютиковые - Ranunculaceae Сипаттамасы. Көпжылдық шөптесін өсімдік, тамырсабағы қысқа. Сабақтары тік жәй сабақ немесе тармақтты, қалың жапырақты. Жапырақтары кең жұмыртқа пішіндес, жіңішке, шеті тегіс салаларға бөлініп салаланған. Гүлдері сабақ ұшын дара орналасқан. Күлтелері 10-20, ашық-сары түсті. Жемісі – көп жаңғақша.
Таралуы. Украинада, Қырымда, Солтүстік Кавказда және Батыс Сібірде таралған. Далалы аймақтарда, орман шеттерінде өседі.
Дәрілік шикізаты. Жер үсті бөлігін (Herba Adonidis vernalis ) жинайды. Өсімдік толық гүлдегеннен бастап жемістері толық пісіп, төгілгенге дейінгі өсу кезеңінде дайындалады. Шөбін пышақпен немесе орақпен кесіп алады. Шөбін жұлуға болмайды. Жиналға шөбін көлеңкелі жерлерде немесе 50-600С температурада кептіргіштерде кептереді. Кептірілген шикізаттың ұзындығы 10-30 см, қалың жапырақ жапқан сабағы, гүлі мен жемісі бар шөп.
Химиялық құрамы. Жалынгүлдің негізгі карденолидтеріне адонитоксин мен цимарин жатады. Адонитоксин адонитокссигеннин және L – рамнозаға гидролизденеді, ал цимарин – сторфантидин мен циморозаға гидролизденеді Аздаған мөлшерде басқа да жүрек гликозидтері және сапниндер кездеседі. Флавонды гликозид адониверит табылған.
Қолданылуы. Адонистің препараттары кумулятивті әсер көрсетпейді. Негізгі қолданылуы жүрек қызметінің созылмалы жетіспеушілігі мен жүрек неврозына байланысты. Сонымен қатар, оларды броммен бірге жоғары жүйке қозуында, ұйқысыздықта, эпилепсияда қолданада. Жалынгүлдің құрғақ (Adonidisidum) препараты мен суыл тұнбасын пайдаланады. Жалынгүлдің құрғақ экстрактысы «Адонисбром» таблеткаларының құрамында, Бехтерев Таблеткаланың және басқа да кешенді жүрек дәрмектерінің құрамында кездеседі.
Шашыңқы ақбасқурай шөбі – трава жетушника расидистого - Herba Erysimi diffuse