Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері



бет27/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Дәрілік шикізаты. Жапырақтары (Folia Digitalis)жинап алған соң тез арада 60-700С температурада кептіргіштерде кептіреді де гликозидтер гидролизін болдырмау мақсатында тез аяқтайды. Барлық оймақгүлдері жапырақтарының дәмі ащы иісі өзіне тән сүйкімсіз, Жапырақтарын Б-тізімі бойынша сақтайды.
Дәрілік құрамы. Медицинада қолданылатын оймақгүлдерідің барлығында дәрілік карденолидтер кездеседі. Бұлардың агликондары бес гениндерден яғни, дигитоксингенин, гитоксигенин, гиталоксигенин, дигоксигенин және дигинатигениндерден тұрады. Жоғарыда аталған гениндердің қантты бөлігі болып дигиталоза, фукоза, глюкоза, глюкометилоза, ацетилдигитоксозалар саналады.
Тірі өсімдіктерде карденолидтер біріншілік (генуинді) глкозидтер яғни, қант қалдықтарының көп мөлшері бар биосинтездің соңғы өнімі күйінде кезеседі. С-3 байланасында генинмен дигитоксоза байланысқан. Қанттар тізбегінде одан кейін дигитоксоза жалғасқан (1-2 молекуласы); соңғы моносахарид гликоза болып саналады. Жапырағын жинау әсіресе, оны кептіру кезінде ондағы ферментативті процестердің жүру әсерінен қанттар тізбегінің қысқару (гликозаның соңғы молекуласынан басталатын) жүреді. Екіншілік гликозидтер түзіліп, бұдан ары ұзындғы қысқа көмірсулы байланыстардың жай қосылыстары пайда болады.
Қолданылуы. Күлгін оймақгүлдің препараттары медицинада жүрек пен қан тамырларрының жұмысын реттейтін дәрмек ретінде кеңінен қолданылады. Препараттары ІІ және ІІІ сатыдағы қан айдаудың бұзылуында, гипертониялық ауыруларда қолданылады. Оймақгүлдің гликозидтері жүрек систоласын күшейтеді және диастоланы тереңдетеді, жүрек қағуын бәсеңдетеді және де зат алмасуын жақсартады. Басқа жүрек гликозидтеріне қарағанда оймақгүлдің препараттарының айқын кумулятивтік қабілеті бар, яғни гликозидтер баяу бөліне отырып ағзада жинап, әдеттегі емдік дозасы ұзақ қолдану барысында ағзаның улануына әкеліп соғады. Осыған байланысты оймақгүлдің препараттарын басқа жүрек дәрі-дәрмектерімен алмастырып отырады. Оймақгүлдің сапонидермен бірге қолдану арқылы оймақгүлдің препараттарыны ерігіштігін жақсартап, олардың сіңірілуін оңайлатады.
Татты оймақгүлдің препататтары да күлгін оймақгүлдің препараттарымен бірдей әсер көрсетеді, олардың ерекшелігі жүрекке тез әрі жеңіл әсер береді, кумулятивтік қабілеті әлсіз білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет