Строфант тұқымдасы – семена строфанта – Simina Strophanthi Комбе строфанты- Строфант комбе - Strophanthus Kombe Oliv. Кедірлер тұқымдасы – семейтво кутровые - Apocynaceae Сипаттамасы. Биіктігі 15-20 м шырмауық немесе жартылай шатырда ақ-сары гүл тәжі бар әдемі орналасқан өрмелегіш бұталы өсімдік. Гүл тәді дұрыс, түүтікшелі, 5 салалары ұзын бұрылып жатады.
Жемісі екі бөліктен тұратын күрделі жапырақша, ұзындығы 1 м-ге жетеді, бөліктері қоңырқай түсті бір ұялы ұзын жіп тәрізді созылып жатады, піскен кезінде бүйір тігісінен ашылады. Ұясының ішінде, жоғары ұшында жіңішке жібек түтіктерден тұратын ірі айдары бар, көптеген тұқымдары орналасқан.
Таралуы. Strophanthus туындасының барлық өсімдіктері жабайы түрде Африкада таралған. Строфант Комбе Замбези өзінің бассейндерінде және Шығыс Африка өзендері жағалауларында таралған. Мәдени түрде Африка мен Индияға енгізілген.
Дәрілік шикізаты. Тұқымдары (Simina Strophanthi)ұзын бір жағы домалақ, ал екінші ұшы созылыңқы. Оның түсі сұр-жасыл түсті, сыртын жібек тәрізді жатыңқы түктер жауып тұрады.
Химиялық құрамы. Строфант Комбе тұқымдарынан негізгі бірншілік гликозидтерге 2-3% құрайтын К-строфантозид жатады. К-строфантоид К-строфантидин агликоны және қанттар цимароза мен глюкозаның екі молекуласы (α және β) қосылған триозид болып табылады.
Агликонның С-10 байланысында альдегид тобы бар. Шеткі глюкооза молекуласын ферментативті бөлу арқылы екіншілік гликозид К-строфантин-β түзіледі. Бұдан ары β-глликозидаза β-гликозаны бөліп үшіншілік гликозид цимарин түзіледі, бұған цимарозадаза ферментімен әсер ету арқылы агликон К-строфантидин қалады.
К-строфантозид пен оның екіншілік гликозидтерінен басқа бұл түрінің тұқымдарында цимарол гликозиді бар, ол строфантидиол мен цимарозаға ыдырайды. Строфантидол К-строфантидиннен С-10 байланысындағы біріншілік спиртті тобымен ажыратылады.
Қолданылуы. Строфант Комбе тұқымдасынан мынадый препараттар алынады: 1. Строфантин К (Strophanthinum K); Строфантидин ацетаты (Strophanthidini acetas). Строфантин К жүрек-қан тамырлары жұмысының жетімсіздігінде қатаң миокарда инфарктында, қан айыналуының созылмалы етімсіздігін ауыр формаларында қолданады. Строфантидин ацетат кардиотоникалық әсер береді, строфантидин кумуляция көрсетпейді.