Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері



бет26/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
Шикізаттар

Химиялық құрамы. Шөбінің бойында флавоноидты қосылыстар: эквизетрин, лютеолин, натрингенин, дигидронагенин, кверцетин бар.Сонымен қатар, шикізаттың құрамында тритерпенді сапониндер оның ішінде 5% жуық эквизетонин, алкалоидтар никотин, эквзетин, 3-метоксипиридин және өзіне тән кремний қышқылы 25% жуық табылған. Қолданылуы. Өсімдіктің шөбінен әзірленген дәрілердің несеп айдайтын, қабынуға қарсы, қан тоқтататын әсер ететін, микробтарды жоятын қасиеті бар. Осыған байланысты бұл өсімдікті бүйректің және қуықтың қабынуларын, қуыққа және бүйрекке тас байланғанда емдеу үшін қолданады. Сонымен қатар, бұл өсімдік гипертония дертін, атросклерозы, буындардың және асқазан жолдарыны қабынуын емдеу үшін қолданылады.

Оймақгүл жапырақтары, Стро фант тұқымдары, Көктемгі жалынгүл шөбі, Шашыңқы ақбасқурай шөбі, Меруертгүл шөбі.

Оймақгүл жапырақтары – листья напрстянки – Folia Digitalis
Қара – қошқыл – Наперастянка пупуровая - Digitalis pupurea L.
Жасаңшөптер тұқымдасы – семейство норичниковые -
Scrophulariaceae
Сипаттамасы. Digitalis туысына жататын өсімдіктердің 36 түрі анықталған. Оймақгүл екі немесе көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Бірінші жылы тамырсабақтарының жапырақтары пайда болады, ал екінші жылы және одан кейінгі жылдары ірі шашақты гүлдерден тұратын биік сабағы өсіп шығады. Оймақгүлдер 2 секцияға бөлінеді. І-ші секция – Grandiflorae: бұлар қызыл немесе сары гүлдерден тұратын бір жылдық шашақтар; гүл тәжінің түтікшесі қоңырау және оймақ тәрізді; бұларға ірі гүлді оймақгл, қара-қошқыл және кірпікті оймақгүлдер жатады. ІІ-ші секция – Globuliflora: күңгірт немесе ашық – бурыл түсті домалақ, бұларға түкті гүлді және татты оймақгүлдер кіреді.
Қара- қошқыл оймақгүл - биіктігі 120 см екі жылдық өсімдік. Тамыржапырақтары ұзынша жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 30 см ені 15 см. Төменгі сабақ жапырақтары жұмыртқа тәріздесі ұзындығы 20 см, сағақты, жоғарылары отырмалы. Жапырақтарының барлығының шеттері тегіс емес. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті әжімделген қою-жасыл түсті; төменгі бетіндегі талшықтары қөп бұрышты тор құрып шығыңқы орналасқан. Гүлдері бір біріне қарай шашақ құрып орналасқан., гүл тәжі ойық тәрізді ірі, ұзындығы 3-4 см, сыртынан қара-қошқыл түсті, ішінде көптеген ұсақ тұқымдар орналасқан. Қара қошқыл оймақгүлдің отаны – Батыс Европа. Ормандар ашық алаңқайларда, кесілген ағаштарда, шалындарда өседі. Өсімдік қоңыржай климатты, қыс қатты болмайтын орташа жауын-шашынды аймақтарда өседі. Мәдени түрлері жарық сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді Украина мен Солтүстік Кавказда плантацияларда мәдени түрде өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет