Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері



бет33/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Шикізаттар

Қолданвлуы. Меңдуана препараттары медицинада қатты құлап жапырақтарында, подагра ауыруларында тыныштаныдру үшін қолданылады. Бронхы демікпесіне ішетін «Астматол» дәрісінің құрамына қосады.
Меңдуана алкалоидын – гиперциаминді ұшақпен ұшқанда құсуға қарсы қолданылатын «аэрон» таблеткасының құрамына қосады. Қара меңдуананың жапырақтарынан жасалған майын, экстрактсын сыртқы ауыруларға, жүйке, бұлшық ет және буын ауыруларына жағады. Меңдуананың барлық препараттары өте улы, пайдаланғанда өте сақ болу қажет.
Сасық меңдуана жапырақтары – листья дурмана обыкновенного - Folia Daturae stramonii

Сасық меңдуана - Дурмана обыкновенный - Datura stramonium L.Алқалар тұқымдасы – семейство пасленовые - Solanaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 1 м дейін жететін өте жағымсыз иісті біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жасыл, жылтыр, бұтақталған. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, ұшы үшкір, тақтасының жиектері толқындала ойықталған, ұзын сағақты. Гүлдері ірі, гүл аяғы өте қысқа, өркенге бір-бірден орналасады. Тостағанша жапырақшасы 5, ақ, варонка тәрізді, түбі жіңішкеріп тостағаншасының ішінде жатады. Жемісі шар тәрізді немесе жұмыртқа пішіндес, сырты қатты тікенекті қауашақ. Тұқымдары бүйрек пішіндес, қара, ұсақ. Көкектен қыркүйекке дейін гүлдейді.

Таралуы. Қазақстанның таулы облыстарынана басқа жерлерінің әрізде кездеседі. Үй маңында, аулада, бақшаларда, қоқысты жерлерде топтанып өседі. Ылғалды, құнарлы топырақты жерлерде жақсы өнеді.

Дәрілік шикізаты. Жапырақтарын (Folia Stramonii) тез арада кептіреді. Иісі ерекше, дәмі тексерілмейді (улы). Алкалоидтар мөлшері 0,25%- дан төмен болмауы керек.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөлігінде гиосциамин, атропин, скополамин алкалоидтары бар. Жапырақтарында (0,23-0,37%) алкалоидтар, эфир майы (0,04%), каротин (0,1% дейін), иілік заттар (1,7%)болады. Тұқымдарының құрамында линол глицириді (45% дейін), олеин (40% дейін), пальмитин, стеарин және лигноцерин қышқылдары кіретін майдың 17-25% бар. Алкалоидтар жаздың аяғында өсімдікте көп жиналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет