Қазіргі кезде адамзатты қоршаған орта күннен-күнге нашарлап азып-тозып бара жатқаны
баршаға аян. Сондықтан Еуропада социал-демократтардың әлеуметтік және экологиялық жағынан
жаңарған индустриялық мәдениеттілік орнатпақ та ойлары бар.
3. Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар ХIХ ғасырда Еуропа мен солтүстік
Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай принциптерді басшылыққа алады:
қоғамда билік
үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте
көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметі билейді, басқарушы партияға
(партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын,
сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық
партиясы, Ұлыбританияның социал-либералық партиясы және т.б.
4. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік
теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты
жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың
Республикалық партиясы, Германияның Христиандық-әлеуметтік
Одағы мен христиандық-демократиялық Одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік
партиясы, т.б.
5. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүденің басым болғанын,
басқаруда
қатаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді
қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады.
Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған
неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.
Бұл аталған партиялардың өзіндік идеологиялық бағытына және саяси тәртіпті қолдауларына
қарай өзіндік әрекеттері бар. Саяси өмірдегі алатын орны мен билікті жүзеге асыруға қатысына
қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық (латынның “қарсы қою” деген сөзінен
шыққан) деп бөлінеді. Билеуші партиялардың қолдарына мемлекеттік билік тигендіктен оларға
бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни олар
басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі
жоқ басқа партиялар өз
мүдделерін басқа жолмен қорғайды. Олар бұл мақсатқа өздерінің конституциялық құқығын,
парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Белгілі бір қоғамдық пікір
тудырып, билеуші партияға сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси партиялар оппозициялық деп
аталады. Олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қоғамның даму
бағдарламасын жасайды, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарға
өздерінің көзқарастарын
білдіреді. Жалпы оларға қарсыластық қасиет тән келеді.
Олардың жұмысын әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Бұл жағдай қазір
Қазақстанда да көп партиялы жүйемен реттелуде. Және де қоғамның саяси өмірі қоғамдық-саяси
қозғалыстарменде толығуда.
Сонымен, партия деп – қоғамдағы әлеуметтік-саяси мүдделерді шешу үшін өздеріне ортақ
көзқарастарды іске асыру жолында мемлекеттік билікке келуге ұмтылатын азаматтардың ерікті
ұйымын айтады.
Тарихта XVIII-XIX ғасырларда саяси партиялар клуб, әдебиеттік бірлестіктер,
қоғамдық
ұйымдар түрінде пайда бола бастады. Бірақ сол кездегі шексіз мемлекеттік билік (монархия,
патшалық) жағдайында партиялардың айтарлықтай маңызы болмады. Ол уақытта әртүрлі
мемлекет басшылары қоғамдық ұйымдарға, саяси қозғалыстарға қарсы болды, тіпті
дұшпандықпен, қастықпен қараған жағдайлар да болған. Мысалы, Америка Құрама Штаттарының
бірінші президенті Джордж Вашингтонның өзі де 1787 ж. «саяси бірлестіктер», яғни, «саяси
партиялар – олар тыныштықты бұзушылар, олар
халықтың ішінде іріткі салып, билікке
таласушылар» – деп түсінді.
Ресейдегі ең бірінші партия – Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП)
1898 жылы астыртын түрде ұйымдастырылды. Дегенмен, кейінгі кезеңде жалпы азаматтық,
оның ішінде демократия принциптерінің дамуына байланысты саяси партиялар кеңінен дами
бастады. Қазіргі кезеңдегі саяси партияларға ұқсас біздің уақытымыздағы партиялар Еуропада,
Америкада XVIII ғасырда пайда болған болатын. Не себептен олар XVII,
XVI ғасырларда
немесе одан бұрын қалыптасқан жоқ? Не себептен XVIII ғасырда? Оның себебі XVIII ғасырда
ғана мемлекеттік билікті сайлауға мүмкіндік туып, кейбір мемлекеттерде шексіз монархия