Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия



бет32/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65
Байланысты:
Дәріс БИОХИМИЯ

5. Проферменттер ( латын тілінде –алдыңғы, бұрынғы және фермент деген сөзден шыққан) –ферменттердің активті емес түрі.
Проферменттердің активті түрге айналуын физиологиялық және биохимиялық жағдайлар реттейді.

Ферменттер әсерінің теориясы

Ферменттер химиялық реакцияларды милион есе тіпті одан да көп есе, 10 шамасына дейін тездетеді. Мысалы, уреза ферменті ( рН 8 және 20°С ) несеп нәрі ( мочевина) гидролизін 10 есе тездеті.


Өзінің субстратын тани білуге ферменттің активті орталығында белгілі тәртіппен орналасқан амин қышқылдарының бүйір топтары көмектеседі.Солардың әсерінен активті орталық субстратпен жақындасады да ол екеуі біріне-бірі белгілі ретпен жанасады. Егер субстраттың пішіні сәйкес келсе, ол активті орталықтың қуысына енеді. Э. Фишердің ( 1890) әсерлеп айтуы бойынща, « құлыпқа дәл енетін кілт сияқты », субстратта активті орталыққа « дәл келуі » керек.
Субстраттың фермент бетіне танысып жабысуы электростатиканың тартылыс күші әсерінен іске асады, ал мұндай тартылыс күші сутектік байланыс кезінде немесе өзара гидрофобтық әсер кезінде пайда болады.
Қазір қолданылып жүрген теория бойынша фермент әсері екі стадиядан тұрады. Бірінші стадия кезінде фермент ( Е, enzym – деген сөздің бірінші әріпі) пен субстрат (S) арасында комплекс-фермент-субстрат (ЕS) түзеді.
Ол Михаэли комплексі деп аталады. Мұндай комплекс түзу реакциясықайтымды келеді. Фермент – субстрат активті комплексі активтену энергияны бәсеңдетеді де, реакцияның жүруін жеңілетеді. Субстрат байланысқаннан кейін ол ферменттің шабуылына ұшырайды. Ферментпен байланысқан жеріне субстрат молекуласының электроны бөлініп, өзгеріп орналасады. Мысалы, металл атомдары(Zn, Mn, Fe, Mo) электрондар тартып алады. Бүл байланысты әсерлетеді. Сондықтан өзара байланыс үзіледі де, реакция өнімдері түзіледі. Сөйтіп, реакцияның екінші сатысына фермент-субстрат (ЕS) комплексі ыдырайды да, реакцияның соңғы өнімдері түзіледі де, фермент босап шығады.
Фермент әсері теориясының әріптерімен белгіленуі:

  1. Е + S ↔ Еs

Фермент субстрат Фермент-субстрат комплексі


  1. ЕS → Е + Р1 + Р2

Фермент-субстрат Фермент Pеакция өнімдері.
Комплексі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет