Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Транскрипция деңгейінде реттелу



бет53/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
Байланысты:
Дәріс БИОХИМИЯ

Транскрипция деңгейінде реттелу. ДНҚ хромосоманың ішкі жағында, ал белоктар сыртқы тыс жағында «орама» түрінде орналасқан. Еске түсірейік, белоктар гистон түрінде және қышқыл гистон емес түрде болады. ДНҚ мен белоктардың қосылған комплексі әрекет тұрғысынан активті емес және ДНҚ құрамындағы гендердің көпшілігі басыңқы болады. Болжамға қарағанда гендердің 20 - 30% шамасындайы ғана мРНҚ-ны синтездей алады. Дегенмен, активті гендердің өзі клетка қажетінің өзгеруіне байланысты үзіліспен жұмыс істейді.
Гендердің активтенуі ДНҚ молекуласы учаскесінің белоктан босап шығуына байланысты, осы жағдай мРНҚ транскрипциясына алып келеді. Барлық гормондар дерлік транскрипция жылдамдығын арттырады, яғни мРНҚ мөлшерін арттырады, сөйтіп, белок синтезін ұлғайтады. Мысалы, еркектің жыныс гормоны бұлшық ет белоктарының қалыптасуын, пролактин мен инсулин сүт белоктарының түзілуін қолдайды. Гормондардың ген аппаратына әсері алуан түрлі де күрделі болады. Ол «Гормондар» деген тарауда қарастырылған.
Трансляция деңгейінде реттелу. Трансляция негізгі үш сатыдан тұрады. Олар: инициация, элонгация және терминация. Белок синтезінің реттелуі осы сатылардың әрқайсысының кезінде-ақ орналасады. Мұнда клеткалардың амин қышқылдарымен, әсіресе ауыстырылмайтын амин қышқылдарымен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Белгілі бір амин қышқылы жетіспеген кезде оған сәйкес аминоацил-тРНҚ түзілуі тоқталады, оның салдарынан трансляция тежеледі.
Белок синтезінің әр түрлі тежегіштер не мРНҚ-ның өзіне немесе инициация, элонгация және терминация процестеріне әсер етеді. Бұл жағдайдың салдарынан белок синтезі тежеледі немесе мүлде тоқталып қалады. Мысалы, пуромицин антибиотигі пептид тізбегінің элонгациясын тоқтатады.
Секреторлық белоктар дегеніміз - синтез біткеннен кейін клеткадан шығатын белоктар. Мұндай белоктарға қан белогы, гормондар, сүт белогы және басқалар жатады.
Белок биосинтезінің бастапқы кезеңін тереңдете зерттеу мынаны көрсетті: секреторлық белоктардың түзілуі эндоплазмалық ретикулуммен (ЭР) байланысты рибосомаларда өтеді, ол зат кедір-бұдыр ЭР деп аталады. Ал барлық басқа белоктардың синтезі бос рибосомаларда іске асады. Секреторлық белоктар синтезіндегі айтарлықтай айырма мынадай: мұнда овальбумиіннен өзге, бас кезінде уақытша аминосоңғы пептидтері бар пре-белоктар түрінде түзіледі, олар белгі (сигнал) пептидтері деп аталады. Бұдан кейін белгі пептидтер бөлініп ажырап кетеді де, пре-белок нағыз белокқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет