Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Д витамині (кальциферол, антирахиттік витамин)



бет61/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Д витамині (кальциферол, антирахиттік витамин)

XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру турлы жазған болатын. Бұл аурумен ауырғанардың сүйектері деформацияланатындығы анықталады, кейіннен оның мешел (рахит) ауруы, яғни тағамда Д витаминіжетіспеушілігі саларынан екендігі белгілі боады.


Химиялық табиғаты мен қасиеттері.
Д витамині таза түрінде түссіз кристалды зат, суда ерімейді. Эмпирикалық формуласы – С28Н44О. Химиялық құрылымы жағынан стериндерге жақын.
Күнделікті жиі қолданатын тағамдардың құрамында Д витамині өте аз. Балықтың бауыры мен іш майында, сүтқоректілер мен құс бауырында көп. Жұмыртқаның сары уызында және сүтте де бар. Ананың сүтіндегі бұл витаминнің мөшері, ананың жейтін тағамының құрамына, оның денсаулығына, күн сәулесінің жеткіліктігіне және т.б.жағдайларға байланысты.

  1. құрамында Д витамині бар балық мойына бром мен хлороформ ерітіндісін қосқанда көгілдір-жасыл түске боялады.

  2. Д витамині бар балық майына анилин мен концентрі тұз қышқылы қоспасын қосып қыздырғанда, сұйықтықта қызыл түс пайда болады.


Е витамині (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині)

Е витамині 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен 54% жүгері крахмалы, 18% казеин, 15% шошқа майы, 9% сары май, 4 %тұздың қоспасы және 5 %құрғақ сыра ашытқыларымен қоректендіргенде, олардың ұрықтарының өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеуінен екен. 193 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ά - токоферол (грек тілінде tokos -ұрпақ, phero-алып жүру, жалғастыру деген мағынаны білдірді) деп аталады.



Химиялық табиғаты мен қасиеттері

Е витамині немесе токоферол сары түсті май тәріздес сұйықтық.


Е витамині бауырда, май ұлпаларында, қанның түйіршіктерінде, жұмыртқаның сары уызында көп мөлшерде кездеседі. Адам ағзасына Е витамині негізінен сүт арқылы беріледі, 100 мл сүтте орта есеппен 0,12 мг осы витамин боады.
Бидай дәнінің тұқымынан алынатын май да токоферолға бай келеді, оның 1 мл-де 3 мг витамині бар. Соңғы кездері Е витаминіне бай шырғанақ майын да пайдаланады.Сөйтіп, күнделікті жиі пайдаланылатын тағамдарда Е витамині жеткілікті екен. Әсіресе, ол өсімдік майларында көп. Сондықтан, адам ағзасынд бұл витаминнің жеткіліксіздігі өте сирек кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет