Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Химиялық табиғаты мен биологиялық маңызы



бет58/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65
Химиялық табиғаты мен биологиялық маңызы

В1 витаминінің жалпы формуласы - C12H17N4OSCIHCI Тиаминнің құрамында 2 гетероциклды сақина болады:пирамидин және тиазол. Тиазол молекуласында амин тобы мен күкірттің кездесуіне байланысты тиамин деген атқа ие болады.


Табиғатта таралуы. Тиамин өсімдіктер тектес өнімдер, әсіресе бидай, күріш, қара бидай дәндерінің қауызы,ашытқы оған бай келеді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, сүтте кездеседі. Рационда көмірсулардың мөлшері көбейген сайын ағзаның тиаминге деген Тиаминнің адам ағзасы үшін тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг-нан аспайды қажеттілігі арта түседі.

В2 витамині (рибофлавин)

В2 витаминінің жалпы формуласы-C17H20N4O6. Тамақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиктің күнгірттенуіне (катаракта) әсерін тигізеді.


В2 витамині тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминінің зат алмасудағы маңызы да өте зор.
В2 витамині әсіресе клетканың, яғни ағзаның өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда жетімсіздігі адамдардың, әсіресе балалар бойының өсуі қабілетін де төмендетеді. В2 витаминінің көздің көру процесінде де үлкен мәні бар.Әсіресе,бұл витамин А витаминімен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі түсті айыруына қажет.
В2 витамині сиырдың сүті,жұмыртқа,картоп,капуста,сәбіз,қара нан,бұршақ тағамдарында көп болады.
Рибофлавин картопта,орамжапырақта,қара нанда,ашытқыда,қызанақта сәбізде,жұмыртқада,бауырда,сүтте және сүттен жасалған тағамдарда көп кездеседі. В2 витамині дәрі ретінде де қолданылады. Әсіресе жараның тез жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға әсері үлкен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет