Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия



бет59/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
В2 витаминнің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері (100г, тағамда мг)


Тағамдар
1

В2 витамині
2

Ақірімшік

0,5

Орамжапырақ

0,05

Картоп

0,05

Ашытқы

4,0

Жұмыртқа

0,8

Қара нан

0,2-0,3

Сүт

0,2

Ақ нан

0,05-0,07

Ет, балық

0,1-0,3


Табиғатта таралуы. Рибофлавинді өсімдіктер мен жануарлар синтездеп жасайды. Бұл витаминге әсіресе бай өнімдерге бауыр, ашытқы, бидай, қарабидай, бұршақ тұқымдас өсімдіктер жатады. Ол сүтте, жұмыртқада, бүйректе, болады.
Адамға әр тәулікте қажет мөлшері - 2,0-2,5 мг.

Пантотен қышқылы (В3 витамині)
Бұл витамин 1933 жылдан белгілі бола тұрса да, ол тек бірнеше жыл өткеннен кейін барып кристалдық түрде алынды. Пантотен қышқылы -
пантос қышқылы (ά-, γ-, диокси β, β-диметилмай қышқылы) мен β-аланиннен
түзілген дипептид.
В3 витаминінің жалпы формуласы - C9H17NO5
Авитаминоз. В3-авитаминозына тән құбылыс-жас жануарлардың өсуі
тоқтайды, терісі зақымданады (пигментация бұзылады), шаш (жүн) ағарады, нерв жүйесінің (паралич), асқазан-ішек жолының жұмысы бұзылады. Адамда және жануарларда В3-авитаминозы сирек кездеседі.
Табиғатта таралуы. Пантотен қышқылы өсімдіктерге қарағанда, жануарлар ұлпасында және мүшелерінде көп. Ол қышқылдың бай көздері: балық уылдырығы, балауыз, ашытқы, өсімдіктердің көгі, бауыр. Бұл витаминнің ересек адамға қажет мөлшері тәулігіне 10-15 мг, шөжелердің 1 кг тірі салмағына қажет 1,0-2,5 мг.

РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы)

РР витаминінің аты «Pellagra preventing» (пеллагра ауруына қарсы)-деген ағылшын сөздерінің бас әріптерінен құралған.Тағамда В5 витамині немесе никотинамид болмаса,адамдар пеллагра ауруына шалдығады.Бұл кезде адамның терісі (дерматит),ауыз қуысының кілегейлі қабаты (стоматит),ал тіл (глоссит) сияқты дертпен ауырады.


Химиялық табиғаты мен биологиялық маңызы

В5 витаминінің жалпы формуласы- Никотинамид никатин қышқылының амиді бола тұрып,пиридин қатарындағы қосылыстарға жатады. Никотин қышқылының өзінің де витаминдік активтілік қасиеті бар.


Никотин қышқылы суда нашар ериді де,ал спирт,глицерин мен эфирде жақсы ериді. Жарыққа,тотықтырғыштарға және қыздыруға тұрақты келеді.
Бұл витаминнің қышқылтым дәмі бар,235-236ºС температурада балқып кристалдар түзеді.
В5 витаминнің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері (100 г.тағамда мг.)

Тағамдар
1

РР витамині

Сыра ашытқысы

40,0

Қарақұмық жармасы

4,30

Ақ нан

3,1

Қара нан

0,45

Ас бұршақ

2,1

Ет және балық

2,6

Сұлы жармасы

1,0

Картоп

0,9

Орамжапырақ

0,4

Сүт

0,1

Жұмыртқа

0,2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет