Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия



бет60/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Дәріс БИОХИМИЯ

Табиғатта таралуы.Никотин қышқылы көп мөлшерде жүгерінің және күріштің кебегінде,ірі тартылған ұнда,ашытқыда,картопта,жануарлар бауырында,етте,балықта кездеседі.
Никотин қышқылының бір тәулікте ересек адамға қажетті мөлшері 15-25мг.

Тест сұрақтары
1. [q][+]2:1: Сүйек ұлпасы коллагенінің толық құнды синтезі үшін қажет
[a][+]С витамині
[a]В12 витамині
[a]В15 витамині
[a]К вита мині
[a]Д витамині

2. [q][+]1:1: В12 витамині жеткіліксіздігінен дамиды


[a][+]Мегабластикалық анемия
[a]Қатерлі анемия
[a]Талассемия
[a]Гемоглобинопатия
[a]Пернициоздық анемия

3. [q][+]2:1: Балық майында таза күйінде болады


[a]Эргокальциферол
[a]Ергостерин
[a][+]Холекальциферол
[a]Холестерин
[a]17-дегидрохолестерин

4. [q][+]2:1: Қайсысы тиаминге неғұрлым бай


[a]Бауыр
[a]Бүйрек
[a][+]Ми
[a]Жүрек
[a]Тамақ

5. [q][+]2:1: Авитаминозы кездеспейтін витаминді атаңыз


[a]А
[a]Д
[a][+]Е
[a]F
[a]В

6. [q][+]3:1: Флавин-мононуклеотид коферментінің құрамына кіреді


[a]А вита мині
[a]В6 витамині
[a][+]В2 витамині
[a]К вита мині
[a]В12 витамині

7. [q][+]2:1: Сүтте таза күйінде болатын витамин


[a]В2
[a]В1
[a]В3
[a]В15
[a]В6
Майда еритін витаминдер
А витамині (ретинол,антиксерофталмалық) А витамині химиялық құрылымы тұрғысынан каротинге жақын,1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты.Эмпирикалық формуласы С20Н30О.Ретинолдың химиялық формуласын 1937 жылы швейцар химигі Каррер тапты.
Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор.Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде ағзадағы зат алмасу бұзылады,оның салдарынан өсу кешеуілдеп,салмақ азаяды.Көздің мүйіз қабығы бүлінумен қатар,әлсіз жарық жағдайында дамның көру қабілеті де нашарлайды.Мысалы кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда өте нашар көреді.Оны халық арасында «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері.А витамині сары-сұр түсті кристалдары ине пішіндес,суда ерімейді,ал метил спирті,хлорформ,ацетон,бензин мен петролейн эфирінде жақсы ериді.Оптикалық активтілігі жоқ,жарықтың әсерінен тез бұзылады.Ретинолдың құрамында бос спиртті топ болғандықтан сірке қышқылымен реакцияласып А витаминінің ацетаты-күрделі эфирін түзеді.А витаминінің екі түрі бар:А1 және А2. А1 және А2 витаминдері жануарлар ағзасында болады.Әсіресе,балықтың бауыры,жануарлар бауыры,жұмыртқаның сары уызы,жазда сиыр сүтінен алынған сары май осы витаминдерге бай келеді.Ал етті олар біршама аз. Каротиноидтар сәбізде,өрікте,ақжелкен жапырағында, асқабақта және барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет