Дәріс 1 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары


Дәріс 11  Морфологияны оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата12.02.2023
өлшемі480,04 Kb.
#67287
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
дәрістер жинағы (1)

Дәріс 11 
Морфологияны оқыту әдістемесі 
Морфологияны өткен кезде ең бірінші сез кұрамы, сонымен 
байланысты тубір, түбірлес сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз 
құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. "Сөз кұрамындағы 
бөлшектерін: негізін, түбірін. жалғауын, жұрнагын ажыратып үйренбейінше 
- окушылар сөз таптарын. орфографиялық ережелерді, көп сөздердің 
мағыналарын түсіне алмайды. Онсыз морфологияны оқыту да мүмкін емес. 
Оқушыларға сөздердің құрамындағы негізгі тұбір, туынды түбір, жұрнақ 
(сөз тудырушы) жэне жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мүғалім 
арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырІмалар беріп отырады". 
Жіктік жалғауын еткенде кім деген сұраққа жауап беретін зат 
есімдердің ғана жіктелетініне ерекше назар аудартқан жөн. 
Тәуелдік жалғауын өткенде оңаша тәуелдеу, ортақ тэуелдеуді салыстыра 
түсіндірген тиімСептік жалғауын өткенде жай септеу мен тәуелді 
септеуді мысалдар арқьшы түсіндіріп, септік жалгауын жақсы меңгерген 


оқушының сөйлемді де жақсы талдай алатынын естен шығармаған дұрыс. 
Сонымен бірге жатыс, көмектес септІктерІн өткенде үқсас тұлғалармен 
салыстыра түсіндіріп, олардың орфографиялық жағына көбірек көңіл бөлу 
қажет. 
Түбір, туынды түбірді өткен кезде мысалды бағана түрінде беріп, 
түсіндірген тиімді. Қандай кернекі құрал пайдаланам десе де, мұғалімнің өз еркі. 
Тек алынған немесе жасалынған көрнекі қүрал көрнекілікке қойылатын талапқа 
сай болуы қажет. 
Сөз таптарын түсіндірмес бұрын мұғалім қазақ тілі лексикологиясындағы 
сөздердің негізгі, көмекші жэне одағай сездер болып белінетінен мағлүІмат 
береді. Сөз табының лексика-грамматикалық белгілерін дұрыс аңғарту үшін, 
мұғалім тілдің семантикалык, морфологиялық, синтаксистік принциптерін 
бірдей қамтып отыруы керек. Сондаганаэрсөз табындағы мағына мен форма 
нақты ашылып. сөз табының бөліну принципі дұрыс аңғартылады. Бірақ мұғалім 
бұл үш принциптің барлық сөз таптарына ортақ еместігін де ескергені дұрыс. 
Д.Әлімжанов жалпы морфологияны, оньщ ішінде үстеуді оқыту кезінде 
мұғалім мынандай жүмыстар жүргізуі керек деп есептейді: 
а) үй тапсырмасын тексеру, оған байланысты өткен тақырыпты 
қайталау. 
ә) жаңа тақырыпты мысалдан бастап түсіндіру. 
б) үстеудің мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне қара бөлінетіндігін 
және олардың сұрауларын түсіндіру. 
в) түсіндіруге байланысты алынған тақтадағы кейбір мысалдарды 
оқушылардьщ дәптерлеріне жазғызып қою.
г) оқушылардың меңгере алмай қалған жерлері болса, қайталап 
түсіндіру. 
ғ) тақтаға немесе дэптерлеріне жазғызып, талдау арқылы оқушылардың 
ұғымын байқау және сұрақтар койып, оқушыларға ауызша айтқызу. 
д)карточкамен жұмыстар жүргізу. 
е)дұрыс оқуға уйрететін текстермен жұмыстар жүргізу. 
ж)өздеріне мысалдар ойлату. 
з) шағын диктант ұ_йымдастыру. 
и) түрліше талдау жүмыстарын жүргізу. 
й) сөздікпен жұмыс жүргізу. 
к) кітаппен жұмыс жүргізу. 
қ) өтілген тақырыпты қорыту. 
Әдіскер осылайша саралап бір ұсынады. Сабақты осы 
жүйеде етуді назарынан ешнәрсе тыс қалмаған. 
Әрбір сөз табының заңдылықтарын, олардың грамматикалық 
белгілерін меңгертуді фонетика, лексика, орфографиялардан өтілген білімді 
еске түсіріп, солармен ұштастыра іске асыру керек. ... Соз табының лексика-
грамматикалық белгілерін дұ_рыс аңғарту үшін, мүғалім тілдің 
семантикалық, морфологиялық жэне синтаксистік үш белгісін бірдей 
қарастырады. Осы үш түрлі принципті бірдей қамтып, оларды түгелдей 


ескеріп отырған жағдайда ғана әр сөз табындағы мағына мен форма нақты 
ашылып, сез табының боліну принципі дұрыс аңғартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет