4. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысынан басқа бір
лексикалық мағына пайда болмайды. жаңа бір грамматикалық мағына
туындайды, демек, өзара тіркесіп келіп, өзге бір лексикалық мағынаны
білдіретін фразеологиялық тіркестер (кас қаққанша - тез, лезде; қаны кайпау -
ызалану: ержурек - батыл т.б) сөз тіркесі бола алмайды;
5. Өзіне тән бастапқы мағыналары солгындап, лексикаланып,
синтаксистік қатынасы бұзылып, бір заттың атауына айналып бара жатқан
немесе толық айналған, проф. С.Исаевтың термині бойынша, "атаулық
тіркестер", проф.М.Балақаевтың термині бойынша "номинативті
тіркестер" (ашыц xam, енбек кітапшасы, мал цора, бас бармақ, балалар
бакшасы) сөз тіркесі бола алмайды;
6. Қиыса байланысқан тіркестер
(Мен келдім. Ол барды.) сөз тіркесіне тән
қатынасты емес, предикативтік қатынасты, яғни бастауыш пен баяндауыштың
байланысынан тұратын қатынасты білдіретіндіктен, сөз тіркесінің емес,
сөйлемнің нысанасында қаралады.
Мектеп бағдарламасында қазак тілінің синтаксис саласын өткенде алдымен,
сөз тіркесін, оның зерттеу нысанасын, ішкі құрыльюын, ерекшеліктерін талдап,
онан соң байланысу тэсілдері мен формаларын қарастыру керек. Сөз тіркесі
саласында қарастырылатын эрбір тақырып бірінен-бірі туындап, бірінен-бірі
өрбіп жатуы қажет. Әр такырып өзара тығыз байланыста түсіндірілсе,
окушыларға синтаксис саласын толык меңгеру, дұрыс түсіну. ұғыну оңайға
соғады. Біздің пікірімізше, сөз тіркесін оқыту мынадай бағытта жүргізілсе
дұрыс болар еді:
1. Сөз тіркесі туралы түсінік
2. Сөз тіркесінің құрылысы
3. Сөз тіркесінің байланысу тэсілдері
4. Сөз тіркесінің байланысу формалары
5. Сөз тіркесін топтастыру туралы
6. Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы
7. Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар.
Достарыңызбен бөлісу: