Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік



бет15/19
Дата15.01.2022
өлшемі98,75 Kb.
#24040
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
2. «Миға шабуыл» процесі. Биік нәтижеге жетудің кілті мен алтын ережесі қатысушылардың белсенділігінен туындайтын достық қатынастың қалыптасуы.

«Миға шабуыл» әдісінің кезеңдері:

· мақсатты анықтау (сізді не қызықтырады:көпшілік алдындағы сөздің идеялары ма, әлде белгілі бір мәселені шешу қамтыла ма, әлде тақырып па?...);

· қатысушыларды өз идеяларын айтуға үндеу (көпшілікпен жұмыс жағдайында әр қатысушы кезекпен бір идеядан ұсынуы керек, ал топтық жұмыста әр топтан бірнеше идея қатар ұсынылады);

· әрбір идеяны тақтаға жазып отыру;

· басқалардың идеяларын жетілдіру мақсатында қолдану;

· идеялардың бірін-бірі қайталамайтындай анық әрі дұрыс құрастырылуын, қайталанбауын қадағалау;

· идеяларды жіктеп, жинақтап топтастыру.

«Миға шабуыл» соңында жеке адам немесе топтар айтылған ойлардан жалпы қорытынды жасау үшін процестің нәтижесін қарастырады.

Синектика – қатысушылардың интуитивтік-бейнелі, метафоралық ойлау қабілетіне сүйене отырып жүргізілетін оқу –ізденістік және ұжымдық –шығармашылық тұрғыда әрекет ету әдісі, ұқсас ойлардағы әр қилы элементтерді біріктіру әдісі. Оның ерекшелігі студенттердің өзара өте тығыз байланыс жасауы нәтижесінде ізденіс жұмыстарын бірлесіп жүргізіуінен, эмоциялық-бейнелі, метафоралық ұқсастықтарды бірге талқылап іріктеуінен көрінеді. Тікелей аналогиялар қолданылады, атап айтқанда: бір тектес, ұқсас тапсырмаларды шешудегі жеке және эмпатиялық ұқсастықтар (өзін таныстыру қажет болғанда тапсырма нысанының көзқарасы тұрғысынан талдау жасау, мысалы, ластанған ортадағы өсімдік болып сөйлеу); (тапсырманың мәнін символдар, формулалар, суреттер түрінде бейнелі айшықтау); фантастикалық ұқсастықтар (ұсынылған тапсырманы ертегінің не фантастикалық шығарма кейіпкерлерін қатыстыра отырып шешу) ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет