Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік



бет18/19
Дата15.01.2022
өлшемі98,75 Kb.
#24040
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
4. darister, ok tud n belsendi adisteri

«Әуентерапиясы» термині грек тілінен аударғанда «әуенмен емделу» дегенді білдіреді. Әуенпсихотерапиясы қазіргі қоғамдық өмірдегі күрделі жағдайларда адамның тұлғалық даму процесін жүзеге асыруға қабілетті, әмбебап тәрбие жүйесінің мәртебесінде бекітіліп дамиды. Бұл жердегі мақсат қандай да бір мәселені шешуге мән беруге мүмкіндік беретін нақты эмоционалды, сонымен бірге, эстетикалық бастан кешірулер және жаңа мағынаға жету болып табылады. Әуентерапиясында қосымша таныс алу жаттығуларын, ауторенинг, сурет немесе би тәсілдерін қолданады. Мұндағы мақсат адамды әлеуметік топтарға енгізу, себебі әуенді шығармашылықта тұлғаның бойындағы жоғары тұйықтығын жойып, түрлі коммуникативті дағдыларға жаттықтыруға болады, бұдан басқа мұнда тұлғаның ұстамдылығы және өзін-өзі бақылауы қалыптасады.

Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) - (ағылш. Neuro-linguistic programming) – қандай да бір салада жетістікке жеткен адамдардың сөйлесу формалары, көз және дене қозғалыстары және ес арасында байланыс орнатушы вербальды және вербальды емес мінез-құлқын модельдеу (көшірмелеу) техникасына негізделген психотерапиядағы және практикалық психологиядағы бағыт. НЛБ-ның негізгі мақсаты өз мінез-құлқын терең тану және оны жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ НЛБ түрлі салалардағы адам іс әрекетінің және түрлі мағынадағы алдына қойған міндеттерін жоғары деңгейде жүзеге асыруға қажетті адами қасиеттерді жетілдіруге бағытталған арнайы тәсілдер жүйесін құрайды.

Психодрама (психо... және грек. Drama – іс әрекет)топтық психотерапияның бір түрі; Мұнда қатысушылар актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзінде олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін тұлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталған психотерапия әдісі. Бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып-білу мақсаты көзделеді. Психодрама ұғымын және процедурасын Дж. Морено (АҚШ) ұсынып, оны әлеуметтік проблемаларды шешудің бір құралы деп түсіндірді. Психодрама тұлғаны түзету бағыты ретінде қарастырылады. Ол бұл әдісті әлеуметтік мәселелерді шешу құралы ретінде түсіндірді. Психодраманың мақсаты - адекватты емес күйлерді және эмоционалды реакциялар диагностикасы және терапиясы, оларды шеттету, әлеуметтік қабылдауды, терең өзін-өзі тануды өңдеу.

Проективті сурет -топтық психотерпия әдістерінің бірі. Проективті суреттің негізгі міндеті тұлға проблемасы туралы қосымша ақпарат алу. Проективті сурет адамның айтып жеткізе алмайтын мәселелері мен бастан кешірулерін айқындау және ұғынуға мүмкіндік береді. Сабақ келесі түрде ұйымдастырылады: әр студент қағаз, түрлі түсті борлар (краска, түрлі түсті қарындаштар қолдануға болады) және берілген тақырыпқа сурет салады. Проективті әдісті қолдануда салынған суреттің сапасы үлкен мәнге ие емес. Сурет салуға ұсынылатын тақырыптар жеке сондай-ақ жалпы топтық, түрлі мәселелерге қатысты болуы мүмкін.

Психожаттығуадам психикасының танымдық, сондай-ақ эмоционалды-тұлғалық сферасын, тағы басқа жақтарын түзетуге және дамытуға бағытталған арнайы сабақтар (этюдтер, жаттығулар және ойындар т.б.) курсы. Негізгі мақсаты - қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, өзін және өзгелерді дұрыс түсінуді дамыту, психикалық шиеленісті шешу, әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін мүмкіндік құру болып табылады. Адам құрдастарымен жеңіл қарым-қатынасқа түсе алады, өз сезімдерін жеңіл көрсете алады және басқалардың сезімдерін жеңіл түсіне алады.

Ертегі терапия -бұл адамның ішкі әлемімен жұмыс істеу барысында әсер етудің таңғажайып тәсілі, дамытудың күшті құралы. Біздің ішкі әлеміміз ертегіге ұқсас. Психологтардың ертегіге деген қызығушылығы өте ертеден басталған. Дегенмен, тек соңғы жылдары ғана ертегі терапиясы практикалық психологияның дербес бағыты болды.

Адамға өзіндік дамудың субъектісі болуына мүмкіндік беретін маңызды жағдай өзіндік дамудың белгілі бір деңгейіне жету болып табылады, яғни өз «Менінің» деңгейіне жету, өзінің «Меніне» қарым-қатынас және өзінің «Менін» басқару. Студенттің өзіндік санасының дамуы , ересектер қоятын талаптар жүйесімен (оқу, тәрбие) және өзінің жеке спонтанды белсенділігінің арасындағы сырттай реттеуші қарама-қайшылықты жеңу арқылы жүзеге асады.



Денеге-бағытталған терапия (ДБТ)адам тәнімен бірге өткізілетін, психиканы өзгерту арқылы емдейтін, түрлі теоретикалық және методологиялық амалдарға, тәсілдерге ие психотерапия бағыттарының бірі. Негізгі бағыттары және техникалары: қозғалыс, жақындасу, тыныс алу. Бұл тәсіл адам тәнінде әсерін қалдырған бастан кешірулер мен мәселелерді «жанды тәнмен жұмыс арқылы емдеу». Адамның жан дүниесінде болып жатқан жағдайлар оның тәнінде де өз іздерін қалдырып отырады.

Біздің тәніміз - өзіміз өмір сүретін әлемді қабылдайтын құрал. Тәніміз біздің көзқарасымыздың, ойлау жүйеміздің сыртқы көрінісі немесе ішкі жан дүниеміздің айнадағы сияқты шағылысы, бейнесі. Өмірдің кез келген сәтіндегі адам тәнінің жағдайы – олардың басынан өткерген жеке өзіндік тарихын құрады. Ол тарих – біздің өміріміздің оқиғалары. Мұнымен адам баласы жерге шыр етіп түскен сәттен бастап шұғылданады, біздің өміріміз жайлы барлық ақпараттар бар. Өсе келе, тәжірибе жинақтаймыз, Бірақ, біздің өміріміз өткен өміріміз бен тәжірибелеріміз арқылы құралатынын біле бермейміз. Ол өміріміздің бастауындағы және өткеніміздегі қалыптасқан көзқарасымызды ұстанады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет