Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік


Дәріс 3: Оқытудың белсенді әдістерінің мәні және мағынасы



бет3/19
Дата15.01.2022
өлшемі98,75 Kb.
#24040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
4. darister, ok tud n belsendi adisteri

Дәріс 3: Оқытудың белсенді әдістерінің мәні және мағынасы


  1. Оқытудың белсенді әдістерінің мәні және мағынасы

  2. Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы




  1. Сабақ сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады.

Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Студенттерге білім берумен ғана шектелмейді. Бірге олардың бойында танымдық қызығушылық пен қабілеттің шығармашылық ойлаудың дербес ақыл – ой еңбегімен айналысу шеберлігі мен дағдыларының қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңында білім беру жүйесінің міндеттері баяндалған. Солардың бірі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктер және де тұлғаның қалыптасуына дербес дамуына және кәсіпкерлікті меңгеруіне бағытталған.

Белсенді әдістердің мәні проблеманы шешу процесінде оқушылардың кәсіби іс - әрекет тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік туғызатын тапсырмаларды оқуына байланыста оқытудың белсенді әдістерінің ерекшелігі мынада, ол практикалық білімді меңгеруге мүмкіндік туғызатын практикалық және ойлау іс - әрекеттерін толық мәнде жүргізуге негіз болды.

Қазіргі педагогика оқушылардың шығармашылдық ойлауын дайындауға іс - әрекет қажеттілігі мен шеберлігін тәрбиелеуге дербес ықпалдылық танытуға мүмкіндік туғызатын құралдар мен әдістерге өте бай.

2. Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшеліктері:

- Білімді берік, саналы меңгеруге жеткізетін практикалық және ойлау іс - әрекетінің бірлестігі;

- Танымдық іс -әрекетінің белсенділігі үшін жағдай туғызады;

- Дәлелдік (себептік) дәрежені көрсетеді;

- Таным процесі сезімдік және ақыл – ой нәтижесін береді;

- Таным процесінде жетекшілік етудің әкімшілік стилін теріске шығарып, оқушының студенттермен іскерлік негізіне байланыс орнатуды негіздейді;

- Шығармашылдықтың жоғары деңгейінде дамуын қамтамасыз етеді;

- Оқытудың белсенді әдістерін студенттердің өзін - өзі басқару тәрбиесін жинақтауына әсерін тигізеді.

Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінің әр түрлі кезеңдерінде пайдалануы мүмкін. Білімді тұңғыш игеру кезінде, білімді бекіту және жетілдіру кезінде, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде. Оқытудың меңгерілген әдістерін белсенді және белсенді емес деп бөлуге болмайды. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің алуан түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, оқытушы студенттердің танымдық белсенділігін көтеруге қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет