Империя өнері Ғасырлар кезегі римдік өнердің ең жоғары гүлдену уақыты. Ең маңызды ескерткіштер негізінен б.э. І ғ. екінші жартысында ІІ ғ. бірінші жартысын да құрылды. Империялық стильдің не гіздерін Октавиан Август сала бастады. Оның билігі кезінде жанрлар мен нысандардың айқын мүмкіндіктері із дестірілді, олар әлемнің өзгерген бей несін көрсеткен болатын. Бұл өзгерістер Рим мәдениетінің барлық салалары на, ең алдымен діни дәстүрге әсер етті.
Капитолиялық аналық қасқыр. Мүсін өнері
Бұрыңғыдай ескі римдік құдайларға құрметпен қарады. Олардың саны көп болатын: жоғарғы құдай Юпитер (гректер оны Зевс деп атаған), соғыс құдайы Марс (гректерде — Арес), махаббат құдайы Венера (гректерде — Афродита), шарап ісінің құдайы Вакх (гректерде — Дионис) және т.б. Алайда, империя дәуірінде Шығыс мәдениетіненалынғантүрлітабы нушылықтар, дінимистикалық салтжоралар көбірек ықпалды болды. Осы уақытта Римде христиандық пайда болды, бірақ ол ұзақ уақытқа созылған қуғынсүргін кезеңінен өтуге душар болды. Ресми дін дәріптелген императорға табынушылықты жариялады. Бұл табынушылы қөлген императорларға және олардың әсіресе айрықша құр меттеген, Август деп аталған құдай ларына табынумен үйлесімді болды. Б.э. IV ғ. христиандық жалпы қабылданған дін болды. Пұтқа табынушылық салттар орындауға тыйым салынды римдік дін өзінің өмірін тоқтатты. Октавиан Август билігінің кезеңін, ежелгі тарихшылар Рим мемлекетінің «алтын дәуірі» деп атады. Қалыптасқан «Рим әлемі» өнер мен мәдениеттің кө терілуіне ықпал етті. Грек және эллинист тік әлем мәдениетіне деген қызығушылық тереңдей түсті, ол өзіндік түрленуге ұшырады. Суретшілер классика кезеңін құрудың үлгісі ретінде таңдау жүргізе отырып, грек мұрасына тартыла берді.
Бұл салтанатты ұлылық пен қатал ұстамдылықты үйлестірген архитекту ралық және мүсіндік туындыларға ерек ше әсер қалдырды. Осылайша империя сы басталуының римдік өнерінің ресми стилі б.э.д. IV ғ. үлгілерімен рухтанды рылған «августтық классицизм» құрыл ды. Бұл әсіресе императордың өзінің салтанатты мүсіндерінде көрінді. Август дәуірі атақты римдік мүсіндік пор третінің қалыптасуындағы тарихи кезең. Август мұрагерлері кезінде импери ялық идеяның және республикалық көзқа растардың үндерінің нәзік үйлесімі бұзы лады. Монументалдық құрылыста барған сайын суретшілердің кәсіби талғамы емес, керісінше, тапсырыс беруші импе ратордың бапшыл еркелігі маңызды рөл ойнай бастайды. Кейінгі римдік өнерді алдынала сезінген, салтанатты, тым әшекейленген патша резиденциясының үлгісі Неронның «Алтын үй» вилласы болып табылады Рим орталығындағы үл кен сарай кешені. Нерон билігі аяқталған соң, сарай бұзылды, ал оның қиранды ларында Траянның термдері салынды. Сәулеттің жаңадан көтерілуі Фла виев әулетінің басқару уақытына келеді (Веспасианнан бастап). Бұл дәуірдің римдік сәулетінің шыңдарының бірі — Флавиев амфитеатры, немесе Колизей. Кемелденгенимпериялықөнер дәуірінде римдік сәулет ансамблінде интерьерлер мен ашық бөлмелердің үл кен кеңістіктері шектеулі үйлеседі, ғи мараттардыңәшекейленуіндесурет пен мүсін өнері жиі қолданылады. Сәулет мемориалды ескерткішінің басты түрі триумфалды арка болды. Б.э. І ғ. ортасына қарай сәулет құрылыстардың ұлылығына, байлығы мен салтанатты әсемдігіне ұмтылыс күшейді. Кейінгі империя өнері екі испан императорлардың Траян және оның асырап алған Адрианның (б.э. ІІ ғ.) билігі кезінде шыңына жетті. Адриан ғибадатханалар жобаларын салды(Римдегі Венерамен Рома ғибадатханалары), өлеңдер жазды, гректен шыққан ның барлығына тәнті болды. Оның кезінде «барлық құдайлардың ғибадатханасы» Пантеон салынған (шамамен 125 ж.). Сәулет. Ежелгі римдік сәулетшілердің ең жоғары жетістіктерін империяның гүлдену кезеңіне (б.э.д. I ғасыр дың 20шы жылдары) жатқызуға болады.