Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды – үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді екен деп есептеді.
Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.
Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен ұқсастығы. Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз.
Тақырыптық картина - өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынасын көрсететін қандай да бір шын мәніндегі немесе фантастикалық көріністі бейнелейтін картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрынғы замандардан өз бастауын алады – жартастар мен үңгірлерден алғашқы қауым адамның аң аулау сәтін және басқа да іс-әрекет түрлерін бейнелеген суреттер көптеп табылуда. Ежелгі Египет, Греция мен Рим заманына қабырғаға салынған живописьтің тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.
Бірақ станоктық тақырыптық картина (яғни архитектурамен байланысты емес картина) тек Ренессанс дәуірінде ғана пайда болып, кең өріс алды. Тақырыптық картина даму үстіндегі әрекетті көрсетеді: оған көз тастай отырып, бейнелеген сәтке дейін не болғанын және одан кейін не болатынын көрермен ойша сараптай алады немесе И. Крамской айтқандай, «холсты түсіндіру үшін екіншісінің қажеті жоқ».
Натюрморт та, пейзаж да, портреттер де тақырыптық композицияның құрамдас бөлігі болуы мүмкін.
Тақырыптық картина болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп көрсетеді, оның мүмкіндіктері шексіз әрі әр алуан: ол тым үлкен және өте кішкентай болуы, сан қилы техникалық құралдармен жасалуы, аса ұлы әлемдік оқиғалар туралы тұлғалы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі мүмкін.