Дәріс 3 Шетел бейнелеу өнері
АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМ ӨНЕРІ
Алғашқы қауым өнері деп алғашқы қауымдағы өнерді айтады, яғни Homo sapiens пайда болуынан бастап топтық қоғамның пайда болуына дейінгі кезең. Алғашқы қауым өнері көптеген мыңжыл дықтарды қамтиды: палеолиттің (көне тас ғасыры, б.э.д. 35—10 мың жылдық) ертедегі немесе жоғары кезеңдерін, ме золит дәуірі (орта тас ғасыры, б.э.д. 10— 5 мың жылдық), неолит (жаңа тас ға сыры, б.э.д. 5 — 3 мың жылдық), қола дәуірі (б.э.д. 3 — 2 мың жылдық) және темір дәуірі (б.э.д. 1 мың жылдық). Палеолит кезеңдері археологиялық қазбалардың орындарымен аталды. Адамзаттық даму дәуірлері Жердің әртүрлі орында рында уақыт бойынша сәйкес келмейді.
«Алғашқы қауым өнері» термині оңайлатылған, деңгейі төмен өнер дегенді білдірмейді. Керісінше, ерте азаматтық кезеңде құрылған туындылар тек қанатаңдандырып, тәнті етеді. Осы кезеңде өнердің бүкіл негізгі түрлері: живопись, графика, мүсіндеу, декоративтікқолданбалы өнер, архитектура пайда болды. Бейнелеудің екі басты тәсілі нақты айқындалды: реализм, заттай қолдану және шарттылық, белгіленген мақсат тарға қол жеткізу үшін затты өзгерту. Алғашқы қауым өнерінің пайда болғаны туралы текXIX ғасырдың екінші жартысында, шағын мүсіндер, сүйекте немесе таста, үңгірлердің қабырғаларында жеке суреттер тапқан кезде белгілі бола бастады. Алғашқы қауым өнерінің ескерткіштері (туындылары)жербетінің әртүрлі орындарынан табылды, өйткені палеолит соңында бүкіл құрылықта немесе өмір сүруге жарамды жер телімдеріне адамдар жайғастырылды.
Алғашқы қауым адамдарының ең басты істері жеуге жарамды өсімдіктер жинау, ірі аңдарды – бизон, түкті мүй ізтұмсық, мамонт, үңгір аюлары, жабайы жылқы, бұғы, қабан аулау болды. Палеолит дәуірінің соңында адамдар еңбектің әртекті құралдарын дайын дады, өздеріне үй жасады, сүйектен жасалған инелермен киімдер тікті. Материалдық мәдениеттің кемелденуі біртебірте, кезеңкезеңмен жүрді. Бұл қатынаста жоғары палеолит адамы заманауилық көзқараспен алғанда да мудың қарадүрсін сатысында болды, ал өнердің дамуы мүлде басқаша қадам ба сты – алғашқы қауым адамдары қазіргі уақытта ғажайып жаратылған туынды лар болып саналатын туындылар жасады. Неліктен өнер тым ерте және осындай жетілген нысанда пайда болды? Оның бастапқы даму жолы қандай болды? Қазіргі уақытта біздің алғашқы қа уым өнері деп атайтын өнер адамның бірыңғай өмір тіршілігінің бір бөлігі ретінде пайда болды, ол еңбек пен қарымқатынас, қоршаған ортаны тану мен өзінөзі тану, дуалау әдетғұрпы мен көркем өнеражырамастай бірік тірілді. Алғашқы қауым өнері синкреттік сипатты иеленді – өнер, мифология және дін бірбірінен ажыратылмады. Заманауи түсінігі бар суретшілер, яғни өнерменкәсіпретіндеайналысатын адамдар, әрине,болмады. Суреттерді сол көркем өнерге деген біршама қабілеті бар аңшылардың өздері жасады. Алғашқы қауым өнірініңең маңызды ерекшелігі адамның табиғат күшіне, қоршаған әлемге тәуелділігін бейнелеген аңдарға айрықша қызығушылығынан тұрды. Шынында, адамның образы онда ерекше орынды иеленді, ал соңғы кезеңдерде көп жағдайларда, жетекші орынға жайғасты. Алайда, алғашқы қауым өнерінде адамды толық бейнелеу адамның орталық рөл атқаруы кейінгі дәуірдегі өнермен салыстырғанда ерекше маңызды мәні болмады, ал қалғандардың барлығы қимыләрекет өрбитін аяда қалып қояды.
Сол алғашқы дәуірлерде өнердің көп теген түрлері пайда болып, жетілді, бірақ бейнелеу өнерінің кейбір туын дылары ғана көп мыңжылдықтар ішін де сақталып, осы күнге дейін жетті. Алғашқы қауым өнеріне: барельефті, үңгірлердің қабырғалары мен күмбез інде кон¬турлы және көп түсті сурет тер; тас пұттар, мүсіндер мен бедерлі тақтайлар, гравирленген және көркем суретті бейнелер; үлкен тастардан жа салған алыптас құрылыстар; сүйек пен мүйізден жасалған бедерлі бұйымдар; әртекті түрде көркемделген ыдыстар, әшекейлер және тағы басқалар енгізілді. Бастапқыда таңбалы суреттер, мәселен, алақан ізтаңбалары және «түтік кеспе» шикі балшық немесе тасты қатты ке скіштер бойынша саусақпен жүргізілген, әртекті өрімді сызықтар пайда болды. Мүмкін, адам өзінің қолымен қал дырылған«іздерден»жануарлардың аяқтары мен тырнақтарынан қалған із дердің ұқсастығын көрсе керек, өзінің «іздерімен» аңдарды жеңуге қабілетті екенін таңбалық тұрғыда нақтылағысы келді, сол себепті адам жануарлардың бейнесін жасауды үйренсе де, қолы ның таңбасын қалдыруды тоқтатпады. Аңшылықтың уақыт өте келе дамып жетілуімен жануарлар мен адамдардың пішіндері айқын бейнелене бастады.
Неолит дәуірінде жер кәсібінің пайда болуымен суретті хат жетіле бастаған дықтан, жартастағы бейнелеу өнері жой ыла бастады. Салттықдуалы мәні бар әшекейлі өнер гүлденді, ол заттарды әшекейлеу үшін кеңінен қолданыс тапты. Қола дәуірінде картаны еске түсіретін, жыртылған алқаптарды, жалғыз аяқ жол дарды, үйлерді, мал жайылымдарын ажы ратуға болатын суреттер пайда болды. Жартастағы көркем суреттерден бес негізгі сарынды: адамдардың пішіні, жануарлар, еңбек және қару құралдары, жергілікті суреттер, нышандар мен идеограммалар – қайталанатын таңбаларды (нұсқарлар, таяқшалар, дөңгелектер, ай шықтар, нүктелер және басқалар) бөліп көрсетуге болады. Бұл суреттер тек бояу мен ғана емес, ойылып салынды. Тағы да бір ерекшеліктер қатарын айта кетейік: жеке кескінді бейнелеген суреттер өте си рек кездеседі, өсімдіктер, гүлдер, жемістер мен табиғат көріністері мүлде жоқ. Байы рғы аңшыларда жануарлардың ең сүйікті жұптары салынған суреттер: Еуропада бизон — ат, Африкада пілкерік кездеседі. Кей кезде ашық жарларда немесе киелі үңгірлерде әртүрлі дәуір лердің суреттерін салу болған. Ал кей жерлерде ескі суреттерге әлі де табы нады және «аздап жаңаланып» келеді.
ПАЛЕОЛИТ ДӘУІРІНІҢ ӨНЕРІ
Ең тамаша ашылу 1879 жылы Испанияның солтүстігінде кіру жолы ертедежабылыпқалғанАлътамир үңгірінен табылды. Мұндажануарлардың көптеген түрлітүсті бейнелері табылды. Үңгірдіңзалы280мдейінгі ұзындыққа созылып жатыр. Олардың ішіндегі ең атақтысы – Жануарлар залы. Тірі және өлі бизондардың, өгіздердің, еліктердің, жабайы жылқылардың және қабандардыңбейнелеріқабырғалар мен төбелерге жағалай салынған.Көп жағдайда өлшемі 2,2 м дейін баратын жануарлардыңмүсіндеріжобамен, жалаңашқабырғаға,дөңесжерлерге жосамен, ағаш көмірімен бейнеленген,кей жерлеріойылыпсалынған. Қоңыр және қара түстер алуан түрлі реңктер береді, сонымен қатар, ертедегі суретшілержарықкөлеңкеліүлгілеу пішіндерін арттыруға мүмкіндік беретін жартастың жазықтық бетінің бедерлі шығыңқы жерлерінепті пайдаланған.
Жануарлардыңқозғалысы,олардың терісініңсипаты айрықша дәлмедәл жеткізілген. Өкінішке орай, уақыт өте келе көптеген суреттар қарайып кеткен. Альтамир үңгіріндегі төбеде салынған суреттердіңбірінде бизонның алып бейнесі түсірілген. Бұл 20 мың жылға жуық сурет тек контурлы ғана емес сонымен қоса көлемді болып келеді. Ол айқын, батыл сызықтармен, бояудың ірі дақтарымен үйлесімде орындалған. Бизон өмірінің тұтқыны, оның кернеп тұрған бұлшық еттерінің дірілі, қысқа мықты аяқтарының беріктігі сезіледі, жануардың алға қарай басын иіп, мүйізін қадап ұмтылысқа дайын екендігі байқалады. Жоқ, бұны қарапайым живопись деп атауға болмайды. Мұндай «шынайы шеберлікке» заманауи суретші анималистте қызығушылық танытар еді. Құздағы салынған және ойып өрнектелген аңдардың суреттерімен қатар,
Бизонның бейнесі. Альтамир үңгірінің төбесіндегі өрнек.
Испания
Альтамир үңгірінде адамның денесін қашықтан еске түсіретін көптеген сызбалы суреттер де кездеседі. Тастағы жазулар ғалымдарды қатты таңқалдырды, бастапқыда олар жасанды деп жарияланды: осындай бейнелерді алғашқы қауым адамы салды дегенге ешкім де сенбеді. Алайда, әлемнің әртүрлі елдерінде жазулары бар үңгірлердің ашылуы бірінен соң бірі табылып жатты, сол себепті барлық күмән да жойылды. Әдетте, суреттер үңгірлердің дымқыл, қараңғы түбінен табылып жатты, оларға жету оңай болмады – жіңішке дәліздер мен, құдықтар, жырақтар арқылы өту керек, көбінесе еңбектеп, тіпті жерасты өзен дері мен көлдері арқылы жүзіп өтуге тура келді. Қазіргі кезде Францияның өзінде осындай жүзге жуық үңгірлер табылды, солардың ішінде ең әйгілісі Ласко үңгірі. Біздің елдің аумағында Оңтүстік Оралда Капов үңгірі ерекше танымал, онда 1959 жылы қызыл бояумен орын далған отызға жуық жануарлардың су реттері табылды, өкінішке орай олар дыңкейбіреулерінашарсақталған. Жазулар мен бедерлер ондаған, жүздеген метрлерді немесе қабырғалар мен жартастардың бірнеше шақырымдарын алып жатты. Жануарлар бейнесінің өлшемдері 10 смден бірнеше метрге дей ін өзгереді. Мәселен, Капов үңгірінде 44 смден 1,12 м дейінгі өлшемді мамонттар, аттар, мүйізтұмсықтар кездеседі; Альтамир үңгірінің төбесінде заттай өлшемдегі бизондардың суреті салынған, ал Ласко үңгірінде 46 метрлі өгіздің бейнесі бар. Бейнелер табылған орындар киелі деп саналды, онда аңшылықпен және алғашқы қауымның өмірімен байла нысты дуалы әдетғұрыптар жасалды. Аңшылыққа сәттілік әсер етуі үшін, адам нанымсенімдерге жүгінді. Алғашқы қа уымдағы аңшылар жануарлардың суретін сала отырып, оларды өзіне тарта алаты нына сенді, ал олар аңға қадалған са дақтың суретін салса, аңды өлтіруге жәр демдеседі деп ойлады. Бейнелерді салу алдында күрделі рәсімді әрекеттер жасалды, ол би, ән салу, аспапты музыка, пантомима элементтерімен ұштастырылды. Ерте полиолит дәуіріндегі суреттер шеберлігімен ғана емес, сондайақ орындау еркіндігімен, жануарлардың мінезқұлығын түсіне білумен таңқалдырды. Алғашқы қауым аңшылары үшін жануарлардың қылықтарын білу өмір мен өлім мәселесі болып табылды, осы білімге қарай амандық пен тудың тіршілік етуі тәуелді болды. Сондықтан, аңдардың өміріне терең ену, олармен ойша қосылу тас ғасыры адамының айрықша психологиялық мақамын көрсетті. Өзінің руындағы алғашқы «театр әрекеттері», дуалы ресімдерде, аңдар адамның кескінкелбетімен және керісінше бөлініске түсті. Аңдарды әр түрлі кейіпте, қозғалыста бейнеледі: олар жүріп келе жатыр, шауып келеді, шайқасып жатыр, шөп жеп жатыр. Олардың бастары көбінесе артқа қараған күйінде бейнеленген, ол артынан аңшылар қуып келе жатқандай кейіпті байқатады. Алғашқы қауымдағы адамдар әдетғұрыппен байланысты жазуларда, бедерлерде және нақышталған бейнелерде аңдардың белгілі бір келбеттерін: қорқынышты, сақтықты, қаһар шашуды, қауіпті, таңқалуды, құмарлықты, байсалдылықты, татулықты көрсете білді. Суреттер бір түсті бояумен ғана емес, бірнеше түспен орындалды, ол көлемге ие болды, сонымен реңке көшуге көмектесті. Ғибадатхананың қабырғаларында аңдардың суреттерін салған кезде, адамдар ол жерде басқа да көптеген жануарлардың суреттері салынғанына назар аудармады: ең бастысы аңшылар рәсімді әдетғұрыпты бастар алдында, өзінің суретін салу маңызды еді. Сондықтан, суреттер бірінің үстіне бірі са лынды да, кей кезде мүлде қоюланып кеткендіктен ештеңені айырып тану мүмкін болмады. Мүмкін, осындай бат тастырудың өзіндік бір мәнісі де болған шығар, сиқырланған аңдардың санын арттыруға болады деп үміттенген болар.
Кей кезде аңшылықта өлтірілген не месе жараланған жануарлардың сюжет тері де кездесті. Мәселен, Ласко үңгірінде найза шаншылған бизонның жанында, өлімші болып жараланған жануарды өл тірген аңшы суреттелген. Адам аңға қа рағанда қатты сызбалы түрде бейнелен ген. Бетпішіні ұзын құс тұмсығымен бейнеленген, бұл аңшының бетпердесі болуы мүмкін. Адамның қасында құстың кескінімен әшекейленген найзаметалл жатыр. Алғашқы қауым адамдарының ду алы әдетғұрыптары тек аңдарды жеңуге ғана бағдарланбады, сондайақ жануар ларды көбейтуге де бағытталды. Шынын да,үңгірдегі суреттерде ұрпақ күткен аңдардың суретін бейнелеу жиі кездесті. Бұл суреттерде адами кескінкелбет тердің бұғы, бизон, мамонт, ешкі, әртүрлі құстар секілді аңдармен үйлесімділік те, оғаш салынған суреттердің айрықша тобы пайда болды. Мүмкін, құбыжық – бұл аңның терісін киіп алған адам, не месе ойдан құрастырылған нышандар. Адамның өзі палео¬лит дәуіріндегі өнерде жануарларға қарағанда өте кіш кентай түрде көрсетілген. Көбінесе бұл шағын өлшемді әйелдер мүсіні(2 ден 20 смге дейін), олар «палеолиттік Вене ралар» атауына ие болған. Олар Жерор та теңізінен Байқалға дейінгіәртүрлі орындардан табылды. Көптеген мүсін шелер жалпы түрде жасалған, қолдары мүлде көрінбейді, беткескіндері де ай қын емес, орның орнына бала туу, шыға ру және қоректендіруге қатысты дененің бөліктері ұлғайтылып бейнеленген. Әй елдер сымбатын бұлай түсіндіру олар дың сиқырлы мәнімен ұғындырылады: олар ұрпақ әкелу мәдениетімен, ұрпақты жалғастыру туралы қамқорлықты игер генін, алғашқы қауым қоғамының өсуі, дамуы және жетілуін білдіреді. Мұндай мүсіншелерді шұңқырлардан күтіпбап тап жабылған түрде табылып жатты. Алайда, сол уақыттағы әйелдердің бей нелері осындай әсіреленген образдармен ғана шектеліп қоймады. Табылған әйел мүсіншелерінің арасында әдемі сымбатты әйелдердің мүсіншелері де кездесті. Олардың кейбіреулерінде көздері, аузы, шаштары және басына былғары капю шонды комбинезонды еске түсіретін киімдері де болды. Ең атақтысы Ангара жағалауындағы Буреть көне орыс ауылының маңынан табылған «Былғары комбинезондағы Венера» мүсіншесі еді. Палеолиттік суреттердің көпшілігі ду алау мақсаттары үшін арналған, алайда, ол олардың өнердің ақиқат туындылары болып табылмайды дегенді білдірмейді. Орындау шеберлігі, образдың пластикасы, аңдардың мінезқұлықтық белгілерін таңдау және жиынтықтау қабілеттігі, қи мылқозалысты жеткізе білуі – осының барлығы кейінгі палеолит дәуіріндегі көркемдік шығармашылық туралы ай туға мүмкіншілік береді. Тамақ табу және ұрпақ жалғастыру туралы қамқорлықпен қатар адамдар сол заманның өзінде сұлу лық сезімдерін меңгерген, оны өздерінің тұрмыстіршілігіне, өздерінің кейінгі өміріне енгізуге тырысқан. Еңбек қарулары және қарулану, әртүрлі құралжаб дықтар барлық мүмкін бейнелермен және оюөрнектермен безендірілді, сондайақ бейнелердіңмінезқұлықтарыпішін дерімен үйлесімде қолданылды. Мәселен, найзаларды ұшы әдетте, пішіндермен не месе жануарлардың бастарымен аяқтал ды. Жануарлар түрінде табиғат, аспан мен жер сұрапылдары көрсетіле бастады. Күн мен аспан құстарды, суды кейіптеді, ал жерасты тіршілігін жыландармен байланыстырды. Оюөрнектер адамдардың әлем туралы түсініктерін шартты түрде білдіруге көмектесті. Алғашқы қауым адамдарының өмірінде өздері жасаған әшекейлер: басқа тағатын шеңберлер, алқалар, бай оюөрнектермен безендірілген білезіктер, әртүрлі салпыншақтар ең маңызды орынды иеленді. Әшекейлер үшін көбінесе жануарлардың сүйектері мен тістері, тамаша теңіз қалқандары қолданылды.
МЕЗОЛИТ ДӘУІРІНДЕГІ ӨНЕР
Мезолит дәуірінде бейнелеу өнері мүлде өзгерді. Бұл уақытта жазулар мен иероглифтар, қағидаға сәйкес, ашық жерлерде, жартастарда орындалды. Мұндай орындар Испанияда, Кавказда, Орта Азияда, Африкада 50ге жуық табылды. Пале олит дәуіріне қарағанда айырмашылығы адамдарды және олардың қимыләре кеттерін бейнелеу өте жиі кездесті. Жазбалар көппішінді композицияларды: ресімді әрекеттердің көрінісі, аңшы лар және қаруланған қақтығыстар, аңды қуу, жаңбыр шақыру, теміртерсек жинау және т.б. бейнелеп көрсетеді. Адамдар дың және жануарлардың кескінкелбеттері тұтас мүсіншемен, қызыл немесе қара бояумен берілді, олардың өлшемдері де әртүрлі келді, кейде 75 см дейін жетті. Кейбір композициялардың айтарлықтай үлкен өлшемі болды. Мысалы, Испаниядағы «Үлкен фриз» құрамына жүзге жуық адамдардың және ондаған жануарлардың суреті кіргізілген. Суреттерде, әсіресе, адамның суреттері стильде, сызбалы түрде, кейде таңбаларға үйлесімде бейнеленеді. Бұл қарқындылықты, ырғақты күшейтуге мүмкіндік береді. Жеңіл, ұзартылған садақтар жүгіріп бара жатқан бұғыларды атқылайды, тіршілік үшін жанталасқан бейнелер бірбіріне қарай ұмтылады.
НЕОЛИТ ДӘУІРІНІҢ ӨНЕРІ
Тас ғасырының соңғы неолит дәуірі аңшылықтан мал өсіру және жермен айналысуға біртіндеп көше бастағанын көрсетеді. Адам топырақты күйдіруді үйренді, яғни алғаш рет табиғатта болмаған материал жасап шығарды. Қыш бұйымдарды дайындаудың ерекше маңызды рөлі болды, ол неолит дәуірінде кеңінен тарады. Оны кейде қыш ғасыры деп те атайды. Мал өсіру, теріні өңдеудамыды. Тас құралдарын дайындаукезіндеадамдарсүргілеу ді, егеуді, ажарлауды қолдана бастады. Көркемсуретшығармашылығына әртүрлі табиғат жағдайлары және оларға тән өмір тіршілігі ықпал етті. Өнер естеліктері өткен дәуірмен салыстырған да айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады. Кавказдық петроглифтер(тасқа ойып салынған немесе ажарланған суреттер) адамзат сымбатын өзгеше стилде бейнеледі: қайықтағы адамдар тек сызықтармен белгіленді. Бейнелер сипатының осындай өз герістері алғашқы қауымдық реализмді, Альтамир және Ласко үңгірлерінде та былған жазбаларды жойды, дамудың жалпыға ортақ заңдары пайда болды: айрықша маңыздылары сақталып, ке рексіздері жойыла бастады. Адам ойлауы жақсарды, күрделі құбылыстарды бей нелей алатын болды. Мүмкін, адамдар дың немесе жануарлардың «ұқсас» бей нелеріне илануға келмейтін сенімдер әлсірегендіктен схематизм пайда бол ды, алғы қатарға қарымқатынас, оқиға туралы айта білу шықты. Осыдан пик тография — суретті хат бастау алады. Солтүстік аудандарда олар неолит дәуірінде мезолит пен палеолит дәуіріндегі туындылардың өзіне тән қа сиеттері, көптеген нақыштары табылды. Мәселен, Сібір петроглифтері дәл осы палеолиттік салтдәстүрді жалғастыра ды: мұнда жануарлар, әсіресе бұландар көптеп кездеседі. Олар реалистік тұрғы да, мінезқұлықтық ерекшеліктерін дәл жеткізе отырып орындалған. Адамдардың бейнелері өте сирек кездеседі, және олар тек сызба түрінде ғана бейнелен ген. Көп пішінді көріністер мүлде жоқ.
Сібірде және Оралда айрықша сипатта ие болған ұсақ пластикті туындылар – аюлардың мүсіндері, бұланның басы түріндегі саптар, әртүрлі бойтұмарлар та былды. Бірегей ескерткіштердің бірі суда жүзген құс пішініндегі ағаштан жасалған ожау болып табылады. Ол жертезекте болғандықтан, осы күнге дейін сақталып қалған. Скандинавия, Ақ теңіз жағалауы және Онежский көлі петроглифтері арасында аңыздық сипаты бар күрделі композициялар ерекше көзге түседі. Бұл бұландарды, бұғыларды, ірі балықтарды аулау аңшылығынан көріністер, ескекті қайықтың, шаңғыдағы аңшының бейне лері. Суреттердің Сібірде табылған бей нелерден айырмашылығы сызбалармен салынуы, бірақ олар әртүрлі келеді, көбі қызықты нақты түрде көрініс тапқан. Неолит және одан кейінгі уақыттағы жартастағы өнер ескерткіштері көп жерлерде: Испанияда және Португалияда, Фран ция мен Италияда, Ан¬глия мен Германи яда, Африка мен Австралияда кездеседі. Бейнелер тек жартастарда және үлкен тастарда ғана емес, сондайақ табыт беттерінде орындалды. Суреттер ара сында, адамдар мен жануарлардың, қай ықтар мен доңғалақтар пішіндерімен, жегілген аттар немесе өгіздермен бірге, шеңберлер,шиыршықтар,айшықтар, жартылай ай мен басқа да көптеген ны шандар, таңбалар көп болды. Бұл біз ге адамдарда күрделі мифология мен әртектітабиғаталапаттарынатабы нушылықтың болғаны туралы айтады. Бүкіл әлемге айрықша әйгілі, су реттер мен фототүсірілімдер арқылы жасалған жүздеген түрлітүсті көшір мелерТассилинАджерСахарасының таулы аймақтарының жазбасы пайда билікті пайдалана бастады және айрықша құрметті иеленді: оған құдіретті күшті иеленуші ретінде қарады. Ол қайтыс болған кезде, оның табытын қорғанға көмді.
Кейбір жерлерде, мәселен, Причерно морье даласында қорған астына мола қа сындағы ескерткіштер ретінде антропом орфты стела (солай аталатын тас әйелдер) орнатты. Қорғандар сол дәуірдің ең негіз гі мәдениет көздері және көркемдік құн дылықтарына айналды, мұнда табытпен бірге сан алуан түрлі заттар сақталды. Қорғандардан басқа қола дәуірінің типтік құрылыстарына мегалиттік (ме галит гр. me gas — үлкен және lithos — тас) құрылыстары, дінинаным мәдени етімен тығыз байланыста қолданылды. Мегалиттердің үш түрге: менгирлер, дольме¬ндер және кромлехтер деп бөледі. Менгирлер (бретондықтан men — тас және hir — ұзын) — бұл әртүрлі биіктікте гі (1ден 20 м дейінгі) тік қойылған тастар. Олар кейде жонып тегістелген, бедерлі оюөрнекпен көмкерілген болуы мүмкін, кейде адамның немесе жануардың ба сымен аяқталуы не болмаса тұтас құл пытас мүсіні секілді орындалуы мүмкін. Менгирлер,мегалиттердіңбасқа түрлері сияқты, Еуропаның, Азияның және Африканың байтақ аумағында кез деседі. Оларды әдетте басына, кей кез де олар параллель қатарлармен 23 км (Франция)дейін созылып жатты, кейде жатақтардың орталығы болған. Мүм кін, менгирлер ұрпақ жалғасы ныша ны ретіндегі ұрпақтың нысанын, жай ылымдар мен бұлақ көздерінің күзетшісі немесесәнсалтанаторнынбілдірді. Долъмендер 1 (бретонша tol — үстел және men — тас) — тік тұрған және үсті нен тағы бір тақтамен жабылған ірі тасты тақталардан жасалған құрылыс. Пішіні жағынан олар көпқырлы немесе дома лақ болды. Тақталардың ішкі жазықтық бетіне кейде нышандық таңбалар салын ды. Кей кезде дольменде көлбеу тақтай лардан жасалған дәліздер мен кішкентай менгирлер жасалды.Дольмендер ру мүшелерін жерлейтін орындарға ай налды.Дольмендер Еуропаның, Азия мен Солтүстік Африканың, Кавказда және Қырымда жеке аудандарға тараған. Кромлехтер (бретонша crom — шеңбер және lech — тас) — көненің ең атақты құрылыстары, өзімен қисық тасты тақта лар немесе ірі монолит үстелдерінің шеңбер бойынша немесе тұйықталмаған түрде орналасуын білдіреді. Шеңберлер (концентрлік) саны жағынан көп болуы мүмкін. Кейде бағандар көлденең тасты тақталарменжабылды. Кромлехтер қорған немесе құрбан тастарды айнала орналастырылады. Бұл бізге белгілі алғашқы діни құрылыстар. Сол кездерде кромлехтер көне расытханалар ретінде қолданыл ды. Кромлехтер Еуропада, Азияда, Аф рикада танымал. Англияда қолданылуы осы күнге дейін құпия боп отырған, 600 жуық көне тасты құрылыстар табылған. Англия кромехтерініңішіндегі ең атақтысы Стон¬хендж — блоктар, доңға лақтар әлі ойлап табылмаған заман дағы мегалиттік құрылыс болып келеді. Құрылысшылар тек ең көп қолданылатын құралдарды – ағаш катоктарды және арқандарды пайдалана алған. Стон хендж өзінің дәуірінде өте күрделі техни калық құрылыс болды, өйткені көп тонна тартатын тастардан салынды. Шамамен б.э.д. 1800 ж. Стонхендж бізге бүгінгі күн де әйгілі: ірі сұр құмдақтардан жасалған, тасты тақталармен жабылған заңғар та сты шеңбер көрініске айналды. Бұл шең бердің ішінде үлкен өлшемді үйінділер ден құрылған таға тәрізді пішінді, трилит (екі үлкен тас тігінен қойылады, ал үсті нен жаппа ретінде үшіншісі бекітіледі) деп аталатын құрылыс болды. Үстіңгі бөліктегі үлкен тастардан дөңестер, ал маңдайшасына – тиісті тереңдік жасады. Стонхендж тіршілік еткен уақытта әртүрлі: діни, дуалау, ғылыми, саяси мақсаттарда қызмет атқарды. Бұл алғашқы қауым адамдарының алып күшімен жасалған, ұлы мәдениет ескерткіші еді.
ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ӨНЕР
Біздің дәуірімізге дейінгі соңғы мыңжылдық – алғашқы қауымның тіршілік етуінің аяқталу дәуірі болды. Осы мыңжылдықтың басында адамдар өте берік материалдарды – темір өндіруді үйренді, ол тас және қола дәуіріндегі қа руларды біртіндеп ығыстырып тастады. Қатаңқарақшылықсоғыстар өріс алған бұл кезеңде, әскер қол басшысы және рубилеушілерінің рөлі одан сайын күшейе түсті. Батыс Еуропада алғашқы қауым қоғамының тарихындағы соңғы дәуірінде өзен жағалауына жайғасқан отырықшы егіншілік тайпаның, кельттер мәдениеті пайда болды. Оның дамуын екі кезеңге гальштаттық және латендік (Австрия мен Швейцарияда алғаш табылған жеріне қарай атауы қойылған) деп бөледі. Көзелік шеңберде жасалған галь штаттық керамика айқын және дұрыс кескінімен ерекшеленді. Ыдыстарды оюөрнектермен безендірумен қатар аңдардың және адамдардың суреттерімен де өрнектелді. Адамның бейнелеу өнеріндегі үлкен, ал кейде басымдық жасайтын рөлі темір дәуіріндегі адамдардың әлемді та нудағы жаңа қырларын көрсетеді. Сурет шілер адам өмірінің барлық қырларын айқын көрсетуге тырысты: ситул қабы рғаларында (металл шелектер) ұланасыр тойдың көріністері, музыкалық аспаптар ойнаған мереке, жұдырықтасқан ұрыстар, соғыстар, аңшылық, діни үрдістер, құр бандық шалу рәсімдері ойып салынды. Кельттар шебер балқытушылар, зер герлер болды. Олар тамаша әскери қа рулар және еңбек құралдарын, бай без ендірілген үй жабдықтарын және алуан түрлі әшекейлер: білезіктер, гривналар, фибулалар және танамоншақтар жаса ды. Зиратта табылған заттардың ара сында мәйіт жатқан сауыттың маңында миниатюрлы діни арба болды. Кейде оған кельт мифологиясында үлкен орын алатын құстарды қосты, олар арғы жаға дағы әлеммен өзара жанасып жатты. Б.з.д. 1 мың жылдықта скифтік мәде ниет айрықша рөл атқарды. Кең мағы нада – бұл Солтүстік Қара теңіз жаға лауында, Кубанда, Орта Азияда Алтай және Оңтүстік Сібірде тіршілік еткен көшпенділер және жартылай көшпенді тайпалардың көп жылдар бойғы мәдени еті. Осындай кең байтақ аумақты мекен деген тайпалардың түпкі шығу тегі тура лы бірыңғай пікірлер жоқ. Тек, олардың европалық типке жататыны, ал олардың тілі тілдердің үндіеуропа отбасындағы иран тобына жататыны ғана белгіленді. Б.з.д. V ғасырдың соңында Атей патша скифтерді біріктірді. Атейдің дәуірі – осы халықтың қуаттылығын көтерген ке зең болды. Оның патшалық еткен кезінде Приднепровьеде әскери және сауда ақсүйектері және қолөнершілер: құюшылар, көпестер, зергерлер мен сүйектен ою оятын шеберлер тұрған қала пайда болды. Қорғандар скифтердің өмірімен мәдениеті туралы білуге көмек беретін ең басты ақпарат көздері болып табылады, алайда олардың көпшілігі жерге көмілгеннен кейін басталатын, талантаржыға, тоналуға ұшырады. Скифтердің көркемдік шығармашылығы негізінен декоративтікқолданбалы өнер түрінде көрінді. Олардың өмірінің образы құрылатын туындының сипаты мен белгіленуін айқындады: бұл адамның әшекейлері, қарулары, ат әбзелдері еді. Сондайақ осындай туын дылардың барлығы тек әшекейлеу үшін ғана қызмет еткен жоқ, олардың дуалау рөлі болды, скифтердің дінимифоло гиялықнанымсенімдерінбейнеледі. Айрықша скифтік мәдениеттің ең ашық ерекшелігі аңдар стилі деп аталды. Өткен замандардан айырмашылығы мұнда қабан, арыстан, жолбарыс, бүркіт секілді жыртқыштарды бейнелеуге көп көңіл бөлінеді. Әрине, бұғылар, ешкілер, қошқарлар, қабандар, балықтарың да су реттері жасалды. Скифтік өнерде ең ай рықша көңіл қиялғажайып жануарлар дың образына бөлінді, мәселен, денесі арыстан, басы және қанаты бүркітке ұқ сайтын барақ иттер. Аңдар әдетте, арпалысатын күйде немесе күресуді бейнелейтін канонистік кейіпте көрсетілді.
Шебердің тұтас пішіндерінен басқа кей кезде тек бастарды, тұмсықтар, қарқашықтар, әртүрлі аңдар мен жануарлардың қолдары жасалды.
Аңдар стилінде жасалған туынды ларда нақтылық пен шынайылық дека ративтілікпен, стильдікпен үйлестіріл ді. Скифтік мәдениеттің дами бастаған кезінде (б.з.д. VII—VI ғғ.) жануарлардың бейнесі көбінесе жалпы түрде, бірақ шын мәніндегі заттық түріне жуық болды. Мәселен, Кубандағы Келер месск қорға нынан табылған алтыннан құйылған қабылан. Қалқанның әшекейі қызметін атқарған аңдардың кескінкелбеттері өте мәнерлі, серпінді, әскери кейіпте берілді. Уақыт өте келе скиф өнерінде де коративтік,оюөрнектік,сызбалық стильдер дами түсті. Жануарлардың пішіндері күрделі оюөрнекті мотивтерде жойыла бастады. Бірақ бұл ретте жоғары композициялық шеберлік, мәнерлілік әрқашан сақталып қалады. Аңдар стилінің Алтайлық нұсқасы қиялғажайыптылығымен және арттырылған декоративтілігімен ерекшеленеді, суретшілер негізі жоғарыдағы құдыретті күшпен жасалынған, қарапайым емес аңдарды көрсетуге тырысқан. Мұнда тұмсығында бұғының басын ұстап тұрған барақ иттерді, мүйізді қасқырды, тұмсығы бар тау ешкілерін, тырнақты табаны бар қабандар, бас құсқа ұқсайтын қанатты жолбарыстарды және мүйізді бөкендерді көруге болады. Аңдардың күресу сарыны тайпалардың әскери қақтығыстары түрінде бейнеленген.
Достарыңызбен бөлісу: |