Ежелгі Египет өнерінің гүлденуі б.д.д.3мыңжылдықтан бастап Солтүстік және Оңтүстік патшалықты бірік тірген соңбастау алды. Елдің тағына отырған фараон шексіз билікке ие болды.Ол өзінің құзіреттілігін жоғары абыздың дәрежесімен үйлестірді, өзін Ра күнінің баласы деп жариялады. Ежелгі патшалық өнері– бұл египеттік классика. Оның сипатты нышандары монументалды, салтанаттылық, ырғақтылық және өмірлік шынайылық болып табылды. Жетекші рөлді архитектура өнері ие ленді, ол өлікті жерлеу ресімімен (табыт, пирамида) тығыз байланысты. Скульптуралық портрет те қарқынды дамыды.
Архитектура. Ежелгі Египеттің діни архитектурасының ұзақ жетілуі нәтижесінде монументалды табыт – пирамида түрі қалыптасты, ол жарықтың түсуіне қарай қатаң тұрғыда бағдарланды және Мәңгілікті символмен көрсететін, төрт қырлы тегіс пішіні болды. Мұндай құрылым құдайға қол жеткізуге көмектесетін, аспанға өрлеген баспалдақтар идеясымен кіргізілді. Атақты пирамидалардың саны 90нан асады, өкінішке орай, олардың көпшілігі толықтай бұзылып қалды. Ең жақсы сақталғаны Гиза шөл даласында Каир қаласының маңындағы пирамида ғана. Олардың ішіндегі ең биігі, 45 ғасырдан артық тұрған – Хеопс пирамидасы. Оның қасында Хеопстың ағасы Хефрен пирамидасы тұр. Ол бірнеше метрге төмен салынған. Одан кішкентайы, Хефренның ұлы және мұрагері Микерин пирамидасы. Пирамидалар — жерлеу құрылысы жиынтығының ең бастысы. Пирамидаларда бүкіл египеттік мәдениеттің жаны ғана емес, египеттіктердің табыттағы өмірге және фараондардың құдайылық күшіне сенімі, олардың Ұлылық туралы түсініктерін, астрономиялық танымдарын да көрсете білді. Пирамидалар өзіне құрылыстық техника және аритектура, математика және астрология, жазу, бейнелеу өнері саласындағы египеттік гүлденудің ең үздік жетістіктерін жеткізді.
3 млн жуық тас текшелері (әрқайсысының салмағы екі және одан артық тоннада) таңдап алынған орынға жеткізіліп, 140 м артық биіктікке тамаша үйлесімде жайғастырылған. Тек осындай алып құрылыстардың күрделі құрылыс техникаларынсыз қалай құрылғанын түсіну өте қиын. Осы уақытқа дейін ғалымдар пирамиданың мүмкін құрылысы туралы дауласып келеді.
Джосер пирамидасы. Саккар
Біршама шынайы болжамдар көне грек тарихшысы Геродоттың еңбектеріне сүйенеді, ол пирамиданың құрылысын ғасырлар өткеннен кейінгі әңгімелер негізінде сипаттап берді. Геродоттың айтуынша, пирамиданы сатылармен құрды және кейін тегіс ажарланған тақтайлармен көркемдеді. Алдымен пирамиданың үстіңгі жағы жасалды, кейін төменгі құрылысы, ақырында табаны салынып бітті. Қазір қаптамалар тек Хеопс пирамидасының шыңында ғана сақталған. Пирамидаға кіру орны әдетте, шекараның солтүстік жағында орналасты.
Ол арқылы саркофагтармен табыттағы камераға бастап апаратын дәлізге енеді. Дәліз еденінің көлбеулік бұрышы бұрышына тең болады, одан Полярлық жұлдызды көруге болатын еді. Египет тіктер өлген адамдардың жаны сол жаққа кететіне сенді. Пирамидалар табыт каме расында фараонның мумиясын мәңгілік сақтау үшін құрылды. Египеттіктер фараонды жердің құдайы деп санады және ол өлген соң басына қаншалықты бағалы ескерткіш қойса, қарапайым халыққа, бүкіл елге оның рақымы түсіп, ұдайы желепжебеп отырадымыс. Пирамида қарапайым табыт үстіндегі ескерткіш қана емес, өлген фараонның үйі болып қызмет етті. Табыттағы камераға кәдімгі өмірге қажеттінің барлығын салды. Фа раонды табыттағы өмірге шығарып са латын заттардың көпшілігі алтыннан дайындалды. Сондықтан, көмілгендердің тонауға ұшырауы да таңқалдырмайды.