Дәріс 1 Пәнге кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет13/32
Дата16.06.2022
өлшемі1,53 Mb.
#36939
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Дәріс (2)

Республика дәуірінің өнері
Рим билігінің таралуы арқасында Римге сансыз байлықтар мен өнер туын дылары ағылды. Осының арқасында және басып алынған провинциялардан келген шеберлердің арқасында римдік ғибадат ханалар мен сарайлар мұражайларға ай налды. Алайда римдіктердің өздерімен са лыстырмалы аз ғана туындылар жасалды. Сәулет. Римдіктердің алғашқы ғиба датханаларыолардыңкөршілері,өркениеті жоғары этрусктер тұрғызған болса керек. Республикалық кезеңде Рим сәу летінің негізгі түрлері дамыды. Тұрақты қатал соғыс жағдайында өмірдің қатал қарапайымдылығы инженерлік құрылымдардың конструкциясына әсер етті. Рим архитектурасындағы негізгі функцияларды әдетте қабырға атқарды, көбінесе қомақты бағандарға тірелген арка пайдаланылды. Арқаулы және күм без төбелерге аркадаларға ие көп қабатты құрылымдар салынды. Оларда грек терден қарызға алынған коринфтік ордер және этрусктардан мұраға қалған қатаң тоскандық ордер пайдаланды. Тоскандық ордердің бағанасы дорикалық базаның бо луымен, триглифтікметоптық фриз бен каннелюрдің жоқтығымен ерекшеленеді. Елдің түрлі бөліктерін біріктіретін жолдар маңызды стратегиялық маңызға ие болды. Римге апарған негізгі жолдар дың бірі Апииев жолы (б.э.д. IVIII ғғ.) болды. Таулы суды қалаға дейін жеткізетін мықты көпірлер мен акведуктар салынды. Республика дәуірінде қоғамдық ғимараттың негізгі түрі ғибадатхана болды.
Осы кезеңнен қалған ескерткіштер аз болды. Римнің негізгі ғибадатханасы Капитолий төбесінде салынған (Рим жеті төбеде салынған) Юпитер, Юнона және Минерва үш құдайдың ғибадатханасы болды. Римдік қолбасшылары жеңімпаз шерулер кезінде оған көтерілді. Ғибадат хана сақталмады. Ол этрус үлгісі бойын ша жоспарланды: алдыңғы жағындағы терең портик, басты кіреберіске апара тын биік цоколі және баспалдағы бар. Капитолий барлық императорлар кезін де римдік өмірдің назарында қалды. Бір қасбеттен ғана кіретін дөңгелек және төртбұрышты ғибадатханалар са лынды. Мысалы, Фортуна Вирилис ғи бадатханасы — жергілікті материалдан (сұр травертиннен) салынған кішігірім құрылым. Бұл құрылым псевдоперип тер деп аталатын ғибадатхана түріне жатады. Грек периптері мұнда барлық жағынан ашық терең алдыңғы портикқа және целлаға (ғибадатхана) бөлінеді. Оның қабырғалары конструкциялық маңызы жоқ жартылый бағаналар без ендірді. Төртбұрышты көлем цокольда көтерілген, портик иондық бағаналарды ұстайды. Кіріс үлкен баспалдақпен ерекшеленеді. Бұл жерде этрусск ар хитектурасыныңдәстүрлеріқосылды: кең портик және жоғары цоколь және грек дәстүрлері: ионикалық ордер.
Рим форумы. Римдік өмірде нарық алаңы форум маңызды рөл атқарды. Бастапқыда олар тек саудаласты, содан кейін салтанатты діни шерулер, халық жи налыстарын өткізді, ірі мемлекеттік мәсе лелер шешілді, балаларды оқыта бастады. Республиканың соңғы ғасырларында фо рум толық архитектуралық көріністі алды. Бұл ғибадатханалар, мемлекеттік мұрағат ғимараттары және басқа құрылымдар ан самблі болды. Олардың арасында Веста үй ошағының әйел құдайының ғибадат ханасы ерекше тұрды, онда рим халқы ның өмірін бейнелейтін сөнбейтін от жа нып тұрды. Осында рострлар жеңілген қарсылас кемелердің мұрындары бекітіл ді, осылайша ростральдық бағана атауы шықты. Алаң ескерткіштермен бай безендірілген, сонымен қатар, онда шешен дердің сөйлейтін трибуналары да болды. Форум Романум (Римский) көне шығармашылық мәдениеттің керемет ескерткіші болып табылады. Ғасырлар бойы Рим қаласы сияқты форум бірнеше рет қайта құрылды және қайта жоспар ланған. Қазір одан ғимараттардың ірге тастары ғана қалды. Форумның бастапқы түрін қайта құру елестетуге көмектеседі. П о м п е и. Помпеи Неаполь шыға нағының жағалауында Везувий жанар таудың етегінде орналасқан Италияның оңтүстігіндегі қала. Б.э. 79 жылы 24 тамызда жер қатты дүрсілден дірілдеді жанартау қатты атқылай баста ды. Қалаға күл мен тастар жаңбыры құйылды,лаваақтарылыпшықты. Адамдар күл астында жерленгенге дей ін тұншығып өлген. Көшелер, үйлер және құрылыстар жер бетінен жоғалды.
Қайғылы оқиғадан кейін қаланың бар болуы ұмытылып та кетті. Тек 1748 жылы Помпей қаласының қазба жұмы стары басталды және қираған виллалар, көшелер, форум табылды. Помпейдің және басқа елді мекендердің ашылуы ар хеологиядағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Көне дәуірдің рим мәдени етінің бейнесін толығымен қайта құру мүмкіндігі пайда болды. Сақталып қалғн сурет өнері мен мозаика римдіктердің нанымдары мен күнделікті әдетғұрып тары туралы айтуға мүмкіндік берді. Помпейдің қалпына келтірілген кө шелері қаланың тұрақты жоспарын ұсы нуға көмектесті. Тура көшелер жанартау жынысымен төселіп қалды. Ішкі аулалары (атриялары) мен бақшалары бар кең, сәнді әрленген ғимараттар тығыз бөлме лерге бөлінген, екіүш қабатты қарапай ым үйлермен көрші орналасқан. Пом пейде су құбыры, субұрқақтар және үш қоғамдық монша болды, онда тұрғын дар бос уақыттарын өткізіп, әңгімелесті. Римдіктердің үй құдайлары — лар лар болды, олар әр отбасының атаба баларының рухы деп саналды, ал пенаттар1 — қоймаларды қорғаған рухтар болды. Үй құдайларына табыну үшін, ежелгі римдіктер үйдің ішінде және бақшасындакішігірімғибадатхана лар салған. Кейде бұл қарапайым та уашалар,кейдеқұрбандықтарғаар налған шағын ғибадатханалар болды. Сол уақыттың қоғамдық және жеке өмірі туралы танып білуге граффити—сыланған қабырғалардағы жазулар көмектеседі. Помпейліктер театр қойлымдарын және басқа да керемет ойынсауықтарды жақсы көреді. Қалада гладиаторлық жекпежектер өткізетін кең (20 мың адамға арналған) амфитеатр болды, бірбірінен алыс емес жерде екі театр болды: үлкен және кіші. Олардың екеуі де ежелгі грек театрларын жоспарлау принципіне негізделген, онда тастан жасалған орындықтар қатарлары тө бенің табиғи беткейлерде орналасқан. Помпейдің басты форумы қала ның өмірі шоғырланған үлкен төртбұрышты алаң екі қабатты колон надамен қоршалған. Мұнда тек жаяу жүргіншілерге жол берілді: Колесница лар мен арбаларға жол тігінен орнала стырылған үш тас блокпен жабылды. Форумда Исиданың ғибадатханасы, Аполлон мен Юпитердің ғибадатханалары орналасқан. Оның айналасында құдайлардың, императорлардың, қолбасшылардың құрметіне салынған шамамен 40 мүсін тұрды. Император Август барлық маңызды қоғамдық жер лер осындай мүсіндермен безендірілу керек деп шешті. Әрине, оның өзінің де мүсіні атақты алғы басарлар мен атабабаларымен бірге өрбуі тиіс еді. Ежелгіқұрылымдардансақта лып қалған, қазір ақ түсті сылақ неме се мәрмәр беттердің көбі бастапқыда қызыл, сары, жасыл түстерге боялған еді; әшекей элементтерінің қара суреті олардың фонында жақсы көрінді.
Форумды қоршаған ғимараттардың ішінде ең маңыздысы діни ғимараттар болды. Форум енді ғана салына бастағанда, сәулетшілер оның батыс шекарасы ретінде Аполлон ғибадатханасының бүйір жағын анықтады. Қысқалау солтүстік жағынан Юпитердің таңғажайыпғибадатханасытұрды. Сурет өнері. Римдік фресканың негізгі ерекшеліктерімен помпейлік су реттердің мысалынан танысуға болады. Римдіктер бай тұрғын үйлер мен виллалардың қасбеттері мен интерьерлерін безендіру үшін суреттерді қолданды. Хронологиялық түрде төрт помпейлік стильдер бөлінеді: біріншісі — инкру стациялық (б.э.д. II — I ғ. басы); екіншісі — сәулетперспективалық (б.э.д. 80— 30 жж.); үшіншісі — оюлы (б.э. I ғ. бірін ші жартысы); төртінші стиль — фанта зиялық (б.э. I ғ. екінші жартысы). Бұл стильдер XIX ғ. соңында сипатталды. Бірінші және екінші стильдер Рим республикасы дәуірінде дамыған. Алғашқы, инкрустациялық стиль түр літүсті мәрмәрден тас қабырғалар салуды ұқсатқан. Осы стильдегі сурет тердің түстері реңкінің тереңдігі мен тазалығыменерекшеленді.Негізінен қарақызыл, сары, қара және ақ түстер басым болды. Инкрустациялық стиль де Фавна атақты үйдің суреттері жасалған. Суреттердің бұл түрін римдік шеберлер гректерден қарызғаалған. Екінші, сәулетперспективалық стильдің суреттері бірінші жазық суреттерген қарағанда көлемді болды. Оларға тән сипаттама архитектуралық құрылымдар мен адамдар бейнелерін қосатын, бақтың немесе қаланың пей заждарының бейнелері болып табылады. Суретшілер бүкіл қабырғаға колоннада ларды, әртүрлі портиктерді, ернеулерді, қасбеттерді, араларды және басқа да сәулет элементтерін сала алды, оларды иллюзорлық дәлдікпен көрсете алды. Олар қабырғаның ортаңғы бөлігіне ор наластырылды, және жарық пен көлең келерді қолдану арқылы перспективада жасалған, осылайша кеңістікті кеңейткен сияқты болды. Қабырғалардың ортасын да көп жағдайда көлемі бойынша үл кен көп фигуралы сценалар бейнеленді, олардың тақырыптары негізінен мифтік сюжеттер болды, алайда жанрлықтұрмыстық композициялар да болды, олар әдетте б.э.д. IV ғ. грек суретшілерінің туындыларының көшірмелері болатын. Көне қабырға суреттерін дамытуда маңызды рөл атқарған Мистерий вил ласының фрескалары ерекше шығармашылық маңыздылығымен атап өтілді. Осы кең вилланың бөлмелерінің бірінде қабырғалар толығымен фрескалық суретпен жабылған. Қабырғалардағы композиция Диониске табынушылықпен байланысты құпиялылық сценаларын бейнелейді. Жиырма тоғыз фигура то лық дерлік бойымен салынып, бірге топ тастырылған. 

йқын силуэттер ашық қызыл фонда тұр. Қабырғалардың қы зыл түсі салттық бөлмені мистикалық отпен толтыратындай (түс.қос.қараңыз). Иіліп тұрған қыздың үстінен қамшы сермеген қанатты әйел құдайдың суреті ерекше көркем бейнеленген. Сол топ та ашық алтын көрпеге оралған, билеп тұрған жас вакханка фигурасы ерекше бөлінеді. Фресканың колоритін сары, жа сыл, қызылкүрең, ақшыл күлгін және қаракүлгін түстердің үйлесімді комби нациясы құрайды. Композиция айқын силуэттердің өзара әрекеттесуіне негізделген. Кеңістіктік элементтер қабырғаның жазықтығына байланысты болды. Помпейлік фрескалардың құрамына жеке жанр ретінде бөлінетін натюрморт тар кіреді. Мысалы, Геркуланумдағы үй дің қабырғасында салынған натюрмортта сауытта шебер көркемделген дақтардың көмегімен әйнектің нәзіктігі мен мөлдір лігі әдемі түрде жеткізілген. Фреска ер кін және кең жағындылармен салынған. Үшінші және төртінші стильдер импе раторлық Рим дәуірінде құрылды және біз олар туралы кейін айтатын боламыз. Помпейлік суреттер батыс еуропалық сурет өнерінің дамуына айтарлықтай әсер етті. Мүсін өнері. Рим символы көне уақыттарда болжалды түрде этрусктар мен жасалған Капитолий ұрғашы қасқыр мүсіні болып саналады. Ұғашы қасқыр ақсиған ауызбен, тікірейген құлақша лармен, шымыр жиырылған аяқтарымен, тартылған бүйірлерімен және шығыңқы қабырғаларымен бейнеленген. Осындай шынайы бейнелеу жеке бөліктердің әше кейленуімен сәтті үйлескен. Мысалы, жы ртқыштың мойнындағы және арқасындағы жүннің бұйралары оюға ұқсайды.


Одан кейінгі кезеңде ұрғашы қасқырға Ромул және Рем атты ұлдардың бейнелері қосылды. Аңыз бойынша, оларды ұрғашы қасқыр құтқарды және өсірді. Мүсін Рим дегі Капитолий төбесіндегі мұражайда сақталған, оның аты осымен түсіндіріледі. Рим өнерінің жетістіктерінің бірі мүсіндік портрет болды. Атабабалары мыздың қалыптасқан табынушылық қа сиеттеріне сәйкес, мәртебелі римдіктер марқұмның басының мүсіндік бейнесіне тапсырыс берген және оны үйлерінде гі арнайы шкафтарда сақтаған. Мүсін дер саздан, ағаштан, жеңіл тастан, си рек қоладан жасалған. Б.э.д. II ғасырдың аяғынан бастап Римде қаза тапқан адам нан маска алу әдеті пайда болды, оның әлпетін дәл жеткізетін құйма жасалды. Бұл әдетғұрыпты римдіктер Греки ядан алды, онда ол эллинизм дәуірінде таралды. Бірақ грек мүсіншінің маскала ры портрет жасау кезінде қолданылатын көмекші құрал ғана болды. Мәрмәр неме се қоладан портрет жасаумен айналысқан римдік шеберлер болса, құйманы дәл қол данды, беттің тіпті барлық, тіпті ең ұсақ ерекшеліктерін сақтады. Мерекелік ше рулерде римдіктер өздерінің асыл тұқы мының белгісі ретінде өздерінің атаба баларының портреттерін алып жүрді. Республикалық кезең үшін көрнекті қоғам қайраткерлерінің кішкентай мүсін дері тән. Б.э.д. І ғ. екінші жартысында пор треттік бейнелер жарқын көрініске жетеді. Осылайша, Юлий Цезарьдің портреті жанның қозғалысын жеткізеді: Цезарь сұраулы, сөгісті көзқараспен қарап тұр. Қоғамдық өмірдің дамуымен қатар, мемлекет қайраткерінің және заң шыға рушыныңмаңыздылығыныңөсуімен қатар Римде құрметті мүсіндер пай да болады (мысалы, б.э.д. шамамен Х ғ. «Август в тоге главы коллегии понти факов»). Бұл жағдайда фигуралар кең плащтогаға оралған түрде бейнеленген. Республикалық кезеңдегі римдік мүсіндік портретінде барлық батыс еуропалық портрет өнерінің даму негіздері қаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет